Сәрсенбі, 23 Қыркүйек 2026
2063 0 пікір 20 Маусым, 2022 сағат 14:41

Спорт секциялары мен үйірмелерге 4,5 млрд теңге бөлінеді

Бүгінде Алматы қаласы бойынша 44 мыңнан астам бала 594 спорт секциясына тегін қатысады. Ал 1 179 шығармашылық үйірмеге бір уақытта 56 мың бала барады екен. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәслихат отырысы кезінде айтты.

«Бұл бастаманы алматылықтар жақсы бағалап отырғанын айта кету қажет. Өтініш өте көп. Бұл 2,6 млрд теңге сомасына кредиттік берешектің қалыптасуына себеп болды (1,7 млрд тг. – спорт,900 млн. тг. - мәдениет). Осыған байланысты, Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында біз қосымша 4,5 млрд теңге қарастырып отырмыз. Оның 3 млрд теңгесі спорт секцияларына және 1,5 млрд теңгесі шығармашылық үйірмелерге бөлінеді», - деді қала әкімі.

Бұл ретте, ARTSPORTEDU.KZ бағдарламасының өзінде балалардың, өнім берушілердің деректерін тексеруге, мемлекеттік органдардың деректер базасымен толық интеграцияның  болмауына байланысты проблемалар бар.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1411
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2989
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1057
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 992