Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 826 0 пікір 15 Маусым, 2022 сағат 12:25

Алматыда жас архившілердің жазғы мектебі басталды

Қазақстан үшін маңызды саланың бірі ол тарих. Ұзақ жылдар бойы КСРО құрамында болып, ұлттық тарихты зерттеу мен зерделеуден кенде қалдық. Кеңес билігі ұлттық тарихты зерттеуге тыйым салып, құжаттың барлығын архивке тығып, кіруге тыйым салынды. Шаң басқан архив сөрелерінде ұлттың тарихы да шаң жұтып жатты. Бірақ ол кезең келмеске кетті. Енді біз өз тарихымызды зерттеуді жүйелі жүзеге асырудамыз. Соның басым бағытының бірі архившілерді дайындау, олардың біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасуды көбейту. 

Алматыда жас архившілердің V халықаралық жазғы мектебі басталды. Іс-шара ҚР Президенті архивінің базасы негізінде өткізіліп жатыр.

Оған Әзірбайжан, Ресей мен Армения және көршілес мемлекеттердің 300-ден аса жас мұрағатшы қатысады. Бағдарламаға сәйкес шеберлік сабақтары 17 маусымға дейін жалғасады.

«Шараның мақсаты – архив саласындағы жас мамандардың біліктілігін арттыру. Оларды жаңа заманауи технологиялар мен архив саласындағы жаңа әдістермен таныстыру. Сондай-ақ халықаралық қатынастарды дамыту болып табылады», – деді ҚР Президенті архиві оқу-әдістемелік орталығының басшысы Мұхаммед Жылгелдинов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475