Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3704 0 пікір 28 Қараша, 2012 сағат 10:06

Бұқарбай Бейсен: Қытай көршілеріне қырын қарай бастады

Ши Жинпиң Қытай компартиясының тізгінін қолына алғалы айға жақындады.  Қазірше елеулі реформаның иісі сезілмейді.  Деседе жуықтан бері көршілерімен жер таласына мықтап кіріскен қытай онсызда құрдымға кетіп бара жатқан экономикасын дұрыстауға асығар емес. Батыс елдерінде әсіресе қазіргі дамушы елдерде халықтың назарын басқа бір нәрсеге аудару арқылы тыныштандыратын тәсіл бар. Мүмкін қытай сол парақорлық пен экономикалық құлдыраудың салмағын сезіне бастаған халықтың назарын енді «Жер таласына»  аудару арқылы орнықтылыққа қол жеткізбек пе?

Күні кеше ғана Жапониямен аралға таласқан қытай мәселені шешіп болмай жатып тағы Филиппин, Вьетнам, Индия, Пәкістан, Индонезия, Тайван қатарлы елдердің наразылығына ұшырады. Тіпті Вьетнамға  қытайдың жаңа төлқұжатындағы қытай картасына байланысты виза беруді тоқтатты.  Қытайдың Ресеймен, Мұңғұлямен белгілі дәрежеде жер таласы бар екенін ескерсек, жан-жағын қоршаған көршілерімен бұлайша жауласуы өздеріне пайда әкеле қоймас. Немесе олар басқа елдерді де кешегі жерін бере салып қарап отыратын қырғыз сияқты көре ме екен?!

Дерек: Қытайдың Индонезия мен Филиппин арасында теңіз қарастылығы мен Шиша топ аралдарынына  байланысты дауылы жерлері бер. Вьетнаммен арада жер дауы барған сайын өршіп барады.  Сондай-ақ Индия мен Тибет автономиялы окургіне шекаралас жерлерде және Кашмир өлкесіне қарасты шекарада да дауы бар. Бұл тіпті Пәкістан мемлекетін де қалыс қалдырмайтын мәселе. Ал Ресей мен Қазақстанға әзірше ештеңе демегенімен, 1969 жылғы «Жалаңашкөл оқиғасы» мен Уссури жақтағы қарулы қақтығысты ешкім ұмыта қойған жоқ.    Мұңғұл елімен де белгілі даулы жерлерді әзірше айтпағанымен бір күні оқулықтарына кіргізе қоюы мүмкін. Тіпті мұңғұляны қытай территорясы санайтыны тағы бар.  Міне, бұған Жапония мен Таиваньды қосыңыз.

Қысқасы, қолына көк тиын түссе шет ел асуды армандайтын қытайлардың енді көршілермен алакөздене бастауы нені білдіреді? Немесе қытайдың жаңа төлқұжаттағы картасы нені түсіндіреді?

Біріншіден, бұл зор қытайшылдық саясаттың шектен шыға бастағанын аңғартады.  «Қарға жемтік жеседе қанаты бар» демекші, өздерін зор санайтын қызыл қытайлар соңғы 2000-2008 жылдардағы экономикалық өсімнің буымен бұрынғы құлданған тарихын ұмытып кетті. Тіпті ұлттық аймақтарды жедел қытайландыру саясатына кірісіт. Онсызда діні тосқауыл бола алмайтын мұңғұл сыяқты ұлттар бірден  қытайдың құшағына құлады да, ал діні мен ділі басқа ұлттар әзірше әупіріммен тұр. Алла сақтасын деп тырмысып жатқандарымен алпауыт қытайдың арбауына қашанға дейін шыдары белгісіз.  Біз қазақтар қытайдағы туыстарымыздың қамын ойлап қиналып жүрміз, ал, мұңғұлиядағы мұңғұлдарға бәрі бір екен. Олардың сөзімен айтсақ, қытайдағылар мұңғұл текті халықтар ғана. Ал  ресейдегілер мұңғұл емес, қалмақтар саналады екен.Осылайша 7 миллионға таяу мұңғұл өзге елдерге  сіңіп барады. Оның есесіне оңтүстік қытайдағы қытайлардың өздерін қытай санамайтын ауырулары асқына бастаған. Тіпті олардың  өз тілдері мен автономияларын құрғысы келетіні анда-мұнда көрініс беріп қалады. Міне, бұл қытайдың ішкі жауларының да бас көтере  бастағанын білдірсе керек.

Екіншіден, қытай кез келген таластағы бар шекаралық аймақтарды тек өздері иеленгісі келеді. Басқалардың дәлел-пактілеріне көңіл аудармайды. Қытайдың осынысы көрші елдердің зығырданын қайнатуда.

Үшіншіден, қытай нақты күшіне емес, сезіміне сенетін ел. Тағы бір ескеретін мәселе қытай тарихты осы құлданған қытайдың рухын көтеру үшін жаңадан  жасап идеялогиялық саясатты барынша күшейтті. Міне сол тәрбимен жетілген ұрпақ тарих саханасына шықты.  Қазір жас қытайлар өздерін Жапонияның басқыншылығынан құтқарған Кеңес одағы мен АҚШ екенін білмейді. Қытайда кез келген жерде қытайдың құлдық тарихы айтылмайды немесе оны бұрмалап көрсетеді. Анау аяқтарын ши аяқ етіп, бастарына айдар қойдырған шүршіт билігін қытай билігі етіп көрсетеді.

Енді мына сауалға келейік: қытай жер дауынан ұта ма,  ұтыла ма?

Қытай жер дауынан ұтылады. Себебі:

Біріншіден, Қытай ашық соғысқа бара алмайды.   Ал, ашық соғысқаннан гөрі елдерді бір-біріне айдап салып, жымысқылықпен басып алатын заман келмеске кеткен. Оның үстіне қытайдың вьетнам соғысында, кеңес одағымен қақтығыста тұмысығы тасқа тиіп, беті қайтқан. Соғысты қытай халқы психологиалық жақтан да, экономикалық жақтан да көтере алмайды.

Екіншіден, қытай тосын сезімін жаңа төлқұжатында бейнелеп көрші елдерінің ашуын тудырды. Онсызда қытайға жау көзбен қарайтын ел енді қытайға қарсы мықтап  дайындала бастайды. Қытайдан басқа шығар жол іздеп, иммунитет жинайды. Осылайша қытай экономикасы мен саясатынан оқшаулау  позициясы қалыптасады. Қытай экономикалық жақтан біртіндеп осы оқшаулаудың кесірінен белгілі дәрежеде кері шегінеді.

Үшіншіден, қытайға көрші елдерде қытайға қарсы қарсылық және бәсекелестік пайда болады, дамиды және өзара бір-бірімен бірігіп, топтаса бастайды. Міне бұл қытай базарын таратып, онсызда құлауға дайын қытай экономикасына ауыр қысым түсіреді. Оның үстіне қытай билігінде белең алған мафия мен жемқорлық, ымырашылдық пен жағымпаздық онан арман асқынады. Міне бұл қытай билігінің салиқалы саясат жасауына кедергі болады. Онсызда ішер ас пен жатар орынды отан ретінде танитын қытайлар үшін бұл керістің берері шамалы.   Тек халық назарын  талас-тартыстарға аудару ғана болмақ.

Қысқартып айтқанда, қытай бұрынғы аңдып басып, қамтып қалатын  саясатынан ауытқи бастады. Енді тек қарынды тойдырып, атағын аспандатар. Бірақ дауды да жауды да көбейтіп алғаны өзіне сор. Ал біз қазақтар үшін аңдып жатып атып алар олжа болса болды. Алла сәтін салсын деп тілейміз!

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3221
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5274