Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4115 3 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 14:52

Азамат Батырбаев 4,5 жылға сотталды

Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін қиратты деп айыпталған Азамат Батырбаев 4 жарым жылға шартты түрде сотталды.

"Тергеу материалдары мен сотталушының өз кінәсін мойындағаны туралы процессуалдық келісім сотқа түсті. Сот шешімімен ол шартты түрде 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Осы мерзімде сотталушыға пробациялық бақылау жасалады", - деп хабарлады Талдықорған қалалық соты.

Жетісу облысының тұрғыны Азамат Батырбаев Талдықорғанда болған тәртіпсіздіктерге қатысты деп тергеуге алынған болатын.

Кейіннен тергеу кезінде оны полицияның азаптағаны белгілі болды. Құқық қорғау қызметкерлері оның денесіне үтік басып, аяусыз ұрып-соққан. Осыған байланысты Батырбаевты азаптау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, наурыз айында полиция қызметкерінің бірі ұсталды.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1062
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2611
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 704