Сенбі, 3 Қазан 2026
Жаңалықтар 3415 3 пікір 15 Шілде, 2022 сағат 22:58

ІІМ: Мал ұрлығын азайту үшін жергілікті билік және халықпен ынтымақтастық қажет

ҚР Қылмыстық кодексі «Мал ұрлығы» бабымен толықтырылды (188-1-бап). Ол оң нәтижесін көрсетті. Соңғы үш жылда мал ұрлығы екі есе азайды (4718-ден 2240-қа дейін). Бұл – құқықтық мемлекет тәжірибесі. Бұл туралы ІІМ хабарлайды.

Алайда ұрланған малдың саны алаңдатарлық жағдай болып отыр.

Жыл басынан бері Алматы облысында 800-ден астам, Ақмола және Жамбыл облыстарында 500-ден астам, ал Түркістан облысында 400-ге жуық мал ұрланған. Талдау көрсеткендей, ұрланған мал еті сатылатын негізгі орындар Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары болып табылады.

Қолды болған малдың 70%-ы қараусыз қалған. Бұл – жол қозғалысына қауіп, қылмыскер үшін оңай олжа. Сондықтан жергілікті халықпен және әкімдіктермен тығыз ынтымақтастық орнату қажет.

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 490
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 733