Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4241 0 пікір 29 Қараша, 2012 сағат 10:47

Украина. Голодомор (деректі фильм)

 

Төмендегі деректі фильм - Украинадағы советтер өкіметі қолдан жасаған ашаршылық жайлы жан-жақты баяндайды. Деректі киноны Грузияның «Пик» телеарнасы түсірген.

 

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

 

Төмендегі деректі фильм - Украинадағы советтер өкіметі қолдан жасаған ашаршылық жайлы жан-жақты баяндайды. Деректі киноны Грузияның «Пик» телеарнасы түсірген.

 

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" height="315" width="560">

Қанқұйлы қызылдар өкіметінің тұсында қасақана қолдан ұйымдыстарылған ашарлықтың шеңгеліне қазақ халқы да тап болып еді. 1992 жылы осы мәселені арнайы зерттеген Қазақстан Республика Жоғарғы Кеңесі Төралқасының комиссиясы өзінің қорытындысында: «Қазақ елі аштықтан және соған байланысты індеттерден, сондай-ақ табиғи өлім деңгейінің үнемі жоғары болуынан 2 млн. 200 мың адамнан, яғни барлық Қазақ халқының 48 процентінен айырылды. Ашаршылықтан Қазақстанда қазақтардың үштен бірі ғана қалды. Негізінен жас балалар мен Әйелдер қырылғандықтан оның демогр. зардабы ауыр болды. Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні саяси бүркемеленгенімен бұл ашаршылық «қызыл қырғын», «голощекиндік геноцид» деген тарихи атқа ие болды. Голощекиндік геноцидтің Қазақ халқына алып келген шығыны әлем тарихында (процент есебімен) гитлершілдердің Еуропадағы еврейлерге жасаған сойқанымен пара-пар келіп, Кампучиядағы «қызыл кхмерлер» зардабынан асып түседі. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі болып саналады», деген болатын.

Дәл осындай зұлматты Украин халқы да бастан кешірді. Украина Тәуелсіздік алғаннан бері «Голодомор» мәселесін халықаралық дәрежеде көтеріп, оған әлем елдерінің назарын аударып жатыр. Тіпті, большевиктер өкіметінің тікелей мұрагері Ресейден өтемақыда талап етпек ниеттері бар екендерін білдірген.

Ал, біз... Астанада бір ескерткіш аштық. Алматыдағы ескерткіш қойылады деген жерде биліктің уәдесі жазылған қара тас қана тұр. Бар атқарған шаруамыздың бас-аяғы осы. Десекте, азаматтық қоғам тарапынан серпіліс байқалады. Оған нақты дәлел мынау:

Бас редакторлар мен журналистердің назарына!

6 желтоқсан күні Алматы қаласында «1931-33 жылдардағы Қазақстандағы аштық: себебі мен салдары» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

Конференцияда Қайдар Алдажұманов, Талас Омарбеков, Мәмбет Қойгелдиев Әзімбай Ғали сынды ғалымдармен қатар жазушы Смағұл Елубай, Бейбіт Қойшыбай бастаған ұлт жанашырлары баяндама жасайды деп күтілуде.

Ұйымдастырушылар:

Қазақстан тарихшылар қауымдастығы

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты

ҚР Мемлекеттік орталық мұрағат

«Абай-ақпарат» қазақ интернетін дамыту қоры

«Алаш жолы» қоғамдық қоры

Қазақстанның «Әділет» тарихи ағарту қоғамы

Өтетін орны: Алматы қаласы Абай даңғылы 39 (Бәйсейітова көшесінің қиылысы) ҚР Мемлекеттік орталық мұрағатының мәжіліс залы

Басталуы: сағ. 9.30

Тел. 8-701-447-58-94

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1526
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3304
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5924