Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 9573 0 пікір 30 Қараша, 2012 сағат 08:29

ҚАЗАҚТА ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ БАР МА? Немесе Назарбаевтан кейін кеш болады.

Біз шын мәнінде тәуелсіздік алғаннан бері, егеменді ел ретінде өзіміздің ұлттық мүддемізді белгілеп, ұлттық мақсатымызды анықтаған жоқпыз. Соның салдарынан мұхитқа компассыз шыққан кемеге ұқсап, мемлекетімізді қай бағытта дамытуды білмей, жиырма жыл бойы адасып келдік. Енді алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін, біз ұлттық мүддеміз бен мақсатымызды теория жүзінде айқындап алып, оны өмірде қалай іске асырудың жолын қарастыруымыз керек. Ол үшін, әуелі қоғамның дамуында шешуші рөл атқаратын субъектілердің мүддесі мен мақсатын дер кезінде біліп, оның ішіндегі саяси, әлеуметтік, мәдени қайшылықтарды бейбіт жолмен шешіп отыруға тиіспіз. Сонда ғана қоғам прогрессивті жолмен дамып, адамдар арасында түсінушілік пайда болады.

Қоғам ішіндегі басты субъектілерге - титулды ұлтты, діни қауымдастықты, әлеуметтік топты және жеке тұлғаларды жатқызған дұрыс. Осы субъектілердің ішінен мемлекет құрушы титулды ұлт, яғни қазақ халқының ұлттық мүддесі мен мақсаты еліміз егемендігін алғаннан бері қоғамымызда қалай қорғалып, дамып отыр? Осы сұрақтың астарына үңілу керек.

Біз шын мәнінде тәуелсіздік алғаннан бері, егеменді ел ретінде өзіміздің ұлттық мүддемізді белгілеп, ұлттық мақсатымызды анықтаған жоқпыз. Соның салдарынан мұхитқа компассыз шыққан кемеге ұқсап, мемлекетімізді қай бағытта дамытуды білмей, жиырма жыл бойы адасып келдік. Енді алдағы уақытта мұндай жағдай қайталанбас үшін, біз ұлттық мүддеміз бен мақсатымызды теория жүзінде айқындап алып, оны өмірде қалай іске асырудың жолын қарастыруымыз керек. Ол үшін, әуелі қоғамның дамуында шешуші рөл атқаратын субъектілердің мүддесі мен мақсатын дер кезінде біліп, оның ішіндегі саяси, әлеуметтік, мәдени қайшылықтарды бейбіт жолмен шешіп отыруға тиіспіз. Сонда ғана қоғам прогрессивті жолмен дамып, адамдар арасында түсінушілік пайда болады.

Қоғам ішіндегі басты субъектілерге - титулды ұлтты, діни қауымдастықты, әлеуметтік топты және жеке тұлғаларды жатқызған дұрыс. Осы субъектілердің ішінен мемлекет құрушы титулды ұлт, яғни қазақ халқының ұлттық мүддесі мен мақсаты еліміз егемендігін алғаннан бері қоғамымызда қалай қорғалып, дамып отыр? Осы сұрақтың астарына үңілу керек.

Ол үшін, әуелі ұлттық мүдде дегеніміз не және оның қандай белгілері бар - соны анықтап алуымыз қажет. Ұлттық мүддеге - тәуелсіздігіміздің нығаюын, жеріміздің тұтастығын, тіліміздің дамуын, дінімзідің сақталуын, салт-дәстүріміздің өркендеуін жатқызамыз. Бұлар әрбір ұлт үшін басты құндылық және мемлекетіміздің қалыптасып, ұлтымыздың сақталуының маңызды кепілі.

Егер осы бес белгінің бірі жоқ немесе жартыкеш болса, ол халық толыққанды ұлт болып, тәуелсіз мемлекеті мен ұлттық болмысын сақтай алмайды. Олай болса, бүгінгі күні біздің ұлттық мүддеміздің жағдайы қандай және қоғамымыз тәуелсіздік алғаннан бергі уақыт ішінде оны әрі қарай дамытуда билік нендей әрекет жасады?

Әрине, бұл проблема жөнінде қоғамымызда социологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілмегеннен кейін, біздің қолымызда ол жөнінде мәліметтер жоқ. Сол себепті өзіміздің күнделікті өмірден көріп, естіп жүрген тәжірибемізге және қоғамдық ақпарат құралдарына жүгінуге тура келеді.

Біз жоғарыда ұлттық мүддемізге бірінші кезекте тәуелсіздігіміздің нығаюын жатқыздық. Оның себебі - тәуелсіздік әрбір ұлт үшін бірінші қажеттілік. Жеке адамдарға бостандық қандай қажет болса, әрбір ұлтқа да тәуелсіздік сондай қажет. Тәуелсіздік болмаса - тіл де, дін де, салт-дәстүр де дамымай, ақыр аяғында ұлтпен бірге өз-өзінен жойылуы мүмкін. Сондықтан қазіргі тәуелсіз мемлекеті бар ұлттарға оны сақтап, әрі қарай дамыту - басты парыз.

Тәуелсіздікті негізінен «де-юре» және «де-факті» деп екі түрге бөлуге болады. Біздің қазіргі Қазақстан жағдайында «де-юре» толық мағнасында бар деп айтуға құқығымыз бар. Бірақ, ол тәуелсіздік күнделікті өмірде «де-факті» мен бекімесе, ол жартыкеш, формальді, былайша айтқанда тәуелсіздіктің сыртқы көрінісі болып табылады және ондай тәуелсіздік ерте ме, кеш пе - өзінің күшін жоғалтады. Сондықтан біз тәуелсіздігімізді сақтап, оны әрі қарай нығайту үшін, күш-жігерімізді «де-фактіні» іске асыруға жұмсауымыз керек.

«Де-факті» өз кезегінде - саяси, экономикалық, рухани болып, үш салаға бөлінеді. Осы үш саланың әр қайсысына талдау жасау арқылы қазіргі тәуелсіздігіміздің іс жүзінде қандай дәрежеде екенін білеміз.

 

Егер еліміздің саяси тәуелсіздігінің қазіргі жағдайына келетін болсақ, халықаралық қағида бойынша, мемлекетті құрайтын - титулды ұлт. Сондықтан әрбір мемлекет ұлттық сипатта болуы керек. Ал титулды ұлт өз мемлекетінде толыққанды ұлт болып дамуы үшін, оның тілі мемлекеттік тіл міндетін атқаруы тиіс. Қазіргі Қазақстан жағдайында қазақ тілі Конституция бойынша мемлекеттік тіл бола тұра, осы кезге дейін қоғамымызда іс жүзінде өзінің заңды рөлін атқара алмай отыр. Оның басты себебі - билік басындағы саяси элита негізінен орыс тілділер. Сол себепті олардың тоқсан пайызы қазақ ұлтының өкілі бола тұра, қазақ тілінің дамуына мүдделі емес. Олар сөз жүзінде қазақ тілін мемлекеттік тіл деп айтса да, іс жүзінде оның жұмыс істеуіне кедергі келтіріп бағады. Ондағы мақсаты - уақыт ұту арқылы қазіргі жастарды орыс тіліне ассимиляциялау. Осындай тәсілмен қазақ ұлтын «қазақ тілді» және «орыс тілді» деп екі топқа бөліп, «бөліп ал да билей бер» принципімен өздерінің үстемдігін онан әрі жалғастыру.

Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері жиырма жыл бойы билік қазақ ұлтының ұлттық санасының қалыптасуына жол бермес үшін Қазақстан «көп ұлтты мемлекет» деген желеумен қазақтарды басқа ұлт диаспораларының қатарына қосып қойды. Егер кімде-кім бұл теориямен келіспей, мемлекет құрушы қазақ ұлтының мүддесін қорғағысы келсе, ол адамға ұлтшыл, яғни мемлекеттің саясатына қарсы, ұлт аралық араздық тудырушы экстремисттік элемент деп, оған қоғамдық пікірді қарсы қоюға тырысады.

Саяси билік еліміз тәуелсіздік алғаннан бері ұлтаралық қатынаста Кеңес Одағы кезіндегі интернационалдық идеологияны басшылыққа алып келеді. Бірақ, коммунистердің мақсаты интернационалдық идеология арқылы ұсақ ұлттардың ұлттық санасын жойып, орыстардың ұлыдержавалық шовенистік саясатына бағындыру еді. Ал, біздің билік болса сол саясатты жалғастырып мемлекет құрушы, титулды ұлт қазақ ұлтын өзінің тәуелсіз мемлекетінде, өз отанында зорлықпен орыс мәдениетіне ассимиляциялау саясатын жүргізіп отыр. Оның себебі олардың өздері орыс мәдениетіне ассимиляцияланған және қазақ халқының атынан республикамыздың саяси билігімен байлығына қожа болып келеді. Енді осы байлық пен биліктен айырылып қалмас үшін, қазақ халқының мүддесі мен мемлекетінің тәуелсіздігін құрбандыққа шалып, қайта Ресейдің боданы жасамақ.

Әрине олар біз бодандыққа кіруіміз керек деп халыққа ашық айта алмайды. Сондықтан «экономикалық интеграцияны» сылтаурап, халықты алдап, бірте-бірте экономикалық, рухани тәуелсіздігінен айырып, ақыр соңында «Еуразия одағы» деген саяси одаққа кіргізіп, қайтадан Ресей империясының отары жасау.

Қазіргі саяси элитаның мұндай қадамға баруының екі себебі бар. Бірінші, болашақта Қазақстанда қазақ халқының санын табиғи жолмен және оралмандардың есебінен көпшілікке айналуы мүмкін. Ондай жағдайда орыс тілі әлсіреп орыс тілділердің үстемдігі жойылатыны анық. Екінші, жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалынған байлықты заңсыз жолмен иеленіп алған шенеуниктер ертең сол байлықтарынан айырылып қалмас үшін орыс шовенистерінің көлеңкесіне паналағылары келедіБұл айтылғандар біздің қазіргі саяси тәуелсіздігіміздің көрінісі.

Енді экономикалық тәуелсіздігіміздің жағдайына келер болсақ ресми мәліметтерге қарағанда экономикамыз жылдан-жылға қарқынды дамып, халықтың әлеуметтік тұрмысы күннен-күнге жақсарып келеді екен. Бірақ, экономистердің айтуынша мұның бәрі табиғи байлығымызды тонап, шикі затты шетке арзан бағаға көптеп сату арқылы болып отыр. Олай болса біз қайтадан орнына келмейтін кен байлықты талан-таражға салып, болашақ ұрпағымыздың үлесіне қыянат жасап оны өзіміздің құлқынмызға пайдаланып отыр екенбіз. Мұндай жолмен экономиканы дамыту мадақтан гөрі қылмысқа көбірек ұқсайды.

Рухани тәуелсіздік туралы сөз етудің өзі қиын, себебі рухани мәдениетіміздің кілті болып табылатын ұлттық тіліміз жұмыс істемегеннен кейін халқымыздың ғасырлар бойы жасаған рухани байлығы қазіргі жас ұрпаққа түсініксіз, яғни жат болып,олардың дүние танымы, өмірге көзқарасы батыстың мәдениетіне ауып барады. Бұл дегеніңіз болашақта қазақ халқы өзінің ұлттық құндылықтарынан айырылып, ұлттық болмысын жоғалтады деген сөз. Мұның бәрі біз өзімізді тәуелсіз мемлекетпіз деп санағандағы қазіргі көрініс. Ертең «Еуразия одағы» арқылы бұрынғы метрополияның қойнына қайта енсек, мемлекеттік тәелсіздігіміз бен ұлттық болмысымызды жоғалтқанымызға ешбір күмән жоқ. Олай болған жағдайда біз қолымыздағы егемендікке ие бола алмай, ғасырлар бойы тәуелсіздікті армандап өткен ата-бабамыздың аруағының алдында кінәлі болып, болашақ ұрпағымызға бодандықтың қамытын өз қолымызбен кигізетін боламыз.

Біз жемқорлық пен парақорлық туралы сөз қылғанда пәленше шенеуник мұнша миллион қаржыны ішіп-жеп қойыпты деп жатамыз. Яғни оның қылмысының өлшемі бар және ол материалдық қылмыс болып саналады. Ал, миллиондаған халқы бар бүкіл мемлекетті саяси, экономикалық, рухани тәуелсіздіктен айырып, оны бодандыққа айналдырса, мұны ешқандай материалдық өлшеммен өлшеу мүмкін емес. Сондықтан ол саяси қылмыс болып саналады және ол материалдық қылмыстан әлдеқайда ауыр. Ондай қылмыстың бір-ғана аты бар, ол - Отанына опасыздық.

Бұл жерде әңгіме жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша алғашқы ондыққа, халқының саны жөнінен алғашқы жүздікке кіретін бір мемлекеттің болашақ тағдыры туралы болып отыр. Сондықтан бұл айтылған пікірмен келіспейтін немесе оны жала деп санайтын адам болса, оның да пікірін тыңдауға дайынмын. Ақиқат пікір таласынан туындайды, оның үстіне мен сол мемлекет басқарып отырған жоғарғы басшылардан бастап, ондаған мың шенеуниктерді өздерінің жеке басының мүддесін халық мүддесінен жоғары қойып, сатқындық жасады деп айптап отырмын. Сондықтан, менің айтқандарым шындыққа келмейтін жала болса, өз сөзім үшін заң алдында жауап беруге дайынмын.

Енді біз адамзат қауымдастығының бір мүшесі ретінде алдымызға қандай мақсат қойып, оған қалай қол жеткізуге болады деген сұраққа жауап іздеуіміз керек.

Тарихта қазақ халқының тағдыры өте күрделі болды. Біз XIX ғасырдың аяғына дейін негізгі кәсібіміз мал шаруашылығы болып, көшпелі өмір салтымен өмір сүріп келдік. Сондықтан жерімізде қалалар салып, өнеркәсіппен айналысуға біздің мүмкіндгіміз болмады. Сол себепті отырықшылыққа қарағанда көшпелі өмір салтының өзіне тән тұрмысында, психологиясында, менталитетінде үлкен айырмашылықтар болды.

XX ғасырдың бас кезінде қазақтар отырықшылдыққа көшірілгенімен олар ауылдық жерде орналасып өзінің қала мәдениетін жасай алмады. Ал қалаға келген жастар болса, олар орыс тілімен, мәдениетімен өмір сүруге мәжбүр болып, ассимиляцияға ұшырады. Оның үстіне Кеңес үкіметінің жүргізген «Советтік өмір салты» мен коммунистік партияның интернационалдық идеологиясы аз ұлттардың ұлттық санасын жойып, оларды орыстандыру саясаты болатын. Соның кесірінен қазіргі қазақ ұлты өз алдына тәуелсіз ел бола тұра, өзінің отанында ұлттық мүддесін қорғай алмай, қоғамымызда әлеуметтік жағынан болсын, мәдени жағынан болсын басқа диаспораларға қарағанда ең артта қалған маргиналды ұлтқа айналып отыр. Оған қоса қазіргі саяси биліктің жүргізіп отырған саясаты да қазақ ұлтының мүддесіне зиянын тигізуде.

Осы тығырықтан шығу үшін қазақ халқы өзінің болашақ мақсатын белгілеп алып, соған қол жеткізуге ұмтылуы керек. Біз қазіргі билікті қазақ ұлтының мүддесін қорғамайды деп қанша сынап, қарғап-сілегенмен онан жағдай өзгермейді, егер біз алға қойған мақсатымызға жету үшін өзіміз ұмтылып, керек жерінде заңды құқығымызды биліктен талап етіп отыруға тиіспіз. «Халқы қандай болса, билігі де сондай болады» деген мәтел бар, сондықтан билікті түзеу үшін халық саяси сауатты болып өзінің ұлттық мүддесін қорғай білуі керек. Біз осы кезге дейін жиырма жыл бойы билікті имандылыққа шақырып, оларға мораль айтып келдік, бірақ оны тыңдаған билік болған жоқ. Енді заңды құқығымызды биліктен талап етуге біздің заңды құқымыз бар. Алдағы уақытта онан нәтиже болмаса, біздің саяси күреске шығуымызға тура келеді. Ол үшін біздің ұлттық мүддеміз бен мақсатымыз анық болуға және саяси сауатты болуымыз керек. Оның үстіне осы күреске бізге бағыт-бағдар көрсетіп отыратын ұлттық идеологиямыз болуға тиіс.

Әрине өмір болғаннан кейін, ол қандай әділ қоғам болса да, оның ішіндегі басты субъектілердің арасында әр кез түсінбеушілік, қарама-қайшылықтардың болып тұратыны заңды құбылыс. Ол саяси ма, әлеуметтік пе, құқықтық па соны дер кезінде анықтап, соған байланысты тиісті шаралар қолдану арқылы оны реттеп отыруға болады. Бұл жерде бір нәрсені ескеруіміз керек. Қоғам ішіндегі қайшылықты екі категорияға бөлуге болады. Биліктің білместіктен істеген қателігі, ол - кемшілік. Саналы түрде істеген қателігі болса, ол - қылмыс. Осы қателіктер мен кемшіліктерді бейбіт жолмен түзеп отыру үшін қоғамымыздың құрылымы демократиялық принциппен дамуы қажет. Ал қазргі біздің жағдайымызда қоғам ішіндегі қайшылықтарда бейбіт жолмен шешу мүмкін болмай тұр. Себебі біздің қоғамның саяси құрылымы авторитарлық жүйе арқылы қалыптасқан. Соның салдарынан барлық қайшылықтар субъективті қаралады да оған бірден саяси сипат беріліп, оны объективті бейбіт жолмен шешудің орнына, ол онан әрі күрделеніп, шиеленісе түседі.

Әрине, біз әуелі бір әрекетке бармастан бұрын алдымен не істеу керектігін анықтап алуға тиіспіз. Біз көбіне анау керек, мынау керек дегенді жиі айтамыз да тоқ етерге келгенде неден бастауды білмей абдырап қаламыз. Сондықтан мен ұлттыұқ мүддеміз бен мақсатымызды сөз еткенде бұл құр уағыз болмас үшін ұлттық мүдде туралы «Тәуелсіздік - біздің тағдырымыз» және ұлттық мақсат туралы «Салауатты өмір салты - ұлттық идеологиямыз» деген екі кітап жаздым. Сол кітаптарда бұл проблемалар жөнінде, не істеу керектігі жөнінде кеңінен талқыланған.

Қазір қазақ халқының тағдыры өзінің шешуші кезеңіне тап болып отыр. Егер біз бұрынғы метрополияға қайтадан бодан болсақ, онан енді қайтып шығу мүмкін емес. Сондықтан президент Назарбаев «Еуразия одағын» құру идеясының қате екенін түсініп, онан бас тартатын болса, халық оның осы кезге дейінгі қателіктері мен кемшіліктерін кешіріп тарихта Абылай хан сияқты қазақ халқының басын біріктіріп, мемлекет құрушы бірінші президент болып қалады. Ал егер керісінше қазіргі саясатын жалғастырып Қазақстанды «Еуразия одағына» зорлап кіргізсе, Әбілхайыр хан құсап қазақ халқын тәуелсіздігінен айырып, қайтадан Ресейге бодан жасаған президент болып тарихқа енеді. Сондықтан бүгінгі күні қазақ халқының бостандығы мен мемлекетіміздің тәуелсіздігінің тағдыры президент Назарбаевтың қолында, яғни оның ниеті мен жігеріне байланысты болып тұр. Егер біз осы шындықты қазір ашық айтпасақ, ертең Назарбаев кеткеннен кейін кеш болады.

Ермек

МҰҚАНҒАЛИЕВ

"Общественная позиция"

(проект "DAT" № 44 (172) от 29 ноября 2012 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5297