Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3634 5 пікір 21 Шілде, 2022 сағат 14:12

Болат Назарбаевтың көмекшісіне іздеу жарияланды

Қаржы мониторинг агенттігі рейдерлікпен айналысқан бір топ азаматты ұстағанын жариялады. 

1983 жылы туған Танашев Тимур Сержанұлы, 1992 жылы туған Бабаев Рауан Тимурұлы, 1990 жылы туған Алтыбасаров Аңсар Мұратұлы, 1977 жылы туған Абижанов Дастан Мәдиұлы 14 шілдеде ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес қылмыстық іс-әрекет бойынша ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды.

15 шілде күні Алматы қаласының мамандандырылған тергеу соты аталған адамдарды 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Сондай-ақ, сот тағы екі азамат Қоспаев Айдос Айдынғалиұлы мен Шалин Руслан Евгениевичті күдікті деп таныды, ал Қоспаев Елдос Айдынғалиұлына іздеу жариялап, қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдады.

Бұдан бұрын Елдос Қоспаев Болат Назарбаевтың көмекшісі екені туралы ақпарат шыққан болатын.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 909
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2353
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 615
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593