Жұма, 22 Қараша 2024
2833 2 пікір 22 Шілде, 2022 сағат 13:23

Ресей қырғыз азаматтарын соғысқа тартуда

"МедиаХаб" редакциясы YouTube каналында Ресейдің жеке әскери компаниялары қырғызстандықтарды Украинаға соғысқа қалай үгіттеп жатқаны жөнінде видео жариялады.

Редакция мәліметінше, таяуда Инстаграм парақшасында қырғыз азаматтарын Ресей аймақтарындағы жеке күзет кәсіпорнына жұмысқа шақыратыны жөнінде жарнама жарияланған.

"Жарнамадағы нөмерде тек "ЧВК Вагнер" тегтелген. Олармен хат жазысу кезінде Ресейдің қорғаныс министрлігі мүддесіне жұмыс істейтіні белгілі болды. Алдымен Краснодар өлкесіне, сосын Украинадағы соғыс әрекеттеріне баратынын жазды", - дейді журналистер.

Журналистер мәліметінше, Краснодар өлкесіндегі Молькино ауылында "пионер лагері" бар. Онда шын мәнінде жеке Вагнер әскері орналасқан. Редакция мәліметінше, олар өзбек азаматтарын да Украинадағы соғысқа тартып жатыр.

Биыл 24 ақпанда Ресей армиясы президент Владимир Путиннің бұйрығымен Украинаға басып кірді. ЦРУ мәліметінше, бес ай ішінде Ресей 15 мың әскерін жоғалтқан, 45 мыңы жараланған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329