Жұма, 22 Қараша 2024
2877 3 пікір 27 Шілде, 2022 сағат 13:26

"Талибан": Ауғанстан Өзбекстанға қауіп төндірмейді

Тәліптер үкіметінің сыртқы істер министрі Әмір Хан Муттаки Ташкентте Өзбекстан сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Владимир Норовпен кездесіп, Ауғанстан Өзбекстан мен аймақтағы басқа де елдерге қауіп төндірмейтінін айтты.

Бұл туралы Өзбекстан сыртқы істер министрлігі 26 шілдеде хабарлады.

Министрлік мәлімдемесінде тәліп министрінің нақты айтқан сөзі берілмеген. Муттаки Ташкентке "Ауғанстан: қауіпсіздік және экономикалық даму" халықаралық конференциясына қатысу үшін келді.

Кездесу барысында Мутакки Ауғанстан жөніндегі халықаралық конференцияның Ташкенттке өтіп жатқанын құптаған. Бұған қоса, өзбек-ауған қарым-қатынасын нығайту мен дамыту мәселелері сөз болған.

Ауған делегациясының басшысы өзбек үкіметіне Ауғанстанға гуманитарлық көмек бергеніне, сонымен бірге энергетика мен инфрақұрылым жобаларын жүзеге асыратынына рақмет айтқан.

Владимир Норов ауған жағын халықаралық қауымдастық талаптарын, соның ішінде түрлі топ өкілдерінен тұратын үкімет жасақтау, әйелдер мен аз ұлттар құқықтарын сақтау, қыздарға мектепте білім алуға рұқсат беру кеңестерін орындауға шақырды.

Өзбекстан - 2021 жылғы 15 тамызда Кабулды басып алған тәліптер үкіметімен байланыс орнатқан санаулы елдердің бірі. Талибан үкіметін халықаралық қауымдастық әлі күнге дейін мойындаған жоқ.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269