Жұма, 22 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3658 16 пікір 28 Шілде, 2022 сағат 13:14

Ресейге сатылған қазақтың кәсіпорындары...

Бұрын Ресейдің ақпараттық құрсауында едік, енді бүгін оның экономикалық басыбайлы бұзауына айнала бастадық. Олай дейтініміз, бұрынғы президенттің отбасы заңсыз жекеменшікке шығарып, иелік еткен түрлі стратегиялық маңызы бар компаниялар Ресей алпауыттарының меншігіне рет-ретімен өтіп жатыр.

Олардың ішінде «Қамқор Локомотив» пен «Қамқор Вагон» ірі өндіріс орындары бар. Қоғам белсендісі Арман Шораев бұл компаниялардың Ресей миллиардері Александр Лебедевтің «Трансмаш холдингіне» сатылғанын «сатқындық» деп бағалады.

Ал, отандық онлайн басылым sknews.kz болса «10 жылдам астам Ресей теміржолын басқарған Александр Лебедев елімізге инвестиция әкеліп, Құлыбаев ақсатқан саланың бағын жандырады», дейді.

Жылына 34,7 млрд теңге табыс түсіріп, 5147 адамды жұмыспен қамтып отырған «Қамқор Локомотив» сатылатындай басымызға не күн туды?

Енді экс-президенттің отбасылық монополиясын Ресейдің путиншіл кәсіпкерлері басқармақ па?

Жеті бөлімшесінде 1600 адам қызмет етіп, оның ішінде Аягөз, Қазалы мен Шалқар сынды қазақ тілді қалаларда 570 кәсіби мамандар істейтін кәсіпорын Ресейдің қолына біржола өтті.

Бұл қалаларда қасқарту жүріп, қызметтің бәрі орыстардың қолына өтпесіне кім кепіл?

Сондықтан қазақ баласын «Локомотив пен Вагонсыз» қалдырғалы отырған өзекті мәселе біржақты шешімін табуы керек. Стратегиялық маңызы бар объектілер мемлекеттің меншігінде болуы тиіс.

 

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5269