Дәулет АСАУ. БАТЫР БАБАЛАРЫМЫЗ ҚАЛАЙ «МОҢҒОЛ» АТАНҒАН?
(тарихи сарап)
Туса мыңжылдықтарда бір-ақ рет туатын кемеңгер қаған Шыңғысхан туралы күні бүгінгіге дейін мыңдаған шығармалар жазылды, кинолар қойылды. Бірақ, білетін кісілердің айтуынша, соның бәрі негізінен бас-аяғы 20 шақты дереккөзге сүйеніп жасалған. Солардың ішінде әлемнің тарихшылар қауымы түгел мойындағын, ғылыми орта шынайылығына шәк келтірмеген санаулы түпнұсқаның бірі - «Джами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»). Авторы белгілі парсы тарихшысы және саяси қайраткері Рашид ад-Дин Фазлаллах ибн Имад ад-Даула Абу-л-Хайр Хамадани (1247-1318жж).
(тарихи сарап)
Туса мыңжылдықтарда бір-ақ рет туатын кемеңгер қаған Шыңғысхан туралы күні бүгінгіге дейін мыңдаған шығармалар жазылды, кинолар қойылды. Бірақ, білетін кісілердің айтуынша, соның бәрі негізінен бас-аяғы 20 шақты дереккөзге сүйеніп жасалған. Солардың ішінде әлемнің тарихшылар қауымы түгел мойындағын, ғылыми орта шынайылығына шәк келтірмеген санаулы түпнұсқаның бірі - «Джами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»). Авторы белгілі парсы тарихшысы және саяси қайраткері Рашид ад-Дин Фазлаллах ибн Имад ад-Даула Абу-л-Хайр Хамадани (1247-1318жж).
Рашид ад-Дин аталмыш еңбекті Газан ханның тапсырысы бойынша 1300 жылы бастап, тек 1310-11 жылдары ғана аяқтаған. «Джами ат-тауарихтың» маңыздылығы сол - ол Шыңғысхан қайтыс болған соң 67 жылдан кейін, жылнамада баяндалған тарихи оқиғалар өткен жерлер мен оған қатысты адамдардың көзі тірісінде, куәгерлердің айтуы бойынша, күні кеше ғана өткен тарихи оқиғалар ұмытылмай тұрған кезде жазылғандығында. Аталмыш еңбек Рашид ад-Дин хандар ордасында сақталатын моңғолдың ресми жылнамасына, сондай-ақ халық аңыздарына сүйеніп жазған. Қазақ үшін бұл кітап XIII-XIV ғасырларда өмір сүрген түркі-моңғол тайпаларының қоғамдық құрылысы, олардың тұрмысы, діни сенімі, жекелеген тайпалардың саяси тарихы туралы аса құнды мәліметтер берілген. В.В. Бартольд Рашид ад-Диннің еңбегін аса жоғары бағалай келіп: «Мұндай тарихи энциклопедия орта ғасырларда әлемнің ешбір халықтарында, Азияда да, Еуропада да болған жоқ» деп бір сөзден түйіндеп берді. Ал, И.П. Петрушевский: ««көшпенділердің этникалық байланыстарын, әлеуметтік өмірін, тұрмысын, құқықтары мен аңыздарын Рашид ад-диннің кереметтей толыққанды және дәлдікпен суреттегені сондай, біз мұндай қолжазбаларды моңғолдың да, қытайдың да, әйтпесе басқа бір халықтардың да ешбір дерекөздерінен таба алмаймыз» [Рашид ад-Дин Фазлаллах Хамадани. Сборник летописей. Т.1, Кн. 1, Перевод с персидского А. Хетагурова, Редакция и примечания А.А. Семенова, М.-Л., 1952, 27],- дей келіп ойын әрі қарай былай деп өрбітеді: «Шыңғысхан державасының құрылуы және моңғол халқының қалыптасу тарихын зерттеу үшін «Алтан дептер»(«Алтын дәптер») дереккөзі және қытай тарихы мен моңғолдың ескілікті әңгімелеріне сүйене отырып жазылған «Джами ат-тауарих» жылнамасы «Құпия аңыздан» («Сокровенное сказание») да құнды, әрі негізгі түпнұсқалық болып табылады» дейді. (Рашид ад-Дин 1952: 30).
Енді сонау Сақтар дәуірінен бастап күні кешегі Алтын Орда заманына дейінгі аралықта ат тұяғы жеткен жерге түгел билігін жүргізген түркі бабаларымыздың қалай «моңғол» атанып кеткендігіне келейік. «Джами ат-тауарихтың» бірінші томының 2-ші бөлімінде түркі деп жалайыр, керейт, найман, бекірін, қырғыз, қарлық, қыпшақ, бекріт, сүніт, ойрат, татар, меркіт, кұрлауыт, тарғыт, ойрат,барғыт, көрі , тулас, тұмат, бұлағашын , кэрэмшын, ұрасұт, төленгіт , күштемі, орман ұранқат, құрқан,сақаит тайпаларын атаған. Парсылық тарихшы түркі тайпаларының «жекелей алғанда өз көсемі, өз хандары болды» дейді (Рашид ад-Дин 1952: 126-151). Рашид ад-Дин ол тайпаларды қазір моңғол деп атайды деп жазады. Оқыңыз: «олардың (моңғолдардың) күш-қуатының әсерінен бұл аумақтағы басқа тайпалар да солардың атауымен аталады, сондықтан түркілердің көпшілігі өздерін моңғол деп атайды. Өйткені, мұның алдында татар тайпасының күші басым болып еді, барлық тайпалар татар атанды, бұл сол сияқты» деп нақты көрсетеді (Рашид ад-Дин 1952: 77).
«Джами ат-тауарихтың» бірінші томның 4-ші бөлімінде Рашид ад-Дин түбі түркілік нирун тайпасы туралы қызықты дерек келтіреді. Тарихшы «нирун» деп Шыңғысханмен бір атадан туған, Аланқұбаның ұлдарының ұрпақтарынан тараған, қаны таза бір қауым түркі тайпаларын атайды. Олар - қатаған, салжуыт, тайжуыт, хартақан ,сижуыт, чинас, нуякин, үріт , манғыт, дурбан, баарин, барулас, хадарқын, жұрат, будат, дуклат, йисут, сукан, күнқият.(Рашид ад-Дин 1952: 152-197).
...Баршаға мәлім «Алтын Орда» мемлекеті Ұлы Түрік қағанаты құлағаннан кейін оның атажұртына орнағаны белгілі. Ресейдің атақты тарихшысы Мұрад Аджи Шыңғысхан өз түркілерін жауласып жүрген батыс түріктерінен айыру үшін «моңғол» атады десе, қарағандылық тарихшы Мырзабек Қарғабаевтың жорамалы одан да дәлелдірек шығады. Ол Шыңғысханның «мың қолдық» жеке жасағы болғанын, оған тек би-сұлтандардың, атақты адамдардың балалары, әйтпесе ұрыста ерекше ерлік көрсеткен сарбаздар ғана іріктеліп алынатындығын айтты. Әрине, әлем әміршісінің жеке жасағында болу кім-кімге де мәртебе. Сондықтан, Шыңғысханның түркілері мақтан үшін өздерін «мың қол» атап кеткен, ол бара-бара «моңғол», «моғол» атауына айналған деген тұжырым жасайды. Айтпақшы, атақты түркітанушы Лев Гумилевтің де «түркілер өздерін мақтан үшін «моңғол» атандырған деген» пікірі бар. Қалай дегенменде, жоғарыдағы ғалымдардың қай-қайсы да «моңғолдардың» о баста түркіліктер болғанын растап тұр. Сондықтан, Кеңестер заманында орыстың идеологиясымен «моңғол» атанып кеткен Шыңғысханға енді өзінің түркілік тегін қайтаратын кез келді.
Сөз соңында оқырманға түсінікті болу үшін мынаны айтсақ та жеткілікті: бүгінгі түріктер кешегі көшпенділердің жалпыға ортақ «түркілер», «көк түріктер» деген атауын иеленіп Түркия мемлекеті атанғаны сияқты, бүгінгі Моңғолия да бір кездердегі «Алтын Орда» империясының атажұртында, Шыңғысхан өлгеннен кейін тек 2 ғасыр өткен соң ғана «моңғол» атауын алып құрылған мемлекет екенін еске саламыз. Ал, осынау Ұлы Далада сонау Сақ замандарынан бері бүгінге дейін ұрпақтар сабақтастығы, бабалар жалғастығы үзілмеген, ата тек тумысы ажырамаған қазақтар, орыс тарихшыларын тыңдасаң, моңғолға да, түркіге де қатысы жоқ, тек 15 ғасырда аяғы көктен салбырап түскен «жұмбақ халық» болады да шыға келеді...
Сөз соңы
Жалпы деректер бойынша «Джами ат-тауарихтың» 3 томдығы болған екен, соның біздің күндерге жеткені - 2 томы. «Джами ат-тауарихтың» үш түпнұсқалық көшірмесі Өзбекстан ҒА Шығыстану институтының қолжазбалар қорында сақталған: 1) № 1620 тізім, 263 бет, бірінші том (толық емес). XV ғ қолжазба; 2. № 1643 тізім, 39 бет, бірінші томның үзіндісі. XVI ғ қолжазба; 3. № 1 тізім, 369 бет. XVIII ғ қолжазба, 2-ші томның 2-ші бөлімі.
«Abai.kz»