Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4791 0 пікір 7 Желтоқсан, 2012 сағат 08:30

Бейсен Ахмет. Діни зомбилер: дін туралы сұмдық пен шындық

Біз Ислам дінін өз деңгейінде түсініп жүрміз бе? Немесе бәз біреулердің түсіндіруі мен көрсетуі бойынша түсініп жүрміз бе? Міне, бұл Алла Тағаланың әр пендесінің басында болуға тиісті сұрағы.  Ұзақ уақыт діни тоқырауға ұшыраған халықтың аңсаған Ислам діні қазір адам нанғысыз мәселелермен қоса жетті. Тіпті қарапайым халық қай діни топқа қара тартарын білмей,  әрі-сәрі болуда. Сенімдерін жоғалтып, үмітсізденуде. Кейбіреулері әлде бір саяси, діни топтың зымиян саяасатының құрбанына айналуда. Осыншама сорақылықты көре тұрып, себебін іздемеу мүмкін емес. Әркім әр түрлі айтар. Біреулер мәселені сол жымысқы саясатпен түсіндірсе, біреулер мұны  дүмшеліктің салдары деп түсіндірер. Ал шын мәнінде дінді ғұлмалықпен түсіндіру әлі кемеліне келе алмай жатыр. Неге?

Біріншіден, бұған Мемлекет билігінде қолдау болсада, екі беткейлік, немқұрайды саясат бар. Немесе «Маған бәрібір» дейтін атақ пен ақшаға құныққандарға болашақтың қажеті шамалы.

Екіншіден, әлде бір зымиян күштер мемлекет билігіне әсер етуде.

Үшіншіден, халқтың ұлттық мінезі өзгере бастаған. Онсызда ит тіріліктің итпегінде жүрген жай халықтың мұны ойлауға шамасы жоқ.

Біз Ислам дінін өз деңгейінде түсініп жүрміз бе? Немесе бәз біреулердің түсіндіруі мен көрсетуі бойынша түсініп жүрміз бе? Міне, бұл Алла Тағаланың әр пендесінің басында болуға тиісті сұрағы.  Ұзақ уақыт діни тоқырауға ұшыраған халықтың аңсаған Ислам діні қазір адам нанғысыз мәселелермен қоса жетті. Тіпті қарапайым халық қай діни топқа қара тартарын білмей,  әрі-сәрі болуда. Сенімдерін жоғалтып, үмітсізденуде. Кейбіреулері әлде бір саяси, діни топтың зымиян саяасатының құрбанына айналуда. Осыншама сорақылықты көре тұрып, себебін іздемеу мүмкін емес. Әркім әр түрлі айтар. Біреулер мәселені сол жымысқы саясатпен түсіндірсе, біреулер мұны  дүмшеліктің салдары деп түсіндірер. Ал шын мәнінде дінді ғұлмалықпен түсіндіру әлі кемеліне келе алмай жатыр. Неге?

Біріншіден, бұған Мемлекет билігінде қолдау болсада, екі беткейлік, немқұрайды саясат бар. Немесе «Маған бәрібір» дейтін атақ пен ақшаға құныққандарға болашақтың қажеті шамалы.

Екіншіден, әлде бір зымиян күштер мемлекет билігіне әсер етуде.

Үшіншіден, халқтың ұлттық мінезі өзгере бастаған. Онсызда ит тіріліктің итпегінде жүрген жай халықтың мұны ойлауға шамасы жоқ.

Төртіншіден, осыған сай дінді тарихи, ғылми, діни, саяси жақтан зерттеп, талдап түсіндіретін ғұламалар жоқ.  Есесіне, осы төрт түрлі жайттың, атап айтқанда тек дінни жағын ғана қарап шешім шығаратын «Дүмше молдалық» Қазақстанда кең етек жайған.

Қазақ дінді қалай қабылдаған?

Біздің қазақ дінді таза ниетпен, жүрекпен қабылдаған. Бұрыннан, анау Һұн, Сақ, түркілерден жеткен  ар-ұждан, адамгершілік тәрбиесімен өскен халық  онсызда дайын мұсылман халық болатын, тек Алла туралы түсікті осы сенімдерімен бірлестірді де таза дінді таза жүректеріне құйып алды. Әлде бір тылсым күш иесі Тәңір туралы түсінігін ұлық Аллаға алмастырды. міне содан «Әлмисақтан мұсұлманбыз!» деген түсінік пен таным қалыптасты.  Дін түркілердің күллі салт-санасы мен ырым-жырымына, ғұрып-әдеті мен танымына  балдай батып, судай сіңді.  Ал араб халықтарының көбі діни сенімді амалмен байланыстырып, ниет пен амалды толық ажырата алмай жүргенін ойласақ, біздің Әбу Ханафия мәзһабы нақыты сыннан, зерттеуден өткен таза дінни жол екен.

Қазақтың салт-санасы мен дәстүрі, ғұрып-әдеті мен ырымы, жол-жоралғысы мен жосыны, дүние танымы  - әлмисақтан қалыптасқан арқа тірек темір қазығы. Кез келген құндылық бұл темір қазықтың айналасында өз орнын табады әрі осы темір қазыққа байланады. Дін де солай. Біздің басқа діни түс алған зымияндықтан сақтануымыздың жалғыз жолы осы:  ата-баба салт-дәстүрін көзімідің қарашығындай қорғап, сақтаумызда жатыр. Себебі біздің бұл темір қазығымыз ар-ұждан тәрбиесі мен обал-сауап тәрбиесінен құралған Алланың берген алтын қазығы болатын.  Тіпті біздің ауыз әдебиетіміздің өзі тәлім-тәрбие мақсатында құрылған. Тарихымыз бен әдебиетіміз осы діннің құдыретін бойларына сіңіргенін,  хадистердің орнына жүргенін ұмытпағанымыз жөн.

Дінді адамдар 4  түрде қабылдайды:

Біріншісі - таза ниетпен қабылдайды.

Екіншісі -  ата-бабасы мұсұлман болғандықтан, ата жолын ұстау үшін қабылдайды.

Үшіншісі - дүрмекке ілесіп қабылдайды.

Төртіншісі - сана-сезімінің жаулануы арқылы ырықсыз түрде қабылдайды. Мәңгүрттенеді, тіпті діни зомбиға айналады.

Біздің Түркі халықтары  үшін Әбу Ханафия мәзхабы ең абзал мәзхаб. Бұл тарих дәлелдеген шындық. Себебі, дін бірілікке шақырады. Ал біздегі басқа мәзһаб жолын ұстап, қасында намаз оқып жүргендердің көңіліне сауал тудырғандар, ұлттың бірлігіне нұқсан келтіргендер меніңше ахида(сенім) жақтан қателескендер. Оны алда талдаймыз.

Діни сипат алған басқыншылық

Ислам дініндегі қазір мұсұлман әлемінде қалыптасқан вахаббистік және салафистік бағыттар мен құраниттік бағыттарды қабылдай бастаған мұсылмандар үшін екі түрлі мәселе кем:

Бірі, дінді жүректегі ниетпен түсінбеу. Былайда  таяз сана-сенімін ағымдардың ырқына беріп, психологиялық дағдарысқа ұрыну.

Екіншісі, амалды ниееттен ажырата алмау. Бұл көбінесе сана-сезімі ойрандалып, өмір мен тұрмыста қысым көргендердің бойынан табылатын көрініс. Шаршағандар. Тіпті атақ пен ақшаға құмартқандар соны біле тұра сатылып кетеді, біртіндеп фанатқа айналады. Алла Тағаланың «Қатты берілмеңдер!» дегені содан болса керек.

Қазір  шындығы дәлелді хадистердің қатарында  жалған хадистер де бар. Міне бұл Масон қауымы мен Исламға жау қауымдар үшін өте керекті тақырып. Олар осы хадистерді тіпті Құранның аяттарын  өздерінің саясатының желісі бойынша бұрмалап түсіндіреді немесе түрлі түсініксіз ұғымды тудырып шығарып, психологиялық тұрғыдан  шаршаған халықты тез әрі оңай тәсілмен өз айтқандарына көндіреді. Әлсіз психологиялы адамдарды бірден  өз дегендеріне көндіріп, адамдар арасында араздық, талас-тартыс тудырады.  Ал, бұл дінді желеу еткен күштердің адамдарды мәңгүрттендіру үшін қолданатын саясатының қаншалықты дамығандығын көрсетсе керек. Халықты түрлі тәсілдер арқылы мәңгүрттендіру оңай.  Тіпті айтқанынан шықпайтын зомбилерге айналдырғанын өз көзімізбен көріп жүрміз.

Бұған мысал ретінде мына екі дәйекті  келтіруге болады:

Біріншы дәйек: Ислам тарихын ашып оқысаң осы "хиджаб" мәселесі ешқашан да мұсылмандар үшін өзекті проблема болған емес, қашан саяси діни ағымдар шықты сонда ғана проблемаға айналды.

Әр халықтың салт-дәстүрі, өзінің өмір сүретін ортасы, табиғаты бар. Көптеген жоралғылар сол табиғи ортаға, ауа-райына, қолда бар материалдарға және үстем болған әлеуметтік, мәдени, діни ықпалдарға сәйкес өрбіген. Арабтардың тек әйелдері емес, ерекектері де бүркеніп,  жасырынып жүрген, қазірдің өзінде солай. Пайғамбарымыз өмір сүрген қоғамда да солай болған. Ол кезде пұтқа табынатын арабтар қандай киім кисе, мұсылмандар да солай киінген, мүшриктердің сақалы болғаны сияқты мұсылмандардың да сақалы болған. Таяу Шығысты мекендеген еврей, христиан т.б. халықтар да солай болған, еркін әйелдер бүркеніп, жамылып жүрген, құл (күң) әйелдердің жамылуына жол берілмеген. Киім кию үлгісінің дінге қатысы жоқ, дініміздің бір ғана талабы - әйел болсын, еркек болсын ұятты жерлерін жауып жүрсін. Адамдар дінде жоқ көп нәрсені қатаң діни шартқа, шариғаттың талабына айналдырып, дінге қоса берген, қоса берген. Сондықтан, қай нәрсенің дінге қатысты ал қай нәрсенің қатысты емес екенін тек зергердің әдісімен ғана ажыратуға болады, талдау жасау арқылы, екшеу арқылы, іздену      арқылы.

Пайғамбарымыздан 250-300 жылдан кейін осындай нәрселердің бәрі дінге енгізіліп, діннің ең маңызды мәселесіне айналдырылған. Мысалы, Құранда алтын тағу еркектерге харам деп айтылмаған, ол да құдды осы хиджаб сияқты кейінгі ғасырларда адамдар тарапынан дінге жасалған тиымдардың бірі, ондай жүздеген тіпті мыңдаған қоспалар бар дінге кіргізілген. Қазір ондай әңгіме қозғайтын болсаң өзіңді кәпір ғып шығаратын догмашыл схоластиктер мен ұрда жық кертартпалар тап қасыңнан табылады. Сондықтан, барлық әлемдерді Жаратқан Алланы әкеп әйелдің басымен, шашымен, бір метр шүберекпен оның иманын өлшейтін жағдайға жеткізбеу керек, егер Ислам тарихын ашып оқысаң осы "хиджаб" мәселесі ешқашан да мұсылмандар үшін өзекті проблема болған емес, қашан саяси діни ағымдар шықты, сонда ғана проблемаға айналды....

Екінші дәйек: Ең бастысы ғылыми критицизм болғаны дұрыс, ақиқаттай сенген нәрсеңнің бос екенін, негізсіз екенін көріп, сонда да хақ пен нахақты ажырата білу қабілетінен айырылмау керек. Мысалы, екі миллиард христиан Исаны Құдайдың ұлы деп сенеді, бұл оларға ұрпақтан ұрпаққа құйылған сенім, қатып қалған догма, оны қайсыбір христиан анықтап жатыр дейсіз? Адамдар ондай қатып қалған догмаларды анықтаудан қорқады, шіркеу қорқытады, «діннен шығасың» деп қорқытады, «тозаққа барасың» деп қорқытады т.б. ал оның олай емес екенін айта бастасаң әлгі христианға сөздерің ауыр тиеді, ол саған  ренжиді, өзіңді кәпір ғып шығарады, шабуылға шығуы да мүмкін. Тек мыңнаң бірі ғана ақылын пайдаланып, есінен танбай, шындықты мойындауы мүмкін, әрине,  бұл өте қиын мәселе, бір жақта қатып қалған сенімі бар, екінші жақтан оған жан түршіктірер ерсі пікір.... біздің мұсылмандар да ондай негізсіз догмалардан  құр алақан емес, пайғамбардан кейінгі ғасырларда мыңдаған қағиданы әкеп олар дінге қосты, бірі оны білместікпен жасаса, енді бірі әдейі жасады, сондықтан не нәрсені де анық қанығына жеткенше зерттеген жөн.

Мысалы, Үндістанда жарты миллиардтан астам адам сиырға құдай деп сенеді, ал түсіндіріп көрші оларға сиырдың құдай емес, жай сүтқоректі хайуан екенін! Былай қараған адамға күлкілі жағдай болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл шындық. Адамдардың жүз пайызға жуығы сенген сенімінің дұрыс-бұрысын анықтамайды, өйткені ол догма, ол күнә! Ертеректегі шіркеу көсемдері, ғұламалар (!), оқымыстылар (!) оның бәрін анықтап қойған, олар тек көр соқыр соны орындаса болғаны!!! Дарвин маймылдан адам шығарса, бұлар адамды маймылдандырумен әлек.

Дін саясаттың құралы болып барады

Қазір арабтың әйелдеріне кимешек кигізе алмайсың.  Арабқа қымыз ішкізе алмайсың, қазы жегізе алмайсың. Ол домбыраның күйін де тыңдамас, қобызды да білмес.. Ал сен Аравияда тұрып қымыз ішкен, қазы жеп, домбыраның күйін тебірене тыңдаған араб туралы естіп пе едің? Менің айтпағым - біздің қыздар мен жігіттер Аравияға бармай жатып-ақ арабқа еліктеп, арабша киініп, балаларына қазақта бұрын соңды болмаған арабша есімдер беріп, мұсылманданып жатырмын деп арабилануда. Міне бұл жаңағы дінни секталардың жемісті еңбегінің нәтижесі. Осы арқылы сана-сезімі шайқалған ұлт ертең жерінен де елінен де айырылып қалуы мүмкін. Міне бұл біздің мұнайлы аймақтарымыз Ақтөбе мен Атырауда, Маңғыстауда вахабистер мен салафиттердің, құраниттердің қаптауының, толассыз жарылыстардың болуының себебі.

Бұл туралы әйгілі Африка көсемі: Нелсон Манделланың: «Европалықтар Африкаға келгенде қолдарында Інжіл ғана бар еді, жер африкалықтарда болатын. Кейін Інжіл африкалықтардың қолына өтті де Жер европалықтардың қолына өтті» - деп осы шындықтың бетін ашқан болатын. Қазір біздеде тура сондай процесс жүріп жатыр. Есімізді жинап, ақыл-парасатымызбен Алланы танып, сана мен сенімді жаулай бастаған Дінни экстремизімді, дінни түс алған ЗОМБИЛЕНДІРУ жолына тосқауыл қоймасақ ертең-ақ күлімізді көкке ұшыруы мүмкін. Әсіресе елімізде Араб елінің дінни бағыты деп танылған, арабтардың берекесіздігі мен әліде байлықтарын Батыс елдерінің ойыншығына айналуларына себеп болған діни ағымды күшпен, зымияндықпен енгізуде. Тіпті аты шулы ағаларымызда осылардың соңынан еріп, өз елінің көрін қазып жүргеніне күллі халық куә.

Қазіргі Қазақстандағы таралып жүрген вахаббистер мен салафиттер, құраниттер ешқашан өздерінің сенімінің қате-дұрыстығы туралы ойлап та қоймайды. Тіпті оларүшін ойлау да күнә. Олар жаңағы зымиян саясаттың құлдары. Кез келген кезде дін басшылары «Жарыңдар, көтеріліңдер, сендердің ойлаған Ислам мемлекетін орнатамыз» десе, барлығы қаптап шығады, тіпті ел тағдырын трагедияға ұластырады. Міне бұлар нағыз дінді желеу етіп, дайындалған ЗОМБИЛАР. Сіз қазіргі Араб елдерін зерттеп көріңіз, тұп-тура осылардың жеңіске жетіп, елін күйретіп, байлығын басты елдеріне үлестіріп жатқанын түсінесің.  Енді олар байлығы мол Орта Азияға аяқ басты.  Қазақтың «ұлттық салт-санасы  Аллаға серік қосады», «Әбу Ханафия мәзһабында қателік бар» деп қазақтың арасына жік салып жүргендер тура сол секталар. Олар шынын айтқанда Исламның нағыз жауы.

Әдетте мұндай сектада жүргендерде төмендегідей мінез бен таным болады:

  1. Әке-шешесінің айтқанын орындамайды. Олар үшін «Братиялары» маңызды. Ұлт емес, секта үшін жұмыс жасайды. Олар үшін ұлт жоқ.
  2. Қатыгез. Бұлар кез келген кезде әлде бір басшыларының бұйрығымен өздерін өздері жарып жіберуі мүмкін. Өздерінің басқа сектада екенін мойындамайды, тіпті өштесіп өлтіріп жіберуі мүмкін психологиялық дертке шалдыққан ауыру адамдар. Тоңмойын. Қазір қоғамдада адамдар бұлар туралы айтудан қорқатыны содан. Тіпті мемлекет қайраткерлері де олар туралы жәйшылықта айтқанмен ресми түрде айтудан қорқады. Мұны Ресей  ғана өз деңгейінде айтты, әрі шектеді.
  3. Тек өздерін мұсұлман санап, қалғандарын не Мүшірік, не Кәпір санайды.
  4. Өздерінің топтағы адамдарды қатты құрметтеп, соның айтқанын нағыз дұрыс деп түсінеді. Басқаша ойламайды. Егер ол адам «Жарыл» десе жарылады. Былайша айтқанда Зомбиге айналған.
  5. «Аллаға серік қосу» немесе «Ахидасы дұыс емес» деген сөздерді көп айтады. Олар шын мәнінде амалды ниетпен шатастырғандар. Мысалы қазақтар бұрын отқа табынған деп санап, бесікті отпен аластауды мысал етеді. Шын мәнінде ол кезде қазақта прожектор жоқ болған соң от арқылы түнде бесікті қарап, ішінде жылан-шаян жатпасын деген сақтану екенін, отпен аластағанда құран айаттарын оқып, Алладан балаға тілек тілейтінін, оттан жаман нәрселер қашатынын түсінбейді.  Түсінуге тырыспайды.  Тіпті Ұлық пайғамбарымыз Мұхаммет(с.ғ.с) жиендеріне таққан тұмарды да Аллаға серік қосу санайды. Міне бұл олардың амал мен ниетті ажырата алмайтындығының дәлелі.
  6. Ұлттық салт-сананы негізсіз айыптып, «Аллаға серік қосу»  ретінде қарайды. Құран оқуды, сәлем жасауды діни мәселе ретінде көтеріп, дінді күрделендіреді.
  7. Тек бір жақты діни көзқараспен ғана өмір сүруді дәріптейді. Ғылми, тарихи, саяси мәселелердің бәрін жоққа шығарады немесе ондайды ойламауға шақырып, адамдарды өз сектасына тартуға әрекеттенеді.

Қазір Ресей бұл жағынан дұрыс саясатты  жолға қоюда. Атап айтқанда «Ислам дінінің Әбу Ханафия мәзһабын ел ішінде қолдап», басқа секталарды шектеді. Осылайша масондардың дін арқылы бөлшектеу ниетін тойтарды. Жұрт та кезінде «Шешен соғысының»  вахабистердің зомбилерімен болған соғыс екенін түсіне бастады.  Тіпті кеше ғана сол вахабистер осы секталармен нәтижелі күрес жүргізген   Татарстан мүфтилерін жарып жібергені белгілі. Өткен жылы Орыс Ішкі Істер Министрі Рашид Нұрғалиев осы діни секталар атып өлтірген әскери қызыметкерлердің неше мыңдаған жесірлерін жинап, үлкен жиналыс жасады, осылайша  әлгі секталардың сұмдығын әлемге паш еткен болатын. Енді бізге бұл жағынан орыстардан үйрену керек шығар.

Сақалдары қауғадай, балағы қасқа жандардың сана-сезімі мен ақылы да қысқа екенін, діни ЗОМБИЛАРҒА айнала бастағанын  түсінетін кез жетті. Қазір Қазақстандада осындай діни ЗОМБИЛЕР мен ЗОМБИГЕ айналдыруды мақсат еткен секталар толып жатыр. Атап айтқанда вахабистер мен салафиттер, құраниттер солардың мысалдары. Күллі Араб жұртын ойрандап, байлығын талан-таржыға түсіруге себепкер болған  діни ЗОМБИЛЕР Ресейден шектеліп  енді Орта Азияда қоныстанып жатыр. Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау обылыстарында жауыннан кейінгі  көктей қаптаған бұл секталарды үкімет шектеседе, әлі де нақты қадамға бармауда. Оның үстіне ел сенетін кей ағаларымыз бен көкелеріміз ақша мен атақ үшін солардың сойылын соғып жүргені де ащы шындық.

Алла Тағала ниеті жаман, дін атын жамылған қаскөйлерден сақтасын. Атақ пен ақшаға құнығып елін сатқан сатқындардан сақтасын, Мәңгүрттенген дін иелерінің сойқанынан сақтасын, төрт жағын түгел ұстамаған дүмшеліктен сақтасын!

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576