Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаһан жаңғырығы 4657 8 пікір 4 Тамыз, 2022 сағат 15:00

Қарабақта тағы атыс

Қарабақта қайта қан төгілді. Екі жыл бұрын 44 күнге созылған алапат соғыс ошағында тағы атыс болды. Басқыншы армян әскері тағы да келісімді бұзып, келіссөзді орындамады. 

2020 жылы 9-қарашада Армения, Ресей және Әзербайжан үшжақты келісім жасаған болатын. Келісімге сай Армения Қарабақтағы жеті ауданның бесеуін өз еркімен қайтаруы тиіс еді. Ал қалған екі аудан бес жылдың ішінде біртіндеп қайтарылуы қажет. Әзербайжан соғыста төрт ауданды ұрыспен алса, қалған біреуін келісіммен қайтарды. Қарабақтың жүрегі саналатын Шуша қаласын қайтарған соң, Ереван еріксіз келіссөз үстеліне отырып, шарттарды орындауға келісті. Алайда әлі күнге дейін құжатта жазылған міндеттемелерді түлкібұлаңға салып, орындамай келеді.

Келісім бойынша Армения Қарабақтағы барлық әскерін шығаруы тиіс болатын. Әне-міне деп созбалақтаған Армения, маусым айында барлық әскерін әкетеміз деп уәде берген еді, алайда әдеттегідей уәдесін орындамады. Маусымда күзде шығарамыз деп мәлімдеді. Осылайша уақыт созып келеді.

Келісімнің тағы бір тұсынды олар миналанған аймақтың картасын Бакуге беру керек болатын. Алайда берген карталарының дәлдігі жиырма пайызға да жетпейтіні анықталды, яғни осы арқылы олар Әзербайжан саперларын минаға айдап салмақ болды. Бұл Әзербайжан билігінің талабын мазат ету іспеттес қабылданды.

Тамыз айының басында Армения Қарабақта қақтығысты ушықтырып, жағдайға Ресей әскері мен ҰҚШҰ әскерін тарту мақсатында бірнеше арандату әрекетіне барды. Ресей бітімгерлік күштерінің бақылауында тұрған аймақта Армения арандату жасап, Әзербайжан әскерінің позицияларын атқылады. Салдарынан бір сарбаз қаза тауып, бірнешеуі жараланды. Баку қарымта соққы жасауға мәжбүр болып, "Кек" атты операцияны жариялады. Ол бойынша Ходжалы аймағын бақылауға болатын "Қырыққыз" биіктігі мен өзге төрт биіктікті қайтарып алды. Арменияның әскери бекеттеріне соққы жасап, әскери штабын атқылады. Басқыншының оннан астам сарбазы қаза тауып, жарақат алды. Артиллерия және бронды техникалары талқандалды.

Әзербайжан Арменияны келісімді бұзды деп айыптады. Армения керісінше кінәні Бакуге үйіп-төгуде. ҰҚШҰ болса екі жақты келісімге келуге шақыруда. Арменияда Қарабақ соғысынан кейін саяси дағдарыс ушықты. "Пашинянды тақтан тайдырып, Қарабақты басып аламыз" дейтін реванштық күштер күш алуда. Бұл Армения елін толық күйретуі мүмкін.

Әзербайжан Қарабақтың қайтарылған аудандарында құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Шуша қаласында қарқынды түрде түрлі нысандар салынуда. жау қолынан азат етілген аудандарды минадан тазарту іске асуда. Физули ауданында халықаралық талапқа сай әуежай ашылды. Бұл Бакудің аталмыш аймақты қалай дамытуға мүдделі екенін көрсетеді.

Abai.kz

 

 

 

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347