Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3067 0 пікір 11 Желтоқсан, 2012 сағат 08:06

Үндеу: «Дінде экстремизм жоқ»

«Дінде экстремизм жоқ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция қатысушыларының

ҮНДЕУІ

2012 жылғы 10 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында дінтанушылар қауымдастығы, діни және қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен болып өткен «Дінде экстремизм жоқ» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылар Қазақстан қоғамының басымды, әрі кешендік құндылығы ретінде қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың сақталуын атайды.

Экстремистік бой көрсетулер және радикализм мен фанатизм идеологиясы дәріптеу біздің зайырлы қоғамымыз үшін қауіп-қатер болып табылады. Экстремистік және лаңкестік топтардың рухани демеушілері дінді жамылып, арам пиғылды әрі күмәнді саяси мақсаттарды  пайдалануға әрекет жасауда, әсіресе діни сауатсыз жастарды баурап арандатуда.

Конференцияға қатысушылар терроризм мен экстремизм идеологиясы діннің шынайы құндылықтарымен еш үйлеспейді деген ортақ пікірді ұстанады. Біз лаңкесшілдік идеологиясын тамырымен жойып, ізгіліктің жалпы адамзаттық құндылықтарын орнықтыру үшін бүкіл күш-жігерді жұмсауға тиіспіз.

Конференцияға қатысушылар діни бірлестіктер өкілдерін, ғалымдар мен зиялы қауымды экстремизм мен терроризмнің бүлдіруші болмысын айыптауға және де оның діннің шынайы мазмұнымен еш сәйкеспейтінін әрдайым әшкерелеп отыруға шақырады.

Біз қоғам мен мемлекеттің қоғамдық санаға экстремизм идеологиясының енуіне кедергі келтіру мен діни сауаттылықты арттыруға байланысты барлық бастамаларын қолдаймыз.

Біз, ғылыми қауымдастық, діни бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының радикалдық ағымдар пропагандасына қарсы зияткерлік әлеуетін топтап, күш біріктіруіне құлшыныс білдіреміз.

Бүгінгі пікір алмасудың өзектілігі мен маңыздылығын атап өте отырып, конференцияға қатысушылар конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту және экстремизм мен терроризмге қарсы күресуде бірлесіп жемісті қызмет етуге деген әзірлігін жариялайды.

Конференцияға қатысушылар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдағы татулық пен келісімнің, тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарына бірауыздан қолдау білдіреді.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572