Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 3191 0 пікір 11 Желтоқсан, 2012 сағат 23:46

Қайрат Лама Шариф. Дінде экстремизм жоқ

Бүгінде Қазақстан Республикасы конфессияаралық және этносаралық келісім салтанат құрған ынтымақты елдің үлгісіне айналып отыр. Кеңес Одағының және атеистік жүйенің ыдырауы рухани кеңістік бос қалған жылдарда ұмытылып кеткен қазақстандық қоғамның ұлттық және діни дәстүрлерінің қайта жаңғыруына серпін берді. Қазіргі таңда дін қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан мемлекет Қазақстандағы діни қатынастарды дамытуға әрқашан ерекше көңіл бөлуде.
Біз діни экстремизмнің алдын алу бағыттарының бірі ретінде Қазақстан қоғамын рухани ағартуға ерекше көңіл бөлеміз. Қазақстандықтар діни көзқарасының әркелкілігіне қарамастан, зайырлы елімізде имансыздық, діни ой-пікірлердің радикалдануы секілді шектен шығушылықтардың таралуына жол бермеу жолында бірігуі керек.
Республикадағы діни ахуал жалпы алғанда тұрақты екенін атап өткен жөн. Дей тұрғанмен, еліміздің жекелеген аймақтарында діни экстремизм ошақтарының шоғырлануы байқалады.
Еліміздің батыс өңірлеріндегі бірқатар лаңкестікті ұйымдастыру әрекеттері, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің астыртын экстремистік топтарды әшкерелеуі, осындай топтардың мүшелерімен жүргізіліп жатқан сот процестері осы үдерістердің көріністері болып отыр.

Бүгінде Қазақстан Республикасы конфессияаралық және этносаралық келісім салтанат құрған ынтымақты елдің үлгісіне айналып отыр. Кеңес Одағының және атеистік жүйенің ыдырауы рухани кеңістік бос қалған жылдарда ұмытылып кеткен қазақстандық қоғамның ұлттық және діни дәстүрлерінің қайта жаңғыруына серпін берді. Қазіргі таңда дін қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан мемлекет Қазақстандағы діни қатынастарды дамытуға әрқашан ерекше көңіл бөлуде.
Біз діни экстремизмнің алдын алу бағыттарының бірі ретінде Қазақстан қоғамын рухани ағартуға ерекше көңіл бөлеміз. Қазақстандықтар діни көзқарасының әркелкілігіне қарамастан, зайырлы елімізде имансыздық, діни ой-пікірлердің радикалдануы секілді шектен шығушылықтардың таралуына жол бермеу жолында бірігуі керек.
Республикадағы діни ахуал жалпы алғанда тұрақты екенін атап өткен жөн. Дей тұрғанмен, еліміздің жекелеген аймақтарында діни экстремизм ошақтарының шоғырлануы байқалады.
Еліміздің батыс өңірлеріндегі бірқатар лаңкестікті ұйымдастыру әрекеттері, құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтердің астыртын экстремистік топтарды әшкерелеуі, осындай топтардың мүшелерімен жүргізіліп жатқан сот процестері осы үдерістердің көріністері болып отыр.
ҚР Бас прокуратурасының мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың 10 айында экстремизм мен терроризмге қатысты 112 қылмыс анықталған. Ұлттық қауіпсіздік Комитеті биылдың өзінде 24 лаңкестік әрекетке тосқауыл қойды. Соңғы бес жылдың ішінде басқа мемлекеттер аумағында лаңкестік ұйымдардың іс-әрекеттеріне қатысы бар Қазақстанның 40 азаматы ұсталды. Олардың заңсыз қарулы құрылымдардың лаңкестік іс-әрекетіне қатысқаны да анықталды. Қазақстанда халықаралық террористік және экстремистік ұйымдардың 68 мүшесі ұсталды.
Сондықтан біздің бүгінгі кездесуіміз мемлекет пен бүкіл қоғамның діни экстремизм мен терроризм қауіп-қатерлеріне қарсы әрекет етуге бағытталған белсенді жұмыстарымен астастырыла өтуде. Қазақстанның барлық аумағында дінтанушылар, мешіт имамдары, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғамдық қайраткерлерден құралған ақпараттық-насихат топтары ұйымдасқан түрде жұмыс жүргізуде. Басты міндет - дін атын жамылатын экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу.
Барлық әлемдік діндердің биік адамгершілік және гуманистік құндылықтар мен идеяларды насихаттайтыны баршаға белгілі. Бұған Қазақстанда төрт дүркін өткізілген Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері куә бола алады. 2013 жылы Съездің 10 жылдық мерейтойын атап өту жоспарлануда.
Міне, сондықтан да біз «дінде экстремизм жоқ» деп нық сеніммен айта аламыз. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылы жазған «Сындарлы он жыл» кітабының екінші бөлімі дәл осылай аталады.
Көптеген мемлекеттер зайырлы сипатқа ие, дей тұрғанмен діннің қоғамда дербес күйде, яғни өзімен-өзі әрекет етуіне жол берілмейді.
Шынайы дін адамзатқа тура жол нұсқаушы ретінде адамды, азаматты адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуі, отансүйгіштікті, гендерлік теңдікті арттыруы, өшпенділік пен басқыншылықты былай қойғанда, адамдарды теріс іс-әрекет атаулыдан сақтауы керек.  
Дін қоғамда өзінің сындарлы рөлін атқаруы тиіс, келіспеушіліктердің алдын алуға көмектесіп, әлеуметті біріктіруі қажет. Басымдықтарды айқын және нақты белгілеп, діни білім берудің тәсілдері мен стратегиясын жасап шығару қажет. Бұл аса маңызды іс, өйткені біз қоғамдағы жастардың рөлі туралы айтып отырмыз. Зайырлы білім де, діни білім де адамды тәрбиелеп қана қоймай, оны дұрыс жолға бағыттап, оның ойдан шығарылған бұрмалаушылық нанымдардан айығуына септесуі қажет. Адамдардың діни білімі тек халық игілігі үшін жұмсалуы керек.
Біз үшін XXI ғасырдың артықшылығы - қазақстандықтардың сана-сезімінің, білім деңгейінің жоғары болуында. Біздің әрқайсымыз Қасиетті Құран, Библия және Талмуд секілді діни түпдеректерді алып оқуға және әлемдегі бірде-бір діннің зорлық-зомбылық жасауға, соғысқа немесе өшпенділікке шақырмайтынын түсінуге қабілеттіміз. Ал көзі ашық, көкірегі ояу тұлғаның теріс пиғылды араңдатушылықтарға елігу ықтималдылығы өте төмен болатыны айдай анық.
Экстремизм қатерлі ісік дерті іспеттес. Егер уақтылы алдын алу жұмыстары жүргізілмесе, уақыт өте келе тамырын тереңге жіберуі мүмкін. Сондықтан қарапайым халықтың діни сауатты болуы өте маңызды әрі қажетті болып табылады. Ал діни сауаттылық - бұл оқыту, ағарту және әдебиеттер арқылы алынатын білім.
Бүгінгі таңда елдегі ахуалды сыни тұрғыдан бағалау негізінде тұрғындардың дін атын жамылған жат идеологиялық екпелерге қарсы берік діни иммунитетін күшейтетін дүниетанымдық көзқарастарды қалыптастыру мәселесі аса өзекті болып отыр.
Өкінішке қарай, белгілі бір күштердің адамдардың діни сауатсыздығын, орнықпағанын, қарсылық райындағы көңіл-күйлерін, жекелеген әлеуметтік-экономикалық қиындықтарға тап болып отырғанын пайдалана отырып, сенушілердің діни сезімдерін алдап, ой-санасын жаулап, экстремистік әрекеттер арқылы өмірдің барлық қиындықтарын бір мезетте шешуге болатыны туралы жалған идеяларды алға тартатын фактілерімен ұшырасып отырмыз.
Талдаулар нәтижесі көрсеткендей, әлемде экстремистердің бүлдірушілік әрекеттерінің Ауғанстанда, Кавказда, Ливияда, Сирияда және ғаламшардың басқа да қауіпті жерлерінде бірдей қолданылатын әмбебап стратегиясы мен тәсілдері қалыптасқан.
Біздің еліміз тәуелсіздіктің 20 жылдан астам кезеңінде көптеген қауіп-қатерлерге тап болды, алайда өзінің бірегей қазақстандық жолымен жүре отырып, олардың бәрін жеңе алды. Радикализм мен экстремизм мәселелерінде де бізге дайын нұсқаулықты ешкім ұсынбайтындығына сенімдіміз. Оны біз өзіміз қалыптастырамыз.
Анти-экстремистік нұсқаулықтың ұстанымдары ретінде қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың конституциялық артықшылықтарын сақтау, конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту, азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын жүзеге асыру, «дінде экстремизм жоқ» деген айғақты қабылдау болып табылады.  
Елбасы «Сындарлы он жыл» атты кітабында былай деп атап өтеді: «Фундаменталистер тарапынан болатын шетін агрессиядан немесе тұрақсыздықтан қауіптеніп, діннің өзіне, Ислам дініне қатысты қатал саясат ұстану, менің пайымдауымда мәнсіз де мағынасыз тірлік. Олай болатыны, мәселе дін мен оның бұрмалану мүмкіндігінің қисынсыз қосақталуында емес, бұл жерде тек қана теологиялық көзқарастарын қорғағансып емес, сонымен бірге Сенімнің өзін де қорғағанситын діни тыйым режимдеріне қарсы шетін діни радикалдардың шетін күрес тәсілдеріне барулары да елеулі себеп болып отыр». Бұл орайда Елбасымыз былай ескертеді: «Бұл жағдайда да қауіп-қатердің зоры, Сенімді жору мен Сенімнің өзінің арасындағы айтарлықтай айырмашылықтың ескерілмеуінде болса керек».
Бұл мәселеде Мемлекет Басшысы діни экстремизм құбылысына алдын алу саясаты мен алдын алу әрекеттерінің түрлі нұсқалы әдістемесі тұрғысынан мұқият қарауға шақырады.
Бүгінгі күні дін қызметкерлері мен мешіт имамдарына қатысты көптеген сындар айтылуда, ол бірінші кезекте олардың діни экстремистер мен қандай да бір радикалды діни көзқарастардың жақтастарына тең дәрежеде және уақтылы қарсылық көрсете алмауымен байланысты болып отыр. Бір жағынан, қоғам дін атын жамылған экстремизмнің айқын қауіп-қатерімен бетпе-бет келіп отырғанда мұндай наразылықтардың болуы заңдылық. Қазір ислами дін қызметкерлері сенушілердің діни мұқтаждықтарын қанағаттандыру жөніндегі жұмыстарды өздерінің діни білімі шеңберінде жүзеге асыруда. Түрлі деңгейдегі діни оқу орындарында оларға бірінші кезекте діни рәсімдерді өткізу, діни құлшылықтардың әртүрлі түрлерін жүргізу және ұйымдастыру бойынша білім береді. Сондықтан, университет дипломы немесе медресе куәлігі бар имамды діни экстремизмге қарсы күрестің дайын маманы ретінде қабылдай алмаймыз.
Алайда, аталған жағымсыз құбылыстың айқын қауіп тудырып отырған жағдайында барлық дін қызметкерлерінің осы бағыттағы біліктілігін жоғарылата отырып, ортақ іске жұмылдыру қажет. Уақыт өз талабын қояды. Сондықтан, мешіт имамдарына ислам ілімдері, шариғат және фикх қағидасында, сондай-ақ, әлеуметтану, конфликтология мен психология тәрізді зайырлы ғылымдар тұрғысында радикализм мен экстремизмге діни-идеялық тұрғыдан қарсы тұру әліппесін, яғни негіздерін оқытудың жүйелі бағдарламаларын қалыптастырып, іске қосу қажет деп есептейміз.
Біз Ислам дініне деген фанаттық пен немқұрайды қарым-қатынастан жоғары тұратын парасатты мұсылман тұлғасын тәрбиелеуге мүдделіміз.
Қазіргі қазақтардың дәстүрлі діні біздің ата-бабамыздың көп ғасырлық тәжірибесіне негізделген. Ұлы Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп ұстанған қазақтардың дәстүрлі мұсылмандығында басты негіз ретінде соқыр сенім емес, ақыл-парасат алынған. Ұстамдылық және қоғам бірлігін қорғау идеялары көптеген қазақ ойшылдарының философиялық еңбектерінде көрініс тапқан және бүгінгі қазақстандық қоғам арасында да кеңінен таратуға лайықты. Қазақ даласының әл-Фарабидан бастап Абайға дейін жалғасқан 1100 жылдық рухани тарихы бар.
Біз Ислам дінінің де, қазақ халқының да терең рухани дәстүрлері мен құндылықтарының ұлы тарихи тәжірибесі үйлесімді түрде кіріктірілген қуатты дүниетанымдық парадигма қажеттігін атап айтуға тиіспіз.
Бүгінгі таңда Дін істері агенттігінің қызметі рухани және идеологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздерін қалыптастыруға бағытталған. Еліміз үшін жат діни ілімдердің жаппай таралу қаупі бар екенін ескере отырып, осы мақсатқа азаматтық қоғамның барлық салауатты күшін жұмылдыру қажет. Халықтың жалпы рухани тұтастығының құрамдас бөлігі ретіндегі діни сауаттылықтың жеке ведомстволық емес, жалпы мемлекеттік мақсат болып табылатынын барша қоғамның түсінуі қажет.
Агенттік тарапынан жүргізіліп отырған кең ауқымды шаралар мемлекеттік-конфессиялық қатынастарды жаңа өркениетті деңгейге көтеруге, діни ахуалды оңалтуға, Қазақстанда дінге сенушілердің құқықтары мен бостандықтарын тиімді түрде қорғауға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.

Қайрат Лама Шариф  
Қазақстан Республикасы
Дін істері агенттігінің төрағасы
«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1492
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3261
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5584