Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2637 14 пікір 19 Тамыз, 2022 сағат 15:30

Ресей: Қазақстанда орыс тілі барлық мектепте оқытылады

Ресей СІМ Ақпарат және баспасөз департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев Қазақстан мектептерінде орыс сыныптарын жабу жоспарланып отыр деген жаңалыққа пікір білдірді.

"Қазақстан мектептердегі орыс сыныптарын алты-жеті жылда жабуы мүмкін деген ресейлік және қазақстандық БАҚ-та пайда болған ақпаратқа қалай түсініктеме бере аласыз?" - деген сұрақ қойылды.

Бұған Иван Нечаев: "15 тамыз күні ресми қазақстандық Stopfake.kz порталы бұл сыбысты жоққа шығарды. Қазір әлеуметтік желілерде белсенді түрде жарияланып, " Қазақстандағы орыс мектептерінің болашағы жоқ па?" деген жаңалық екі жыл бұрын эфирге шыққан. Онда орта білім беру саласындағы үрдістер, оның ішінде республиканың орыс тілді мектептеріндегі оқушылар санының азаюы талқыланды", - деп жауап берді.

"Ел басшылығының орыс тілді сыныптардан бас тарту жоспары туралы айтатын болсақ, бұл туралы Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова түсініктеме берді. Атап айтқанда, ол ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және қазақ пен орыс  тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі бұрынғы режимде оқытылып жатқанын, басқа жоспарлар жоғын айтқан болатын", - деп қосты Нечаев.

Нечаев ресми деректер бойынша, 2022 жылы Қазақстанда орыс тілінде оқытатын 1 160 мектеп (16,6%); қазақ және орыс тілдерінде оқытатын 2047 мектеп (29,4%) жұмыс істейтінін атады.  Қазақстанда орыс тілінде оқитындардың үлесі 30,9% - ды құрайды. Сонымен қатар, орыс тілі пән ретінде барлық мектептерде оқытылады.

"Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та Ресей – Қазақстан ынтымақтастығына қатысты "фейктердің" күрт артуына назар аударды. Оларды артында Ресей мен Қазақстанды араздастыру, сондай-ақ Қазақстанның көпұлтты қоғамының ішінде шиеленіс болғанын қалайтындар тұрғанын жоққа шығармаймыз", - деп түйіндеді Иван Нечаев.

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443