Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5357 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 09:07

СҚО-да «Көкнәр-2009» операциясы шеңберінде 48 кг есірткі тәркіленіп, есірткі саудасы саласында 59 қылмыс ашылды

Петропавл. 29 шілде. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында «Көкнәр-2009» операциясы шеңберінде 48 кг есірткі заңсыз айналымнан алынды, соның ішінде 31 кг гашиш, 15 кг-дан аса марихуана, 700 грамм героин бар. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне СҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметіндегілер еске салып өткендей, 2009 жылдың мамыр айынан бері республиканың аумағында «Көкнәр-2009» кең көлемді жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Оның басты мақсаты –  есірткіні заңсыз тұтыну мен оның заңсыз айналымының өсуін тоқтату, құрамында есірткісі бар өсімдіктердің егістерін анықтап, жою, есірткіні дайындау, әкелу және шығару арналарын жою, есірткі заттарын тұтынатын адамдарды анықтап, тіркеуге алу.

«Акция жүзеге асырыла бастағалы СҚО ІІД есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысты 59 қылмысты ашты, оның 44 оқиғасы - есірткі сату. 21 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Жыл басынан бері есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар 72 адам жауапқа тартылды», - деді баспасөз қызметіндегілер.

Олардың ақпараты бойынша, есірткі және психотропты заттарын облыс аумағы арқылы автокөлікпен тасымалдаудың контрабандалық арналарын жою мақсатында бақылау-өткізу бекеттерінде қызметтік іздестіру иттерімен бірге кинолог- инспекторлардың тәулік бойғы кезекшілігі ұйымдастырылды. Олардың көмегімен 200-ден аса автокөлік тексерілді. Бұдан басқа, транзитпен РФ-ға бет алған Орта Азия Республикаларының  500 азаматы тексерілді.

«Көкнәр-2009» операциясы шеңберінде есірткі бизнесімен күрес жөніндегі арнайы бөлімшенің қызметкерлері есірткі заттарының айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Қарағанды және Павлодар облыстарының ІІД-мен бірлескен операция жүргізу барысында республиканың оңтүстік аудандарынан есірткі заттарын жеткізіп, сақтап, ары қарай Петропавлда сатумен айналысқан 4  адам ұсталды. Арнайы операцияның нәтижесінде 31 килограмм гашиш тәркіленді. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

«Көкнәр-2009» операциясы қазан айының соңына дейін жалғасады.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036