Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 2657 8 пікір 25 Тамыз, 2022 сағат 15:39

«Врублевский верно сказал!»

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Украина елшісі Петр Врублевскийді шақырып, оның Украинадағы соғыс және ресейліктер жайлы айтқан пікіріне қарсылық білдірді, деп хабарлады «Азаттық» радиосы.

Төтенше және Өкілетті елші деген атағы бар, өз елінің мүддесін мұрат қылған дипломат қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген видео-сұхбатында не деп еді (қаз-қалпында – фрагмент):

«Стараемся убить как можно их больше. Чем больше мы убьем русских сейчас, тем меньше придется им убивать наших детей. Вот и все!» – деген еді елші.

«Қазақстан халқының ассамблеясы» деп аталатын қосамжарланған құрылым елшінің осы сөзіне наразылық білдіріп, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен реакция жасауды сұраған екен. Ал біздің СІМ «мұндай мәлімдеме шетел елшісінің қызметіне лайықсыз және орынсыз деп есептейді» деп, елпең қаққан екен.

Иә, дұрыс! «Мұндай іс-әрекет мемлекеттер арасындағы достық мәмілеге кедергісін тигізбеуі тиіс» (СІМ-нің мәлімдемесінен). Дипломатиялық қызметтің ережесі мен этикасы солай болса керек. Дау жоқ!

Бірақ дау басқада. Рашизмнің оккупант әскері бейбіт халқы мен соғысқа қатысы жоқ әлеуметтік-тұрмыстық ғимараттарына ракета мен снаряд жаудырып жатқанда, елші не деуі керек еді?! Дүние жүзі айыптаған алапат соғыста орыстың оғынан қырылып жатқан украиналықтардың өлгені дұрыс болды деуі керек пе?

Рас, «убьем русских» дегені доғалдау болды... Қанішер билігіне «заложник» болған тұтас халықты ғайбаттау – дипломат түгілі, дені дұрыс адамға артықтау сөз. Бұл енді елшіден гөрі, өз елінің патриоты, жанкешті азаматы еріксіз эмоцияға беріліп айтқан сөз болса керек.

Бұл орайдағы ой-жоралғының жөні бөлек. Мәселенки, биылғы қанды қаңтарда қазақтар қырылып жатқанда, ассамблея ай бағып жүрді ме?! «Убиты безвинные казахи» деуге дәті бармаған, кешірерсіз оқырман, қазақтар «қырықсідік» дейтін сөзге сықпыты сай құрылым қанды қырғынға қатысты бір ауыз сөз айтпап еді ғой!

Енді елшінің аузынан ашуға булығып шыққан сөзге шоршып түсерліктей не болды?! Әлде бұл ассамблея орыс пен Ресейдің ғана жалғыз жоқшысы ма еді? Орыстың озбырлығымен грузиндер Абхазиядан айырылып жатқанда, Кремльдің кесапатынан молдовандар Днестрдің екі жағына қақ жарылғанда, ресейлік авиация Сирияның халқын қырып тастағанда қыңқ етпеген ассамблея елі үшін еңіреген елшінің бір ауыз сөзіне бола бұлқан-талқан болғаны қалай?

Міне, елшіні біз осы жерде қорғаймыз! Ассамблеяда отырғандар асылып қалса да, орысшалап осқырынсақ: «Как истинный патриот своей страны Врублевский верно сказал!» – дейміз. Ел арасындағы ауызекі сөзбен анайылап айтар болсам, «ал мені қылып алыңдаршы!».

Ермұрат Бапи,

DAT

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5345