Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5140 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 09:08

Республикалық бюджет бірінші жарты жылдықта 142,5 млрд теңге тапшылықпен орындалды

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ  – Қазақстанның Республикалық бюджеті осы жылғы қаңтар-маусымында 142,5 млрд теңге тапшылықпен орындалды, деп хабарлады агенттікке қаржы министрлігінен.

Қаржы министрлігінің мәліметтері бойынша, осы аралықта бюджетке жалпы түсім көлемі 1 трлн 364,58 млрд теңге, жалпы шығын – 1 трлн 507,1 млрд теңге болды.

Жалпы түсімнің ішінде кіріс 1 трлн 361,4 млрд теңге, бюджеттік кредиттерді өтеуге - 2 млрд 912,7 млн теңге, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдер - 267,9 млн теңге болды.

Бюджеттің жалпы шығынында жұмсаулар 1 трлн 461 млрд теңгені құрады, бюджеттік кредиттер - 7 млрд 380,6 млн теңге, қаржылық активтерді сатып алуға - 38 млрд 722,5 млн теңге кетті.

Республикалық бюджеттің кіріс бөлігі 2009 жылға, заң бойынша, 2 трлн 837,4 млрд теңге, шығысы – 3 трлн 411 млрд теңге, тапшылығы – 573, 6 млрд теңге, немесе биылдыққа болжанған ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 3,4%-ын құрайды деп бекітілген.

Бюджет-2009-ға Brent қоспасындағы мұнайдың жылдық орташа бағасы барреліне $40 деп есептелген. Соңғы ресми болжамдарға сай, биыл Қазақстандағы мұнай өндіру көлемі 2008 жылғы 70,7 млн тоннаға қарағанда 75-76 млн  тоннаны құрамақшы.

Ағымдағы республикалық бюджетте ІЖӨ-нің нақты өсуі, 2009 жылы базалық сценариге сәйкес, 1% болады деп көрсетілген. Жыл соңына инфляция деңгейі 11% болады деп болжанған.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036