Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5370 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 09:13

Павлодардың арақ-шарап зауытында тіркелмеген алкогольді өнім өндірілген – қаржы полициясы

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Айнагүл Бекеева. Павлодарда арақ-шарап зауытының аумағында ірі көлемде тіркелмеген алкоголь өнімдерін шығару оқиғасы анықталды, деп мәлім етті экономикалық қылмыстармен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай.

«Innova» ЖШС-іне тиесілі зауыт жұмыс күні біткен соң заңсыз алкогольді өнім өндірген.

«Салық органдары пломба қойған белгі жапсырушы аппараттың барабаны алынып, оның орнына басқа барабан қойылатын. Дайын өнім құйылған бөтелкелерге бес ай бұрынғы мерзім және қолдан жасалған тіркеу-бақылау маркалары жапсырылатын», - деді ол сәрсенбі күні брифингте.

Облыстық салық департаменті «Innova» ЖШС-іне тіркеу-бақылау маркаларын бір рет – 2009 жылдың 19 ақпанында 2000 дана көлемінде берген. Кәсіпорынның есептеріне сәйкес, бұл маркалар биылғы жылдың 16 ақпанынан 20 ақпанына дейін толық көлемде пайдаланды.

Алайда зауытта тексеру жүргізу кезінде жалпы саны бір миллионнан асатын, нөмерлері қайталанатын тіркеу-бақылау маркаларының 234 рулоны табылған. Сонымен қатар, «қара бухгалтерия», компьютерлік техника жасырылған құпия орын анықталып, жалған кәсіпорындардың мөрлері табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар, қоймадан күмәнді тіркеу-бақылау маркалары жапсырылған  400 мыңнан аса бөтелке көлемде «Innova» ЖШС-інің және басқа өндірушілердің алкогольді өнімі табылды.  

Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр.

«Жалпы, жыл басынан бері қаржы полициясы органдары осы салада 38 қылмыстық іс қозғаған. Қолдан жасалған тіркеу-бақылау маркаларының 2 млн данасы тәркіленді, заңсыз айналымнан 179 млн теңгенің алкогольді өнімі алынды. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 149 млн теңгенің өнімдері тәркіленген болатын», - деп қорытындылады қаржы полициясының өкілі.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036