Жұма, 7 Қазан 2022
Билік 2616 64 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 11:30

Күзде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Отырыста Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда. Біз Жолдауда айтылған маңызды мәлімдемелерді түртіп жазып, оқырман назарына ұсынбақпыз:


Президент: «Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды», - деді.

***

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз «Азамат – бизнес – мемлекет» арасындағы қатынасты түбегейлі өзгертеміз. Мемлекет, ең алдымен, бәріне бірдей мүмкіндік беріп, әділдік орнатады», - деді.

***

Мемлекет басшысы: «БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ. Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ. Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар», - деді.

***

Президент: «Базовая цель нашей экономической политики остается неизменной – качественный и инклюзивный рост благосостояния наших граждан. Приоритетами нового экономического курса станут: – стимулирование частной предпринимательской инициативы, то есть отход от госкапитализма и чрезмерного вмешательства государства в экономику; – развитие конкуренции, то есть обеспечение равных возможностей для всех; – и, конечно, справедливое распределение национального дохода».

***

Касым-Жомарт Токаев: «Первое. Административное регулирование цен снижает инвестиционную привлекательность целых отраслей, приводит к дефициту товаров и зависимости от импорта. Поэтому предстоит поэтапно отказаться от вмешательства государства в ценообразование. Исключение составят неконкурентные рынки – тарифы монополистов останутся под плотным контролем. Но контроль вовсе не означает давление».

***

Глава государства: «В стране изношены две трети сетей электроснабжения, 57% тепловых коммуникаций и почти половина водопроводных сетей. Эти цифры говорят сами за себя. Искусственное сдерживание тарифов чревато веерными отключениями, авариями, и, как итог, угрозой здоровью и жизни граждан. На монопольных рынках необходимо перейти к новой тарифной политике «Тариф в обмен на инвестиции». Показатели износа сетей и мощностей нужно сократить минимум на 15%».

***

Президент: «Второе. Для дальнейшей демонополизации экономики требуются институциональные решения. Следует на законодательном уровне определить понятие «конгломерат». Связанные друг с другом субъекты рынка обязаны получать разрешение на экономическую концентрацию».

***

Касым-Жомарт Токаев: «Третье. Устойчивый экономический рост напрямую зависит от понятной, предсказуемой налоговой политики. В целях перезагрузки фискального регулирования в 2023 году будет подготовлен новый Налоговый кодекс. Его наиболее проблемный блок – налоговое администрирование – должен быть полностью обновлен. Предстоит также обеспечить полную цифровизацию налогового контроля, исключив любое очное взаимодействие».

***

Глава государства: «Для развития цивилизованной торговли предстоит расширить применение розничного налога с адекватными ставками и простыми процедурами. В рамках налоговой реформы важно рассмотреть возможность введения так называемого «налога на роскошь». Он будет взиматься при приобретении дорогостоящих объектов недвижимости, транспортных средств и не затронет средний класс».

***

Президент: «Необходимо принять решительные меры для перекрытия всех нелегальных каналов ввоза машин впредь. При этом надо урегулировать ситуацию с такими автомобилями, ввезенными до 1 сентября текущего года. Для их легализации предлагаю применить в разовом порядке единый сбор за утилизацию и первичную регистрацию в размере, не превышающим 200-250 тысяч тенге. Эта мера должна коснуться автомобилей, не находящихся в розыске и прошедших таможенную «очистку».

***

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Келесі мәселе. Тексерушілердің тым көптігі. Олардың теріс әсер еткені белгілі. Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс».

***

Мемлекет басшысы: «Ұлттық қордың қаржысын тиімсіз жұмсау тоқтатылады. Бұл – өте өзекті мәселе. Қордың қаражатын аса қажет инфрақұрылымды дамытуға және еліміз үшін маңызы зор жобаларды қаржыландыруға жұмсаймыз. Бюджет үдерістерін барынша жеңілдету қажет. Мемлекеттік органдардың игерілмеген қаражатты келесі жылға қалдыруына мүмкіндік беру керек. Сол арқылы олар ақшаны бюджетке қайтарудың тиімсіз тәртібінен құтылады. Сонымен бірге, бюджетке қатысты тәуекелдерді басқару жүйесін іске қосу керек. Бұл жүйе квазимемлекеттік секторды да қамтуға тиіс».

***

Президент: «Алтыншы. Кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау. Бұл жұмыста бәрін басынан бастап реттеу керек (регулирование «с чистого листа»). Тапсырма екі жылдан бері орындалмай келеді. Жүздеген, тіпті мыңдаған заңнамалық құжат пен нұсқаулықты қайта-қайта түзете бергеннен ештеңе шықпайды. Оның орнына ықшам әрі түсінікті жаңа ережелерді бекіткен жөн. Мұндай тәсілді 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап толық енгізу қажет».

***

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мемлекет қаржылай қолдау жасаған кезде бәсекеге қабілетті шағын және орта бизнес өкілдеріне баса мән береді. Еңбекақы төлеу қорын көбейткен және салық төлемдерін арттырған кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Бұл – негізгі талап. Сонымен қатар, мемлекеттен көмек алатын бизнес өкілдерін анықтайтын автоматты жүйе енгізіледі. Мемлекеттік сатып алудың мүлде жаңа жүйесі жасалады. Бағаның төмен болуы ғана емес, тауарлар мен қызметтердің сапасы басты назарда болады. Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіру қажет. Осының бәрін жүзеге асыру үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдануға тиіс».

***

Мемлекет басшысы: «Жетінші. Мемлекет пен жекеменшік серіктестігінің жаңа үлгісіне көшу керек. Қазір көптеген жоба кейбір кәсіпкерлер мен шенеуніктердің майшелпегіне айналды. Келісім-шарттар ашық және конкурстық негізде жасалуға тиіс. Осы мақсатта тиісті заң қабылдау қажет».

***

Президент: «Восьмое. Серьезной проблемой для отечественного бизнеса остается нехватка кредитных ресурсов. Недофинансирование малого и среднего бизнеса в Казахстане составляет около 42 миллиардов долларов. При этом в банках накоплена многотриллионная ликвидность, которая фактически не работает на экономику. Нацбанк, Агентство по финрегулированию, Правительство должны найти конкретные решения, обеспечивающие стабильное и доступное кредитование реального сектора. С учетом сложнейшей специфики ситуации Нацбанку следует проявлять большую гибкость, я бы сказал, изобретательность. Положительные примеры за рубежом имеются».

***

Касым-Жомарт Токаев: «Кәсіпкерлерге жер телімдерін ашық әрі жедел бөлудің тиімді тәсілдері айқындалуға тиіс. Оны жыл соңына дейін әзірлеу керек. Әрбір аймақ пен елді мекенде бос жатқан немесе мақсатына сай игерілмеген жердің бар-жоғын анықтау қажет. Бұл ақпаратты бизнес өкілдері білуге тиіс. Аталған шаралар кәсіпкерлердің ғана емес, жалпы экономиканың бәсекеге қабілетін арттыра түсетіні анық».

***

Мемлекет басшысы: «Үкіметке индустрия және жер қойнауын игеру салаларының инвестициялық тартымдылығын арттыруды тапсырамын. Былтыр менің тапсырмам бойынша барлық арнайы экономикалық аймақтың тиімділігі бағаланды. Соның нәтижесінде түйткілді тұстарды анықтап, тың тәсілдерді ойластырдық. Енді арнайы экономикалық аймақтарды дамыту үшін мүлде басқа саясатқа көшкен жөн. Қазіргі таңда шетел компаниялары Қазақстанға көше бастады. Сондықтан, бұл мәселе тіпті өзекті болып отыр».

***

Президент: «Фонд «Самрук-Казына» трансформируется в инвестора, владеющего только мажоритарным пакетом, достаточным для контроля ключевых секторов экономики. Другие активы и акции Фонда будут приватизированы, в том числе через механизм «Народное IPO». В качестве соинвестора «Самрук-Казына» будет участвовать только в критически значимых проектах, которые не могут быть реализованы частными инвесторами. Такие проекты будут определяться Президентом».

***

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Келесі мәселе – еліміздің транзиттік қуатын арттыру. Қазақстан қазіргі геосаяси жағдайда Азия-Еуропа арасындағы аса маңызды құрлық дәлізі болып отыр. Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек. Еліміз осы салада ірі жобаларды жүзеге асыра бастады. Атап айтқанда, Ақтауда контейнер хабы құрылып жатыр. Транскаспий дәлізі дамып келеді. Осы жұмыстарға әлемдегі үздік логистика компаниялары тартылады. «Қазақстан теміржолы» компаниясы толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылады».

***

Мемлекет басшысы: «Мен 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма бердім. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын. Жол құрылысындағы заңсыздықтарды анықтау қажет. Бұл жұмыстан нақты нәтиже шығару керек. Бізде әлі күнге дейін битум тапшы. Бұл – ірі көлемде мұнай өндіретін ел үшін, тіпті, ұят жағдай. Үкімет осы мәселені түбегейлі шешуге тиіс. Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр. Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр. Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді».

***

Президент: «Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек».

***

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын».

***

Мемлекет басшысы: «Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек».

***

Президент: «Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе. Сондықтан, ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты. Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді. Дегенмен, оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Сондықтан, аса маңызды мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі. Осы салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен».

***

Касым-Жомарт Токаев: «Мною принято решение уже со следующего года начать реализацию национального проекта, нацеленного на нужды сельских жителей нашей страны. В течение двух лет будут построены и полностью оснащены медицинские и фельдшерско-акушерские пункты в 650 селах, в которых сегодня нет медучреждений. Тем самым государство обеспечит доступ к первичной медико-санитарной помощи более миллиону граждан. В рамках нацпроекта 32 районные больницы будут модернизированы и преобразованы в межрайонные многопрофильные учреждения. В них появятся инсультные центры, отделения хирургии, реанимации и реабилитации. Это позволит повысить качество медицинских услуг для более чем четырех миллионов граждан. Кроме того, получит развитие телемедицина, которая откроет доступ к квалифицированной помощи жителям отдаленных районов».

***

Мемлекет басшысы: «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады. Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек».

***

Президент: «Глубоко убежден, что решающую роль в построении Справедливого Казахстана сыграют школьные учителя. Для повышения привлекательности этой профессии в последние годы государство сделало немало. Однако, в данном направлении все еще требуются положительные изменения. Предстоит принять новый стандарт аккредитации педагогических вузов и выработать рамку компетенций педагога. Учитывая глобальный научно-технический прогресс, важно усилить в старших классах преподавание предметов естественно-математического цикла и английского языка».

***

Касым-Жомарт Токаев: «По мере повышения качества отечественных вузов будет возрастать и стоимость обучения в них. Поэтому государство планирует выделять образовательные гранты, которые в зависимости от результатов ЕНТ и иных показателей будут дифференцированы по размеру – от 30 до 100%. Будут предоставляться и льготные кредиты на обучение под 2-3% годовых. Указанные меры сделают высшее образование более доступным, а также укрепят в обществе идеологию партнерства и взаимной ответственности».

***

Глава государства: «Государство внедрит новую методику определения минимальной заработной платы, которая позволит поэтапно увеличивать ее размер. Мною принято решение поднять уровень минимальной заработной платы с 60 до 70 тысяч тенге. Это напрямую затронет доходы 1,8 миллиона граждан. Предстоит существенно перезагрузить пенсионную систему. Следует последовательно довести минимальную базовую ставку пенсии до 70% от прожиточного минимума, а максимальную – до 120%. Вместе с ранее принятыми решениями это позволит к 2025 году увеличить совокупную пенсию в среднем на 27%. Более того, учитывая широкий социальный запрос, планка пенсионного возраста для женщин будет до 2028 года зафиксирована на уровне 61 года. Необходимо разработать эффективную инвестиционную стратегию Единого накопительного пенсионного фонда».

***

Президент: «Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы келесі жылы 100 мың жасқа жұмыс беруіміз керек. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі. Бұл шаралар қоғамның барынша үйлесімді әрі әділетті болуына ықпал етеді».

***

Мемлекет басшысы: «Жалпыхалықтық референдумда қабылданған конституциялық өзгерістер Әділетті Қазақстанның символына айналды. Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Каждая семья должна получить реальную отдачу от использования национальных богатств страны. Поэтому считаю исключительно важным в рамках объявленного мною Года детей дать старт принципиально новой программе «Нацфонд – детям». Предлагаю отчислять 50% от ежегодного инвестиционного дохода Национального фонда на специальные накопительные счета детей до достижения ими 18 лет, без права досрочного снятия. По достижении совершеннолетия накопленные суммы будут направлены на приобретение жилья и получение образования. Эти средства дадут подрастающему поколению настоящую путевку во взрослую жизнь. Фонд действительно обретет статус национального и будет служить интересам народа. Учитывая необходимость тщательной проработки этого масштабного начинания, поручаю запустить проект с 1 января 2024 года».

***

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қандастардың көшіп келуіне және ішкі миграцияға қатысты саясат түбегейлі өзгереді. Бұл орайда, демографиялық және экономикалық үрдістерді ескеру керек. Сондай-ақ, жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу өте маңызды. Қуатты ұлттың діңгегі – халық. Ең бастысы, азаматтарымыздың денсаулығы мықты, білімі терең болуы керек. Кәсібилік пен еңбекқорлық қоғамымызда ең жоғары орында тұруы керек. Тағы да қайталап айтамын. Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады».

***

Президент: «Қоғамда заң үстемдігі берік орнығып, сот төрелігі әділ атқарылуы қажет. Осыған орай, қазылар қауымын шұғыл түрде қайта іріктеп, жаңартып жасақтау керек. Қазылар жоғары білікті, адал, сондай-ақ, жемқорлықтан таза болуы қажет. Ең алдымен, барлық судьялардың мәртебесін теңестірген жөн. Олар өзінен жоғары тұрған әріптестеріне тәуелді болмауы керек. Көптеген сот төрағасы лауазымы судья лауазымы болып өзгереді. Сот төрағасы және Сот алқасының төрағасы лауазымына үміткерді судьялар өздері сайлайтын тәсіл енгізуді ұсынамын. Жоғарғы Сот судьяларын да сайлау арқылы таңдау тәсілін енгізген жөн. Ол үшін Президент үміткерлерді баламалы негізде Сенатқа ұсынуы керек. Аталған салаға мықты заңгерлерді тарту үшін материалдық жағдай жасау қажет».

***

Тоқаев: «Әр отбасы елдің пайдаланып отырған ұлттық байлығынан нақты табыс алуы керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылы аясында жаңа «Балаларға арналған ұлттық қор» бағдарламасын іске қосуды аса маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалар 18 жасқа толғанға дейін мерзімінен бұрын алу құқығынсыз арнайы жинақ шоттарына бөлуді ұсынамын. Кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жинақталған сома тұрғын үй сатып алуға және білім алуға жұмсалады. Бұл қаражат өскелең ұрпаққа кәмелеттік жасқа шын жолдама береді. Қор шынымен де ұлттық мәртебеге ие болып, халық игілігіне қызмет ететін болады. Осы ауқымды істі жан-жақты зерделеу қажеттілігін ескере отырып, жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосуды тапсырамын».

***

Мемлекет басшысы: «Маған құқық қорғаушылар, адвокаттар қауымдастығының өкілдері бірнеше рет өтініш жолдады. Олар елді жаппай тәртіпсіздікке үндеген адамдарды қатаң жазалау қажет екенін айтты. Бұл – орынды ұсыныс. Сондықтан өкілетті органдарға осы мәселені қарастырып, нақты шара қабылдауды тапсырамын. Біз кез-келген ашық арандатушылыққа және заңсыз іс-әрекетке қатаң тосқауыл қоюымыз керек. Ел ішіне іріткі салған және заң бұзуға шақырған адамдар қатаң жазадан құтылып кетпейді».

***

Президент: «Бізге ел бірлігі ауадай қажет. Ереуілге қатысқандар да, күштік құрылым қызметкерлері де – өз азаматтарымыз. Олар сот әділ өтеді деп қана емес, қоғам кешірімді болады деп үміттеніп отыр. Мемлекет қаңтар оқиғасына қатысқан, бірақ ауыр қылмыс жасамаған азаматтардың жазасын жеңілдетті. Заң бұзғандардың бірқатары кінәсін түсініп, өткен іске өкініп отыр. Оларға кешіріммен қараған дұрыс деп ойлаймын. Сондықтан, мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Разумеется, амнистия не затронет главных фигурантов, причастных к организации беспорядков, а также обвиняемых в государственной измене и попытке насильственной смены власти».

***

Глава государства: «Большую угрозу здоровью нации несет растущее потребление синтетических наркотиков. Динамика резко отрицательная: за последние три года объем изымаемой из оборота «синтетики» вырос в 10 раз. Синтетические наркотики с каждым годом становятся дешевле и доступнее. Они практически беспрепятственно продаются через социальные сети, мессенджеры и даже доставляются на дом. С учетом масштаба этой крайне опасной социальной болезни борьба с производством и распространением синтетических наркотиков должна принять общенациональный характер. Поэтому необходимо разработать Комплексный план по борьбе с наркоманией и наркобизнесом».

***

Президент: «Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы. Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу. Елдігімізді қорғаудың ең басты жолы – берекелі бірлік. Бұдан басқа жол жоқ».

***

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен биылғы күзде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс Президент сайлауына баруға дайынмын. Сондай-ақ, мен көп ойланып, Президент өкілеттігі мерзімдерінің санын және ұзақтығын қайта қарау қажет деген байламға келдім. Президент мандатын ұзақтығы 7 жылдық бір мерзіммен шектеуді ұсынамын. Бірақ қайта сайлануға тыйым салынады».

***

Глава государства: «В рамках политической модернизации в нашей стране центральное место занимает развитие парламентаризма. Обновленная Конституция задает совершенно новые стандарты политической системы с честными и открытыми правилами игры. Процедуры регистрации политических партий уже значительно упрощены. Заработают новые механизмы формирования Парламента и маслихатов по партийным спискам и одномандатным округам. В целом, все институциональные изменения, предусмотренные конституционной реформой, необходимо законодательно завершить уже до конца года. Они приведут к увеличению количества политических партий, усилят политическую конкуренцию, будут способствовать появлению новой волны народных избранников. Избранные по старым лекалам представительные органы власти должны закономерно обновиться, пройдя через внеочередной электоральный цикл».

***

Президент: «Мы строим Справедливый Казахстан с открытой конкуренцией и равными возможностями для каждого. Принципиально важно осуществлять масштабные политические преобразования в режиме транспарентности, честности и взаимного доверия. Публичное обнародование сроков и последовательности нового электорального цикла отвечает принципам открытости в принятии решений. Все эти шаги поэтапно наполняют реальным содержанием нашу главную формулу «сильный Президент – влиятельный Парламент – подотчетное Правительство».

***

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз».

***

Мемлекет басшысы: «Построение Справедливого Казахстана только начинается, впереди тернистый путь. Этот курс незыблем и будет продолжен при любых обстоятельствах внутреннего и внешнего характера. Безделью и саботажу места не будет. Мы не свернем с намеченного пути. Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын!».

***

Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы аяқталды. Бүгін сағат 21:30-да республикалық телеарналарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан арнайы шығарылым көрсетіледі.

Abai.kz

64 пікір