Сейсенбі, 26 Қараша 2024
2444 1 пікір 1 Қыркүйек, 2022 сағат 15:14

Қазақстандағы қазақтар саны қанша пайызға өсті?

Қазақстандағы қазақтардың үлесі 2009 жылдан бастап 7,3 пайызға артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы соңғы халық санағының қысқаша қорытындысында көрсетті.

Халықтың ұлттық құрамына қатысты бөлімде 2009 жылғы санақ пен 2021 жылғы санақ нәтижелері салыстыра берілген. Екі санақ мерзімі арасында қазақтар саны 33,7 пайызға, яғни 10 миллионнан 13,4 миллион адамға дейін өскен. Ал Қазақстан халқының этникалық құрамындағы үлесі 63,1 пайыздан 70,4 пайызға дейін көтерілді.

Еліміздегі саны бойынша екінші орынды алатын орыс ұлтының үлесі 21,4 пайызға, 800 мыңнан астам адамға азайған. Басқа этникалық топтармен салыстырғанда орыстардың үлесі 23,7 пайыздан 15,5 пайызға дейін төмендеген.

Халық санағының деректері бойынша, орыстар мен қазақтардан басқа, елдегі ең ірі этностар өзбектер (456 мың адам, 2,9 пайыздан 3,2 пайызға дейін өсті), украиндар (33 мың адам, 2 пайыз), ұйғырлар (244 мың, 1,5 пайыз), немістер (178 мың, 1,2 пайыз) болып табылады.

Этникалық топтар арасында халық санының өсуі бойынша әзірбайжандар (70,7 пайыз), дүнгендер (51,7 пайыз), қырғыздар (46,9 пайыз) үлесі артты.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3321
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6040