Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 3695 16 пікір 2 Қыркүйек, 2022 сағат 13:57

Путин бұйрық берді: "Донбассты алыңдар!"

Украина соғысы қайта позициялық сипатқа ұласты. Херсон және Запарожье маңындағы шабуыл қарқыны бәсеңдеді.

Бұл Украинаның нақты шабуыл емес, қарсыластың қорғаныс шебінің осалррық берді тұсын анықтау операциясы екені айқындалды. Соған қарамастан Украина әскері 5 елді-мекенді азат етіп, Херсонның солтүстік бөлігіне апаратын көпірлер мен өткелдерді жоя білді. Осы арқылы 6 мыңға жуық Ресей әскері қоршауда қалу қаупінде тұр. Ал Украина оларға көмек жеткізу мүмкіндіктерін жою мақсатында әскери нысандарды атқылауды жалғастыруда.

Осы ретте Киевке МАГАТЭ өкілдері келді. Рафаэль Гросси бастаған топ Запарож АЭС-іне баратын жолда бірнеше мәрте тоқтауға мәжбүр болды. Себебі Ресей әскері АЭС-қа баратын жолда атыс-шабысты күшейтіп, "АЭС маңына Украина десанты түсірілді, олар шабуыл жасауда" деп мәлімдеді. Алайда бұл ақпаратты растайтын фото-видео ұсынбады. 1-қыркүйек күні Энергодар қаласын атқылап, МАГАТЭ миссиясының іске аспауына барлық жағдайды қарастырды.

Украина: итоги 1 сентября 2022 года || Делегация МАГАТЭ прибыла на ЗАЭС

Украина АЭС-қа МАГАТЭ өкілдері ғана кіргенін, Украинаның журналистері мен Батыс тілшілері кіре алмағанын айтты. МАГАТЭ өкілдері АЭС-ті тек Ресей әскері рұқсат еткен маршрут бойынша ғана қарады. Миссия басшылығы қандай да бір мәлімдеме жасаудан бас тартты, тек миссияның мақсаты ядролық апаттың алдын алу үшін жасалып огтырғанын айтты. АЭС-ті толық тексеру үшін 3-қыркүейкке дейін топтың бес мүшесі АЭС-те қалдырылды. Нақты ақпараттарды ендігі аптада жариялау жоспарлануда. Ол бойынша БҰҰ-да арнайы баяндама оқылуы мүмкін.

Донбасс бағытында да соғыс позициялық негізге көшті. Украина әскері екі бағытта қарсы шабуыл жасауға тырысып бағуда. Ал Путин күні кеше "15 қыркүйекке дейін Донбассты толық басып алуға бұйрық берген" дейді тәуелсіз ақпарат көздері. Алайда соңғы уақытты Ресей әскерінің шығыны еселеп артуына байланысты, екі аптада Донецк облысын алу мүмкін емес дейді мамандар. Ол үшін Ресейде жасақталған шабуылдаушы құрам аз, ал кәсіби әскердің басым бөлігі жараланған, қаза тапқан. Аман қалғандарының әскери рухы төмен.

Путин рассказал, какой должна быть российская армия – Москва 24, 27.05.2021

Ресей әскерінің уақытша оккупациясында тұрған Украинаның Луганск, Донецк, Харьков, Запарожье, Херсон облыстарының бір бөлігінде оқушылар ресейлік бағдарламамен оқу жылын бастады. Онда "құтқарушы Ресей мен озбыр Украина" жайлы дәрістер оқылды.

Ал Ұлыбританияның әскери сарапшысы Майкл Кларктың пайымдауынша, Украина Херсон қаласын соғыссыз алуы мүмкін. Ол үшін қаланың қоршауда қалу мүмкіндігін арттыру керек, сол сәтте Ресей әскері өздігінен шегінеді. Бұл көптеген болжамның бірі ғана, алайда іске асуы мүмкін нұсқа дейді мамандар.

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354