Жұма, 4 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 6306 0 пікір 29 Шілде, 2009 сағат 09:15

Астанада A/H1N1 тұмауы бойынша карантин 3 тамызда алынуы мүмкін – денсаулық сақтау министрі

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Дина Ермағанбетова. А/H1N1 тұмауына шалдығудың жаңа оқиғалары тіркелмеген жағдайда, Астанада карантиндік режим 3 тамызда алынуы мүмкін, деп мәлім етті денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев.

«Егер Астанада жаңа оқиғалар болмаса, біз үшінші тамызда карантиндік режимді алып тастаймыз, сол кезде бетперделерді тақпауға болады», - деді ол сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Өткен сейсенбіде Испаниядан келген Алматы тұрғынының вирус жұқтыруының анықталуына байланысты мұнда карантиндік режим жеті күнге жалғасады.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, қазіргі уақытта A/H1N1 тұмауына шалдыққан 13 адамның алтауы карантиндік режимнен шығарылды, үшеуі Астанада біреуі Щучинск қаласында жұқпалы аурулар стационарында ем қабылдауда, қалғандары үйде емделіп жатыр. Сырқаттардың ахуалы қанағаттанарлық, дейді ведомстводағылар.

Қазіргі кезде республикада A/H1N1 тұмауын жұқтырудың 14 оқиғасы тіркелді.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 818
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2163
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 552
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 526