Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5289 0 пікір 28 Желтоқсан, 2012 сағат 15:13

Жаңа Үкіметтің жүз күндігі: ел іші не дейді?

Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 20-сы мен 25-і аралығында ЦЕССИ-Қазақстан салыстырмалы әлеуметтік зерттеу Институты жаңа Үкіметтің қызметке кіріскеніне жүз күн толуына байланысты ел ішінде сауалнама жасады. Сауалнамаға жасы 18-ден асқан 1200 респондент: қала мен ауыл тұрғындары, ерлер мен әйелдер, әр жастағы және әр түрлі ұлттың өкілдері қатысты. Сауалнама еліміздің барлық облыстарында, Алматы мен Астана қаласында қоңырау шалу арқылы жүргізілді.
Сауалнама барысында көпшіліктің(36%) Серік Ахметов Үкіметінің жұмысын оң бағалайтыны білінді. Сондай-ақ сауалнамаға қатысқандардың  19% қарсы пікірде. Ал, дені  (45%) жауап беруге қиналатындарын, министрлер кабинетінің жаңа құрамының жұмысына орай нақты байлам жасай алмай жүргендерін айқтан.
«Сіз Серік Ахметовтың Премьер-министрлік постағы қызметін мақұлдайсыз ба?» деген сұраққа сұралғандардың 51%мақұлдайтындықтарын танытқан. 12% Серік Ахметовтың үкімет басшысы болып тағайындалғанын қаламағандарын аңғартқан. 37% баға беруге қиналыпты.

Жаңа Премьер-министр туралы айтқанда жұрттың оны «жан-жақты», «жігерлі», «байсалды», «қарапайым адамдардың мәселелерімен жете таныс», «сенім үдесінен шығады» деп білетіні байқалады. Әйткенменде, ел ішінде Серік Ахметовты «тәжрибесіз», «көп шенеуніктің бірі», «ештеңе шеше алмайды» дейтіндер де бар. Бір қызығы, Премьер-министрдің қызметін оң бағалайтындардың  15%  Үкімет жұмысынан бұрын  Серік Ахметовтің жеке басын құрметтейтін болып шықты. Пермеьер-министрдің Үкіметтен тыс бағалануы  шамасы Ахметовтың танымалдылығына қатысты жайттан туса керек. Бұл арада, әрине, жаңа Премьер-министрдің ел аймақтарына, облыстарға жасаған іс сапарларының нәтижесі екен анық. Бәріміз білеміз, Серік Ахметов бірінші вице-премьер лауазымында жүрген кезінде де еліміздің барлық өңірін шарлап шыққан болатын.
Көпшілік Серік Ахметов Үкіметінің еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты ахуалдың түйінін тарқата алатындығына сенім білдіріп жатқанымен сауалнамаға қатысқандардың бестен бірі(21%) күдік күмәннан арыла алмаған көңіл күйде көрінеді. Ал, респонденттердің 49% Үкіметтің жұмыс істеу қабылетін жоғары бағалайды. Әдеттегідей жауап беріп, пікір білдіруді әзірге ерте санайтындар да бар.  
Сауалнама соңында еліміздің азаматтары министрлер кабинетінің жаңа құрамына бірқатар міндеттер жүктеп, солардың ыңғайын табуына тілек білдірді.Қысқасы қарапайым жандарды толғандыратын жайттар мыналар болып шықты: коммуналдық қызметтер мен азық-түлік бағасының тұрақтылығы, медициналық қызметтің жақсаруы, коррупциямен күрес, әлеуметтік қамсыздандыру саласын жетілдіру. Сондай-ақ, жылу мәселесі, ауызсу, жолдар мен тұрғын үйлердің жөнделуі.   
«Аbai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5540