Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5957 0 пікір 28 Желтоқсан, 2012 сағат 17:32

Дәулет Асау. Қанша адам сталиндік террордың құрбанына айналды?

«Үлкен террордың» басталуы 1937 жылдың 5 тамызы деп есептеледі. Бұл - Сталиннің «антисоветтік элементтерді» құрту туралы бұйрыққа қол қойған күн. Осыған орай политбюроның арнайы шешімімен әр республика бойынша репрессиялануға тиісті адам басына «квота» белгіленді. Жергілікті пария органдары мен НКВД басқармалары бұл шешімді өте бір өлермендікпен жанталаса орындап жатты. Тіпті көпшілік аймақтардан Сталин мен Халық комиссары Ежовтың атына «өлім лимитін» өсіріп белгілеп беру туралы өтініш-хаттар үздіксіз ағылды.
Көзсіз конвейер дүрілдеп жұмыс істеп кетті - «ерекше үштік» ешқандай сотсыз, тергеу-тексеріссіз кез-келген жанды ату жазасына кесіп немесе абақтыға  жаба салатын болды.

«Үлкен террордың» басталуы 1937 жылдың 5 тамызы деп есептеледі. Бұл - Сталиннің «антисоветтік элементтерді» құрту туралы бұйрыққа қол қойған күн. Осыған орай политбюроның арнайы шешімімен әр республика бойынша репрессиялануға тиісті адам басына «квота» белгіленді. Жергілікті пария органдары мен НКВД басқармалары бұл шешімді өте бір өлермендікпен жанталаса орындап жатты. Тіпті көпшілік аймақтардан Сталин мен Халық комиссары Ежовтың атына «өлім лимитін» өсіріп белгілеп беру туралы өтініш-хаттар үздіксіз ағылды.
Көзсіз конвейер дүрілдеп жұмыс істеп кетті - «ерекше үштік» ешқандай сотсыз, тергеу-тексеріссіз кез-келген жанды ату жазасына кесіп немесе абақтыға  жаба салатын болды.
Әрине, Сталиннің халыққа жасаған зұлымдығы орасан, бірақ оның қайғы-қасіретін  тарихи шындыққа қиянат келтіру арқылы жеткізуге бола ма?! Кейінгі кезде сталиндік террордың ауқымын тым зорайтып көрсетуге тырысушылық басым. «Темір перде» ысырылғаннан бері бүгінгі күнге дейін осы тақырыпқа қалам сілтеген жазғыштардың көпшілігі репрессия құрбандарының санын тым асырып айтып жүр. Олардың «есебінше» репрессияға ұшырағандардың саны 10 млн-нан 20 млн. аралығында екен. Сондай-ақ, Ресей жұртшылығы «пайғамбар» көретін Солженицынның "Архипелаг ГУЛАГ"  атты кітабында (1973ж) тек 1937-1938 жылдары ғана ГУЛАГ лагерлерінде 681. 692 адам ату жазасына кесілді деген жолдар бар. Яғни, күніне 1000(!!!) адамға «өлім үкімі» шығарылған. Бірақ мұның бәрі ешқандай дәлелсіз, айғақтарсыз айтыла салған бос пікір. Өкінішке орай, осы тектес асыра сілтеушілік көп кездеседі.
Сондықтан оқырманның назарын төмендегідей дереккөзіне аудартқымыз келді. Оның басқа авторлардың еңбектеріне қарағанда бір артықшылығы - бұл Н.Хрущевтің атына жазылған ресми құжат. Құжаттың түпнұсқасы КСРО-ның Октябрь төңкерісі атн. Орталық Мемлекеттік Мұрағатында сақталған. Құжат 1954 жылдың 1 ақпаны күнімен мөрленген(Сталин өлгеннен кейін). Әдейі орысша нұсқасын беріп отырмыз:
1 февраля 1954 г.
Секретарю ЦК КПСС товарищу Хрущеву Н.С.
В связи с поступающими в ЦК КПСС сигналами от ряда лиц о незаконном осуждении за контрреволюционные преступления в прошлые годы Коллегией ОГПУ, тройками НКВД, Особым совещанием, Военной коллегией, судами и военными трибуналами и в соответствии с вашим указанием о необходимости пересмотреть дела на лиц, осужденных за контрреволюционные преступления и ныне содержащихся в лагерях и тюрьмах, докладываем: за время с 1921 года по настоящее время (1954 жылға дейін-авт.) за контрреволюционные преступления было осуждено 3.777.380 человек, в том числе к ВМН (ату жазасына кесілгені-авт.) - 642.980 человек, к содержанию в лагерях и тюрьмах на срок от 25 лет и ниже - 2.369.220, в ссылку и высылку - 765.180 человек.
Генеральный прокурор Р.Руденко
Министр внутренних дел С.Круглов
Министр юстиции К.Горшенин.
Жоғарыдағы құжат бойынша сталиндік жылдары саяси айып бойынша репрессияға ұшырағандардың жалпы саны 3.777.380 адам. Сондай-ақ Ресей Ғылым Академиясы КСРО тарихы институтының аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты В.Земсковтың кестесінде де құрбандар саны осыған қарайлас - 3,8 млн. адам. Репрессия тақырыбын зерттеп жүрген орыс тарихшылары А.Кокурина, Н.Петрова, Л.Ивашова, А.Емелина, И.Пыхалов, т.б сол кездердегі КСРО мемлекеттік басқару органдары мен басқа да жергілікті атқарушы органдарының құжаттарына сүйеніп жазған еңбектерінде де осы деңгейлес санды атайды. Әрине, ептеген ғана ауытқушылықтар бар. Бірақ, оның бәрі бір қатардағы цифр, мүлдем 10-15, әйтпесе 20 млн. емес. Ал көп жылдан бері сталиндік қуғын-сүргінді  зерттеп келе жатқан ресейлік «Мемориал» сайтында берілген ақпараттық анықтамалықта басқа емес, нақ осы мәліметтің дұрыстығы айтылады. Сталин заманында бас еркінен айыру орындарында бір мезетте тұтқында отырған жандардың саны ешқашан 2 млн.760 мың адамнан асып көрген жоқ (сонда-авт.). Ақпараттық анықтамалықта 1921 жылдан 1954 жыл аралығындағы сталиндік террор кезінде  642.980 адам ату жазасына кесілді десе, солженицыншылар тек 1937-38 жылдары ғана «681.692 жанды атқызып жіберіпті»!  Сонда мұндай жалғандықтың, тарихи фактілерді өрескел бұрмалаудың қажеті қанша?! Бір өкініштісі, ешқандай нақтылы құжат-дәйектемелерге сілтеме берілмей «ауадан жасалынған» осы деректер қазіргі тарихнама бетінен берік орын алып қойған. Енді осы «жалған цифрлар» жаппай кітап жазғыштардың көзайымына айналып, бірінен-бірі көшіріп бастыратын халге жеткен. Бұл жерде біз ешқандай жаңалық ашып отырған жоқпыз, аталған мәліметтер 90-жылдардан бастап түрлі мерзімдік басылымдар мен әдебиеттерде жарық көріп келеді.
Бүгінде сол кезеңдердегі мемлекеттік террорға жалғыз «Сталин жолдасты» кінәлі деп күстәналауға бейімбіз. Бірақ, кеңестік өкіметтік жүйенің өзі осы ұстымға құрылғанын ескерген жөн. Тек Сталин, Ежов, Берия немесе Голощекин ғана емес, тұтас басқарушылық аппарат, жергілікті атқарушы билік пен НКВД органдары, бір сөзбен айтқанда Кеңес үкіметі күн сайын, сағат сайын «қауіпті элементтермен» күресіп жатты. Бұл үрдіс өз кезегінде «халық жауларын» әшкерелеудің бәсеке-сайысына айналып кетті. Ал осы істе белсенділік танытпаған қып-қызыл коммунистің өзі ақыр соңы халық жауына айналып кету қаупі үлкен еді. Өз халқына дәл осылай қастандық саясат жүргізу адамзат тарихының ешбір заманында, ешбір мемлекетінде болмаған шығар.
20-50 жылдар аралығында репрессиялық саясат тоқтаусыз жүрді. Әрине әр мерзімге байланысты ол не үдей түскен немесе бәсеңдеп қалған кезеңдері болды. Өйткені, сол кездегі партия және мемлекет басшылары тек осы репрессиялық амал-тәсілдер ғана кеңестік режимді ұстап тұруға қолайлы деп ойлады. Оны мемлекеттік билікті күшейтудің, социалистік құрылымды нығайтудың бірден-бір жолы деп білді. Сонымен қатар, қызыл коммунистер жаппай репрессиялау, оның ішінде Одақ көлемінде тұтастай лагерьлер жүйесін орнату қоғамдағы жұмысшы-шаруалардың позициясын нығайта түседі деп білді. Қазан төңкерісінен кейін жұмысшы-шаруалар класы қоғамның жетекші мүшесі ретінде алға шыққаны белгілі. Ал ГУЛАГ лагерьлері мен түрмелері нақ осы таптық көзқарасқа қарсы шыққан, «әлеуметтік қауіпті», қоғамдық пікірге «жат элементтерді» жазалау мен қамау орындары міндетін атқарды.
«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068