Мирзиеевтің сөзі, репрессия және тәуелсіздік
Өзбекстан президенті Ш.Мирзиёевтің тәуелсіздік күні "Шейіттер алаңында" (Шохидлар майдони) ата-баба рухы мен репрессия құрбандарына дәстүрлі құран бағыштаудан кейінгі: "Бабаларымыз бұдан 100 жыл алдын да тәуелсіздікке ұмтылған. Бұл жолда 100 мыңдаған адам репрессияға ұшырады", - деген сөздері орыс баспасөздерінде үлкен резонанс тудырған.
Бұл қуанарлық жайт. Посткеңестік, соның ішінде Түркістандағы (Орта Азиядағы) тәуелсіз респуликалар билігі тарапынан ұлттық мемлекеттіліктің болғандығы, кейіннен, 90 -ыншы жылдары пайда болмағандығы жайлы ишарат жасап өту жақсы құбылыс. Біздегі тәуелсіздік іс-шараларында да айтылса биліктің сенім кредиті азаймайтыны белгілі.
Тәуелсіздік күнін ашық аспанда, үлкен алаңда тойлау Өзбекстанда екінші билік орнағаннан бері алғаш рет өткізіліп отыр. Билік осы уақытқа дейін болған цензуралардан бас тартқан. Ш.Мирзиёев әскери саланы дамыту, әскер қуатын арттыру жайлы бірнеше рет қайталаған.
Тәуелсіздік мерейтойында "Түркістан маршының" шырқалуы, репрессия құрбандары өзбек ұлт зиялылары-жәдидтер образының сомдалуы, Ш.Мирзиёевтің сөздері өзбек контентінде қызу талқыда.
Әлемдегі жағдай, посткеңестік кеңістіктегі соғыс жағдайы Түркістан (Орта Азиялық) республикаларға тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сездіріп жатыр.
Қанат Байбосынұлы
Abai.kz