Балалардың шығармашылық қабілеттілігін дамыту – қоғам дауының қайнары
Еліміз өз егемендігін алған сәттен бастап шығармашлық тұлғаны мектеп қабырғасынан бастап қалыптастыру күн тәртібінде қарала бастады. Біз төменде балалардың шығармашылық қабілеттілігін дамытуға қатысты кейбір ойымызды ортаға салмақпыз.
Өз шәкірттерін парасаттылықпен зерделейтін мұғалім оқу-тәрбие процесін дұрысты ұйымдастыру үшін және білім беру мен тәлім беруде дербес қадамдарды басшылыққа алу үшін өз оқушыларының қабілетінің қалйа танылуы мен оның қандай деңгейде көрініс беруін білуге тиісті. Оқушының қабілеті туралы белгілі бір іс-әрекет түрі бойынша танылуына қатысты сөз ете аламыз. Қабілеттердің жиынтығы жайында төмендегідей өлшемдер бар:
1) жылдам қозғалатын оқушы соған сай қабілет түріне иелік етеді;
2) қол жеткізген деңгейінің сапасы бойынша;
3) белгілі бір іс-әрекет танылатын сабақтардағы баланың өзін тұрақты таныта білуіне орай.
Дегенмен, табысты жүзеге асуы тіпті соған сай белгілі бір қабілеттің болғаныменде, бәрі бір белгілі бір тұлғалық сипаттың ұштасуымен тығыз байланысты болып келеді. Бір белгілі бір тұлғалық сипатпен, оның эмоционалды-еріктік қасиеттерімен ұштаспаған қабілетке иелік ету айналып келгенде оның иесін жоғары табыстарға қол жеткіздірмейді. Ең алдымен, қабілеттер өзіне сйа келетін іс-әрекетке деген жағымды белсенді қарым-қатынаспен тығыз байланста болып келеді. Қабілет иесі аталған іс-әрекет түріне ынта танытып, жағымды белсенді қарым-қатынасқа түскен шақта осы іс-әрекет түрі бойынша жоғары табыстарға жетеді.
Осы ынта мен қызығушылық таныту объектіні танып білуге талпынысты ынтықтырады да, көзсіз беріле оның барлық қыр сырын меңгеруге құлшыныс туындайды. Қабілет дегеніміз – бұл белгілі бір іс-әрекетті орындауға деген құлшыныс. Тұлғаның ынтасы мен қабілеті үнемі үйлесе бермейді. Музыкаға қызығушылық танытқанмен онымен айналысуға қабілеттің болмауын тап осыған жатқыза аламыз. Немесе спортқа қызығушылық танытып, онымен тұрақты айналыспаса да адамының әрі «жанкүйер», әрі болуы осы аланың білгірі болуы да ықтимал. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет бойынша әдетте, балалар мен ересектердің қызығушылықтары мен бейімділіктері үйлесіп отырады.
Психо-педагогикалық зерттеулердегі шығармашылық қабілетті дамыту проблемасы еш жаңалық емес, әлі күнге дейін өз өзектілігін жоғалтпай келеді. Оның үстіне, мектеп пен ата-аналарды білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесі алаңдататыны да еш жасырын емес.
Қызығушылық пен бейімділік белгілі бір іс-әрекеттің дамуы барысында әдетте өздеріндегі қабілеттің дамуымен өздерін біртұтастандыра алады. Мысалы, оқушының математикаға деген қызығушылық пен бейімділігі осы пәнмен беріле айналысуға түрткі болып, өз кезегінде математикалық қабілетті дамытады. Математикалық қабілеттің дамуы оқушы бойына қуаныш сезімін сыйлайтын математика саласындағы белгілі бір табысқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Бұл сезім пәнді тереңірек білуге итермелеп, қабілет қарымын осы саланы игеруге арнауға жетелейді.
Іс-әрекетте табысқа қол жеткізу үшін қабілет, қызығушылық және бейімділіктен бөлек, өзге де еңбексүйгіштік, ұйымдастырушылық, назар аударушылық, мақсаттылық, табандылық сынды қажетті нышан-белгілер болуы шарт. Босы нышан-белгілерсіз тіпті керемет қабілеттіліктің өзі табысқа қол жеткізу барысында іске жарамысыз болып қалады.
Көпшілік қабілет болса болды, бәріне де оңай қол жеткізуге болады деп кете ойлайды.
Мүлде олай емес. Қабілеттілікті дамыту үшін ұзаққа созылатын табанды білім алу мен тынымсыз қажірлі еңбектену қажет. Әдетте, қабілеттілік қай кезде болмасын тек қана жұмысқа бейімділік пен еңбексүйгіштікпен ұштасады. Барша тадлантты жандар талант дегеніміз – сабырлықққа негізделген еңбек, тынымсыз еңбек етуге бейімділік деп бекерге айтып жүрген жоқ.
Балалардың шығармашылық іс-әрекеттердің ерекшеліктері, қалыптасуы, даму бағыттары мен кезеңдері турасында ғылыми әдебиеттер өте көп. Олар мектеп ұстаздарының өз кәсіби біліктілігін арттырауда нағыз бұлақ көзіне айналып отыр.
Қазіргі кезде көптеген педагогтар білім берудің шынайы мақсаты – тек қана белгілі бір білім мен дағды-машыққа ие болу ғана емес, сонымен бірге, қиялды, байқампаздықты дамытып, тұтастай алғанда шығармашылық тұлғаны тәрбиелеп шығу екендігін мықтап ұғынады. Әдетте, жоғары сыныптарда стандартты емес тапсырмаларды орындау кезінде көбіне шығармашылық бастау көздердің болмауы аттап өтуге болмайтын кедергі саналады.
Шәкірттің дербес мүмкіндігі қандай болмасын, бірақ оның қалауы болмаса еш табысқа қол жеткізе алмйады. Шындығында, білім алуға деген ынта-жігер қашанда қабілетпен тікелей байланысты болып келеді. Бұл жайында психо-педагогикалық әдебиеттерде егер оқуға деген ынта болса ол арта түседі, ала, ондай ынта-жігер болмаса ол жанбай жатып сөнеді деп кеңінен сөз етіледі.
Сонымен, оқуға деген ынтаның жанбай жатып, сөнуін бұған дейінгі білім беру кезеңдерінде кеткен олқылықтың кесірнен орына латын білім деңгейінің жетіспеушілігімен ғана түсіндіріп дәледеуге болмайды. Бұл орайда баланың дамымай қалған қабілетін де ескеруге тиіспіз.
Бастауыш мектептің басты міндеті – бала тұлғасының дамуын қамтамасыз ету. Баланың толыққанды дамуының бұлақ көзі ретінде екі іс-әрекет түрі танылады. Олар:
Біріншіден, кез келген бала заманалық мәдениетке ден қойып, адамзаттың өткен тәжіриесін шама-шарқынша меңгеруінің деңгейі арқылы дамиды.
Осы процестің негізінде қоғамдық өмірге қажетті баланың меңгеруге тиісті білімі мен дағдысына бағытталған оқу процесі жатады.
Екіншіден, бала даму процесі кезінде өз бетімен өз бойындағы мүмкіндіктерін шығармашылық іс-әрекеттердің арқасында жүзеге асырады. Балаға белгісіз білім беруге негізіделген оқу процесінен шығармашылық іс-әрекеттің басты өзгешелігі ол балаға белгілі білімге бағдар ұстанады.
Ол, бұл орайда шығармашылық іс-әрекет, баланың өз бетімен, өзін таныта білуіне жаңаны өмірге келу үшін өз ойындағы идеясын жүзеге асыруына септеседі.
Біз атап өткен іс-әрекеттер түрін іске асыру үшін бала түрлі мақсаттағы қилы міндеттерді шешеді. Я.А. Пономарёв шығармашылық "дамуға бастап апаратын өзара әрекеттестік" әмбебап концепциясын жасап шықты. Бұл концепцияда шығармашылық өзінің кең мәнінде адамдар арасындағы өзара әрекеттестік ретінде қарастырылады. Тума шығармашылық іс-әрекет автордың пікірінше, өзара әрекеттестік ерек формасы болып табылады. Шығармашылықтың сапасын анықтайтын өлшемі ретінде оның даму тетігі танылады. Осы анықтама бойынша, балалардың шығармашылық қабілетін дамытудың тетіктері түрлі іс-әрекет түрлерін жүзеге асыру процесі кезінде бала мен ересектер арасындағы қарым-қатынастың арнайы формасын ұйымдастыру болып табылады.
Біз аталған мақаламызда балалардың шығармашылық қабілеттілігін дамытуға қатысты кейбір ойымызды ортаға салдық.
Abai.kz