Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4014 0 пікір 10 Қаңтар, 2013 сағат 07:14

Дін саласындағы жүйелі түсіндіру жұмысы – уақыт талабы

Шығыс Қазақстан облысы діни бірлестіктердің саны мен құрамы жағынан  күрделі өңірлердің бірі болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарына сәйкес өңірде осы уақытқа дейін қызмет етіп келген 365 діни бірлестіктің 278 - і тіркеуден және қайта тіркеуден өтті.

2012 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыс аумағында барлығы 278  діни бірлестік қызмет етеді.  Яғни бірлестіктер қызметі былтырғы жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда  24  пайызға азайды. Оның  189 ислам бағытындағы, 36 православиелік, 4 көне - ғұрып, 6 католиктер, 43 протестанттық және дәстүрлі емес діни ұйымдар. Олардың қарамағында 275 ғибадат үйі бар.

Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті өз қызметін бастаған алғашқы күннен-ақ дін саласындағы жүйелі түсіндіру жұмысын жүргізу қызметінің маңызды бағыттарының бірі етіп белгіледі. Өйткені өз тарапымыздан жүргізілген зерделеу мен зерттеу жұмыстары өңірдегі діни экстремизмге идеологиялық қарсы тұрудың тиімді көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Оның ішінде біріншіден, экстремизм идеяларының халық арасына  таралу каналдарына жол бермеу болса, екіншіден, экстремизмнің утопиялығы мен деструктивті сипатын түсіндіру мен оған қарсы тұрудың ішкі иммунитеті ретінде халықтың діни сауаттылығын арттыру аса маңызды болып шықты.

Шығыс Қазақстан облысы діни бірлестіктердің саны мен құрамы жағынан  күрделі өңірлердің бірі болып есептеледі.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарына сәйкес өңірде осы уақытқа дейін қызмет етіп келген 365 діни бірлестіктің 278 - і тіркеуден және қайта тіркеуден өтті.

2012 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыс аумағында барлығы 278  діни бірлестік қызмет етеді.  Яғни бірлестіктер қызметі былтырғы жылдың  осы кезеңімен салыстырғанда  24  пайызға азайды. Оның  189 ислам бағытындағы, 36 православиелік, 4 көне - ғұрып, 6 католиктер, 43 протестанттық және дәстүрлі емес діни ұйымдар. Олардың қарамағында 275 ғибадат үйі бар.

Шығыс Қазақстан облысының Дін істері департаменті өз қызметін бастаған алғашқы күннен-ақ дін саласындағы жүйелі түсіндіру жұмысын жүргізу қызметінің маңызды бағыттарының бірі етіп белгіледі. Өйткені өз тарапымыздан жүргізілген зерделеу мен зерттеу жұмыстары өңірдегі діни экстремизмге идеологиялық қарсы тұрудың тиімді көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Оның ішінде біріншіден, экстремизм идеяларының халық арасына  таралу каналдарына жол бермеу болса, екіншіден, экстремизмнің утопиялығы мен деструктивті сипатын түсіндіру мен оған қарсы тұрудың ішкі иммунитеті ретінде халықтың діни сауаттылығын арттыру аса маңызды болып шықты.

Бұл орайда қалың бұқараға, діни бірлестіктердің басшылары мен оның мүшелеріне, әкімдіктерге, басқа да мемлекеттік органдарға дін саласының заңнамалық базасын түсіндіру және оның орындалуын талап ету маңызды. Біздің ойымызша, бұл ретте облыс әкімдіктері жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің жүйелі жұмысын қамтамасыз ету  көптеген түйткілді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Кеңестердің азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара әрекетттесу саласындағы мемлекет саясаты мәселелері жөнінде ұсыныстар әзірлеу, қоғамдағы рухани келісімді нығайту және конфессияаралық қатынастарды үйлестірудегі маңызы өлшеусіз.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңестің 2012 жылдың 13 маусымындағы шешімімен бекітілген Үлгі ереженің негізінде  облыстық Кеңестің Ережесі жасалып, бекітілді. Ережеге сәйкес Кеңестің Төрағасы облыс әкімі болып табылады, орынбасарлары болып облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары және Дін істері департаментінің  директоры белгіленген. Оның мәжілістері тоқсанына бір рет өткізіліп отырады.

Егер бұрындары Кеңестің жұмысында қасаңдылық басым болса, қазір оның отырыстары облыстағы діни ахуалдың жақсаруына ықпал ететін тиімді тетікке айнала бастады. Оның өткізілу форматтарына да ден қойылып келеді.

Мәселен, 2012 жылдың 6 қыркүйегінде Кеңестің кеңейтілген отырысы өңірдің 19 ауданы мен қалалары толық байланысқа қосылған видеоконференция режимінде өткізілді. Кеңес жұмысына оның мүшелерімен қатар аудан, қала әкімдері, олардың әлеуметтік-саяси мәселелер жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат және білім бөлімдерінің бастықтары, ауылдық және кенттік округтар әкімдері, мектеп директорлары, құқық қорғау органдарының басшылары, діни бірлестіктердің жетекшілері, жастар ұйымдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.

Шілде айында өткен аудандағы діни ахуалды талқылаған Аягөз ауданының діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңесінің отырысына барлық ауылдық округ әкімдері, мектеп директорлары, дінтану пәнінің оқытушылары, мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының басшылары, діни бірлестіктердің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, барлығы төрт жүзден астам адам қатысты.

Бүгінгі күні барлық аудан, қалаларда кеңестердің Ережелері жаңадан бекітілді, қызметі қайта зерделеніп, жұмыстары жолға қойылды. Егер осы уақытқа дейін кеңес жұмыстарына аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары басшылық етіп келсе, қазір төрағалық ету әкімдерге жүктеліп отыр. Кеңейтілген отырыстарға облыстық Дін істері департаментінің, Ішкі саясат басқармасының, Ішкі істер департаментінің, дәстүрлі  діни бірлестіктердің басшыларының қатысуы дәстүрге айналды.  Кеңестер Шығыс Қазақстанда діни ахуалға ықпал етудің нақты құралына айнала бастады.

Дін саласындағы түсіндіру жұмысын жүйелі ырғаққа келтіруде ақпараттық-насихат топтары маңызды орын алады. Мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру, мемлекет пен қоғам арасындағы «кері байланысты» қамтамасыз ету, сондай-ақ аталған салада жүргізіліп жатқан мемлекеттік саясатқа халықтың сенімін нығайтуда да жұмыстың осы формасы өмірдің сынынан өткен тетік болып табылады. Бүгінде облыстық, аудандық, қалалық ақпараттық-насихат топтарының жұмыстарын жандандыру, олардың қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар өзінің оңды нәтижесін беруде.

Дін істер департаментінің директоры жетекшісі болып табылатын облыстық ақпараттық - насихат тобы жыл басынан бері 40-тан астам елді мекендерде кездесулер өткізді, оларға алты мыңға жуық адам қатысты. Құрамында 160 адамы бар қалалық және аудандық ақпараттық-насихат топтары жиырма мыңға жуық адаммен кездесті.

Кездесулер барысында халыққа мемлекеттің дін саласындағы саясатының негізгі принцптері мен бағыттары, әлемдік және дәстүрлі діндер, ислам мен мен оның ханафи бағыты, православиелік христиандықтың, теріс бағыттағы діни ағымдардың мәні туралы түсініктер берілді. Тұрғындарға конфессияаралық келісімді нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ Елбасының белгілеген міндеттері мен мақсаттары жайлы, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптары  жан-жақты түсіндірілді.

Кездесулерде көптеген өзекті тақырыптарды қозғайтын сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды. Сұрақтардың  дені діни ағымдар, жаңа заң бойынша, сондай-ақ имамдардың білім деңгейін арттыру, жастардың деструктивті діни ағымдарға кіруіне жол бермеу, халықтың діни сауаттылығын арттыру тұрғысында болды. Көп сұрақтар діни бірлестіктердің есептік қайта тіркеуден өтуі, жаңа ғибадат үйлерін салу туралы, діни әдебиеттер мен заттарды сату орындары туралы болды.

Облыста жүргізілген әлеуметтік зерттеулер ақпараттық насихат топтары жұмысының тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, облыстық ақпараттық-насихат тобы болып қайтқаннан кейін Үржар, Зайсан, Аягөз аудандары мен Риддер қаласында дәстүрлі емес діни ағымдардың белсенділігі екі айдың ішінде айтарлықтай төмендеді.

Жүйелі түсіндіру жұмысын қамтамасыз етуде бұқаралық-ақпарат құралдарының әлеуетін тиімді пайдалану және  олармен тығыз байланыста жұмыс істеу аса маңызды болып табылады.  Бұл орайда конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту, халықтың діни сауаттылығын арттыру, діни экстремизмге қарсы тұруды насихаттауға бағытталған облыс әкімдігімен бірлескен  медиа-жоспар жасалды, оның негізінде 6 сюжет көрсетіліп, 18 мақала жарияланды. Облыстық «Қазақстан - Өскемен» телеарнасында ай сайын шығатын 20 минуттық «Шарапат» және  «Близкие духом» телехабарлары ұйымдастырылды. Өскемен қалалық «Қалкен» телеарнасында апта сайын «Қасиетті жұма», «Благочестие» хабарлары жарық көреді. Жыл басынан Департамент қызметкерлерінің қатысуымен 9 бағдарлама және директордың қатысуымен 2 «тікелей эфир», 3 баспасөз-конференциясы  ұйымдастырылды.

Есепті кезеңде республикалық және өңірлік  бұқаралық ақпарат құралдарында  643 материал жарияланды. Қыркүйек айынан бастап облыстық «Рудный Алтай» газетінде «Духовность», ал «Дидар» газетінде  «Дін» атты арнайы бет шығару қолға алынды.

Өңірдің бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдеріне арналған «Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және конфессияаралық қарым-қатынас саласындағы экстремистік идеяларды таратпаудың маңызды әдістерінің бірі ретінде - діни қызмет мәселелерін БАҚ-та жариялау» тақырыбында журналистермен өткізілген семинар-тренингте дін саласын сауатты түсіндірудің жай-жапсары жан-жақты сөз болды.

Облыста дәстүрлі діни бірлестіктердің «Ислам нұры», «Православие в Прииртышье» атты  ақпараттық басылымдары бар. Олар айына 2 рет шығады. Оларда діни қызметшілердің, елге қадірлі, көпшілік арасында беделді  ақсақалдармен дінтанушылардың мақалалары жүйелі орналастырылып келеді. Сондай-ақ газет беттерінде мемлекеттік органдардың ұйымдастырған шаралары туралы да ақпараттар беріліп отырады.

Сайып келгенде, діни экстремизм мен терроризмге жол бермеу, оны санаға қабылдамау ең алдымен халықтың діни сауаттылығына байланысты. Ал діни сауаттылықтың деңгейін арттыру мемлекеттік органдардың,  дәстүрлі діни бірлестіктер басшыларымен, үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен  бірлесе отырып  жүйелі де сауатты әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізуге байланысты.  Олай болса, жүйелі түсіндіру жұмысы - уақыт талабы.

М. Мұхамеджанов,

Шығыс Қазақстан облысы Дін істері

департаментінің директоры

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329