Сенбі, 23 Қараша 2024
1553 2 пікір 14 Қыркүйек, 2022 сағат 11:45

СІМ: "Арменияға бітімгерлік күштерін жібермейміз"

Премьер-министрдің орынбасары, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Арменияға қазақстандық бітімгерлерді жіберу мәселесі қарастырылмайтынын айтты.

"Бұл мәселе сұрақ қоюға тұрарлықтай емес. Кеше ҰҚШҰ-ның Төтенше ұжымдық қауіпсіздік кеңесінде Армения премьер-министрі ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларын Әзербайжан мен Армения шекарасындағы жағдай туралы хабардар етті. Бірақ екі тарап әртүрлі ақпарат таратқандықтан мемлекет басшылары ҰҚШҰ-ның Бас хатшысын оқиға орнына барып, жағдаймен толық танысып, содан кейін хабардар ету керек деп шешті", - деді Тілеуберді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында журналистердің сауалдарына жауап беріп.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысына бітімгершілік күштерді жіберу мәселесі талқыланып жатыр ма деген сұрақ қойылды.

"Жоқ, әзірге ондай мәселе көтеріліп жатқан жоқ", - деп жауап берді Мұхтар Тілеуберді.

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499