Сенбі, 23 Қараша 2024
1915 2 пікір 20 Қыркүйек, 2022 сағат 10:46

Сатыбалдының соты басталды

Астанадағы № 2 Байқоңыр аудандық сотында Қайрат Сатыбалдыұлының үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот басталды. Соттың алғашқы отырысы 16 қыркүйекте өтті, келесісі 20 20 қыркүйекке белгіленді.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыға "Өзгенің сеніміне кіру немесе алдау арқылы мүлкін бүлдіру" және "Өзгенің мүлкін меншіктеу немесе талан-таражға салу" баптары негізінде айып тағылған.

Қазақстанның жемқорлықпен күрес жөніндегі қызметі Қайрат Сатыбалды ісін тергеу аяқталғанын 24 тамызда жариялаған. Сол кезде мемлекеттік қызмет "тергеу барысында заңсыз жолмен келген 500 миллион доллардан аса қаражат мемлекетке қайтарылды" деп хабарлаған. Бұған қоса, "салық пен кеден алымдарын төлеуден жалтару, заңсыз табысты заңдастыру" айыптары бойынша қосымша тергеу жүріп жатқан мәлім болған.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, 51 жастағы Қайрат Сатыбалды "Kaspi.kz" АҚ негізгі акционері болды. Ол әр жылдары мемлекеттік қызметте істеді. 2000 жылдары Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан) әкімінің орынбасары, "KazakhOil" компаниясының вице-президенті, "Қазақстан темір жолы" компаниясының бірінші вице-президенті болды. 2010-2015 жылдары президенттіктен кетсе де, билікке ықпалын сақтауға тырысқан ағасы, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Нұр Отан" партиясында хатшы болды.

Биыл қаңтарда жарық көрген зертеуінде Азаттық Люксембургтің LRB реестріндегі дерекке сүйеніп, Қайрат Сатыбалдының Skyline Investment Company S.A. офшор фирмасының жалғыз құрылтайшысы екенін жазған. Ашық дереккөзге сүйенсек. 2016 жылы Сатыбалды Alatau Capital Invest деп аталатын компаниясы арқылы «Қазақтелекомның» 4 пайызға жетпейтін акциясын сатып алған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420