Жұма, 2 Қазан 2026
4060 12 пікір 21 Қыркүйек, 2022 сағат 15:21

Путин: Ядролық қару, бұл блеф емес!

Ресей президенті Владимир Путин елдің тұтастығын қорғау үшін қолындағы барлық мүмкіндікті пайдалануға дайын екенін мәлімдеді.

Ресей басшысы Вашингтон, Лондон және Брюссель Киевті Ресейге қарсы әскери операция ұйымдастыруға итермелеп жатқанын айтты.

"Осындай мәлімдемелерге жол беретіндерге, біздің елде де түрлі қырып-жою құралдары бар екенін еске салғым келеді. Ал жеке құрамдас бөліктеріне келетін болсақ біздегілер НАТО елдеріне қарағанда заманауи. Біз халқымызды қорғау үшін қолымыздағы барлық құралдарды пайдаланамыз. Бұл блеф емес. Ресей азаматтары Отанымыздың аумақтық тұтастығына, тәуелсіздігіміз бен бостандығымызға сенімді болуы керек.

Тағы атап өтемін: қолымыздағы барлық құралдармен. Ал бізді ядролық қарумен бопсалауға тырысатындар желдің де өз бағытына бұрылуы мүмкін екенін білуі керек", - деді Ресей президенті халыққа жолдауында.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 354
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 376
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 541