Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2646 4 пікір 22 Қыркүйек, 2022 сағат 19:19

Партиялық емес байқау орталығы сайлау процестеріне жүйелі түрде қатысады.

Партиялық емес байқау орталығы Республика Президентін сайлау процесіне қатысатыны туралы мәлімдеме жариялады.

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 20 қарашаға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын тағайындады.
Биліктің ашықтығы мен қоғамға есеп беруін қамтамасыз ету қағидаттарына адалдықты баса көрсете отырып, біз сайлау процесіне белсенді қатысуға және президенттік сайлауды объективті бақылауды жүзеге асыруға ниетімізді білдіреміз.

Біз, азаматтық қоғам өкілдері демократияны дамытуды, қоғамның мемлекетті басқарудағы мүмкіндіктерін кеңейтуді жақтаймыз. Алдағы сайлау - әрбір қазақстандық үшін маңызды оқиға, ол еліміздің көшбасшысына қатысты халықтың таңдауын анықтайды.

Біздің басты мақсатымыз – бүкіл сайлау процесінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету, дауыс берудің ашықтығы мен жариялылығының мүлтіксіз сақталуына ат салысу. Біз сайлауға дайындықтың барлық сатыларында және дауыс беру күнінде байқауды қамтамасыз ету үшін азаматтық қоғам күштерін тартуға ниеттіміз.

Біз - әділ сайлау үшін, ертеңгі күнге деген сенім үшін, еліміздің жарқын болашағы үшін атсалысамыз. 

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379