Жұма, 22 Қараша 2024
1816 0 пікір 26 Қыркүйек, 2022 сағат 15:00

Елге келіп жатқан ресейліктер саны үш есеге көбейді

22 қыркүйекке дейін Қазақстанға 9-12 мыңға жуық ресейлік келіп-кетіп жүрсе, 22 қыркүйектен бастап олардың саны күніне 2-3 есеге көбейген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов айтты.

Оның айтуынша, жыл басынан бері елімізге 4 млн 399 мың шетелдік келген. Оның ішінде, Ресейден 1,7 млн адам, Өзбекстаннан 1,5 млн адамнан көп, Қырғызстаннан 547 мың адам, Тәжікстаннан 200 мыңнан астам адам елге кірген.

Осы уақыт ішінде елден 4 млн 155 мың шетелдік кетті. Ресейден 1 млн 666 мың азамат, Өзбекстаннан 1,770 мың адам, 540 мың қырғыз азаматы мен 196 мың тәжік азаматы кеткен.

«Ресей азаматтарының иммиграциясына тоқтала отырып, келесі талдауды атап өткім келеді. 2019 жылы пандемия болмаған кезде Қазақстанға 2 млн 875 мың ресейлік келді. Яғни сол кезде 3 млн-ға жуық адам кірді. Ал биыл 9 айда 1,6 млн адам келді. Алайда Ресей билігінің таяудағы шешімдерінен кейін өткен аптадан бастап Ресейден эммигранттар ағыны көптеген бағытта, оның ішінде Қазақстанға да ұлғайды. Оның бәрін азаматтар әлеуметтік желілерден көріп жүр», - дейді ол.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5286