Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3353 3 пікір 26 Қыркүйек, 2022 сағат 17:07

Қайрат Сатыбалдыұлы 6 жылға сотталды

Экс-президенттің немере інісі Қайрат Сатыбалдыұлы Астана қаласының Байқоңыр аудандық №2 сотының судьясы Нұрлан Баяхметовтың үкімімен 6 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Сатыбалдыұлының мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте, сотта, Ұлттық банкте, мемлекеттің үлесі 50 пайыздық кәсіпорындарда 10 жыл мерзімге жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сатыбалдыұлы жазасын орташа түзеу мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, оны Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал - майоры, "Құрмет" және "Парасат" мемлекеттік награда-ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізіледі.

Бұдан бұрын Қайрат Сатыбалдыұлы кінәсін мойындап, «Қазақтелеком» АҚ және «КСО» АҚ-ға 12 млрд теңге және 28 млрд теңге шығынын өтегені белгілі болған.

Еске сала кетейік, Қайрат Сатыбалдыұлы биылғы наурызда ұсталған болатын. Оның үстінен «алдау жолымен мүліктік залал келтіру», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» баптарымен қылмыстық іс қозғалған. Одан бөлек ол «салықтан және кедендік төлемдерден жалтарды», «қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырды» деген күдікпен де тергеліп жатыр.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 893
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2317
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 596
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 581