Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5299 10 пікір 27 Қыркүйек, 2022 сағат 21:48

Бірлік пен ынтымақ өрге бастайды

Әлем тынышсыз. Бүгінгі болып жатқан жаңалық кешке ескіріп қалып жатыр. Дүние осылай қырық құбылып жатқан кезеңде елдің тыныштығын, бірлігін  қамтамассыз ететін және елі мен халқына дүркін-дүркін өзінің жаңа жобаларымен, саяси-экономикалық бағыт-бағдардағы Жолдауымен шығып отырған Қазақстан Президентінің  халық талқысына салып, сол арқылы қолдаған ұсыныстардың негізі бар.

Өйткені біз үшін қазір жеті жыл ма, әлде елдің тыныштығы мен іргесінің шайқалмауын қамтамасыз ететін үлкенді-кішілі экономикалық саяси фактор бола ма, қандай тұлға билік басына келеді, ол ел бағытының дамуын қалай алып жүреді деген сауалдардың бәрі маңызды. Бірақ осының бәрін Қасым-Жомарт Кемелұлы Қаңтар оқиғасынан бері халыққа ашық айтып келе жатыр. Енді оған принциптерін орындау үшін уақыт керек. Жеті жыл мерзімі кез келген президенттерге де жүреді. Сол аралықта елге өзінің ойын, мұратын, мүддесін жүзеге асыратын уақыт.

Бүгінгі біздің ақиқатқа оралсақ, мынау тынышсыз әлемде негізі шайқалмай, әлемге өзінің абырой беделімен, бір сөздігімен, бірбеткейлігімен танылған тұлғаға – бұл үлкен қолдау. Батыс пен шығыстағы, солтүстік пен оңтүстіктегі ғаламдық көзқарастар, сан-саққа жүгіріп отырған елдердің көзі мен көңілі үйренгенше, біз көп нәрседе кейінге кетіп қаламыз. Жолдауында айтқан бес бағытты экономикалық мақсатын жүзеге асыру үшін елдің тастүйін болып бірігуіне мүмкіндік беретін конституциялық өзгеріс те керек. Сайлаудың да өтуі қажет. Әлемнің бүкіл елімен тіл табысып, демократиялық жүйенің шын мағынасындағы қазақстандық үлгісі қалай болатынын дәлелдеген тұлғаның төңірегінде қазақстандықтар ұйысуы керек деп ойлаймын.

 

Нұрлан Оразалин

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282