Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 2397 0 пікір 28 Қыркүйек, 2022 сағат 15:55

Ерлан Қошанов: "Министрліктің дайын емес өкілдері болса, орындарына басқа адамдар келсін"

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов Үкімет мүшелеріне ескерту жасады.

Ерлан Қошанов ведомство өкілдері тек қағазда көрсетілген анықтамаларды оқумен ғана шектелетініне шүйлікті.

"Мен кейбір министрлік өкілдеріне ескертпе жасайын деп едім. Пленарлық отырысқа дайындалып келу керек. Қол астыларыңыздағы адамдардың жазып берген анықтамасын бұл жерде оқу қажет емес. Бұл сұрақтардың барлығы жұмыс тобының отырысында және комитеттің отырысында талқыланды. Ал бұл жерге келгенде сіздер оны бес саусақтай біліп тұруларыңыз керек. Мен Үкіметтің өкіліне де осы ескертуді айтамын, Премьер-министрге жеткізіңіз. Егер де осы жерде министрліктің дайын емес өкілдері болса, орындарына басқа адамдар келсін", - деп ескерту жасады Мәжіліс төрағасы.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053