Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2569 1 пікір 30 Қыркүйек, 2022 сағат 13:37

АҚШ елшілігі: "Ресейліктер пана сұрай алмайды"

Қазақстанға келген ресейліктер АҚШ-тан пана сұрап, Қазақстан аумағынан өтініш түсіре алмайды. АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының баспасөз қызметі осылай дейді. Бұл туралы Азаттыққа сілтеме жасап Abai.kz хабарлайды. 

Дипломатиялық миссия өкілдері көрші елде жарияланған мобилизацияға байланысты Қазақстанға ресейліктердің ағылып келуінен хабардар екенін атап өтеді.

"АҚШ-тың Астанадағы елшілігі мен Алматыдағы бас консулдығының пана немесе босқын мәртебесіне байланысты өтініштерді қабылдауға өкілеті жоқ. Пана іздеушілер АҚШ-та жүріп өтініш түсіре алады. Оларда АҚШ азаматтығы болмауы тиіс" деп жазылған АҚШ дипломатиялық миссиясының хабарламасында.

Пана беру туралы өтініштерді АҚШ азаматтық және иммиграция қызметі қарайды. Сәйкесінше дипмиссия пана іздеушілерге соларға жүгінуге кеңес береді.

АҚШ-тың босқындарды қабылдау бағдарламасы БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттік және әріптес үкіметтік емес ұйымдармен бірігіп жұмыс істейді.

Дипмиссия сонымен бірге Қазақстанның "көші-қон саясаты мен шетел азаматтарының Қазақстанға кіруі бойынша кез келген мәселе" бойынша қазақ үкіметіне қайырылуға кеңес берді.

Жуырда Ақ үй өкілдері мобилизациядан қашқан ресейліктер АҚШ-тан пана сұрай алады деп мәлімдеген.

21 қыркүйекте Ресей президенті Путин елде мобилизация жариялаған соң ондаған мың ресейлік елден қашқан. Ресейліктердің көбі қазір Қазақстан, Грузия және Орталық Азия елдеріне кетіп жатыр. Қазақстан ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 21-26 қыркүйек аралығында елге 100 мың Ресей азаматы кірген, 65 пайызы шығып кеткен.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036