Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
2546 74 пікір 10 Қазан, 2022 сағат 13:47

Ертең президенттікке кандидаттар ұсыну тоқтайды

20 қарашада Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Президент сайлауына кандидаттар ұсыну 23 қыркүйекте басталды. Кандидаттарды ұсыну науқаны 11 қазан, кешкі сағат 6-ға дейін созылады. Оларды республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынады. Ал әрбір үміткер 3 млн теңге жарна төлеуге міндетті.

Президент сайлауына үміткер ретінде ұсынылғандар:

Жигули Дайрабаев – «Ауыл» партиясы атынан;

Нұрлан Әуесбаев - Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан;

Мейрам Қажыкен – «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы бірлестігі атынан;

Қасым-Жомарт Тоқаев - Халықтық коалиция атынан;

Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер ұлттық альянсы» бірлестігі атынан.

Ал, президенттікке кандидат ретінде ұсынылған Нұржан Әлтаевтың құжаттары бұрмалану фактісіне тексеріліп жатыр.

 

Abai.kz

74 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 484
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1772
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 449
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 425