Сенбі, 28 Қаңтар 2023
Жаңалықтар 7308 0 пікір 12 Қыркүйек, 2022 сағат 17:01

Жаңа рейтинг: Қазақ әскері қай орында тұр?

Ресей әскерінің Украинаға ашық соғыс ашуы көптеген елдерді қорғаныс саласына қайта қарауға мәжбүр етті. Әлемдегі геосаяси ахуал нашарлап, мемлекеттер қайта милитаристік көзқарасты ұстануға көшкендей. Осы ретте қай ел күшті, қай ел әлсіз деген сұрақ туындауда. Қазақстан халқын да бұл сұрақ ойландырып, толғандыруда.

Қазақстан армиясының саны мен қорғаныс бюджетінің көлемі бойынша Орталық Азияда көш бастап тұр. Қазақстан әскери қуаты бойынша елдердің рейтингінде 142-нің ішінде 64-орынға тұрақтады. Мысалы рейтингті анықтау кезінде, армияны қаржыландыру деңгейіне, елдің географиялық орналасуына, қарулы күштерді орналастыру мүмкіндігіне, соғыс жағдайында әскерді мобилизаицялау мүмкіндігі мен санына, қаржылай мүмкіндікке, идеологияға және тағы басқа 50 факторлық көрсеткішке көңіл бөлінген. Алайда ядролық қарудың болуы рейтингте ескерілмеді.

Алғашқы үш орынға АҚШ, Ресей және Қытай ие болды, ал Бутан 141-орын алса, Исландия рейтингті жапты. Украина 22-ші, Өзбекстан 55-ші, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан 83, 90 және 111-орындарда тұр. Сонымен қатар, Қазақстанның қорғаныс бюджеті Өзбекстаннан 5,6 есе жоғары және 3,9 миллиард долларды құрайды. Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстанның әскери бюджеттері 407 миллион, 116 миллион және 90 миллион долларды құрайды. Қазақстан Орталық Азиядағы ең көп армияға ие – 77 мың адам. Өзбекстанда 65 мың, Түркіменстанда 35 мың, Қырғызстанда 22 мың, Тәжікстанда 15 мың әскери қызметкер бар.

Аймақ елдерінің әскери-теңіз күштері тек Каспий теңізінде Қазақстан мен Түркіменстанда, қалғандарына теңіз күштері қажет емес, себебі теңіз жоқ. Екі елде де әскери флот патрульдік кемелерден тұрады, оның ішінде Қазақстанда 15, оның ішінде екі минаға қарсы кеме бар болса, Түркіменстанда 25 кеме бар.

Құрлықтағы әскери техникалардың саны бойынша да Түрікменстан көш бастап тұр – 3400, бұл Қазақстаннан 23%-ға, Өзбекстаннан 44%-ға артық. Түркіменстан сонымен қатар салыстырмалы түрде ең үлкен броньды техника паркіне ие (әскери көліктердің 60% сол түрге жатады).

Өз кезегінде Қазақстан әскери авиацияда көшбасшы болып табылады. Қазақ пен өзбек әскерлері тікұшақтармен, шабуылдаушы ұшақтармен, жойғыш ұшақтармен қаруланған. Қырғызстан мен Түркіменстанда әскери авиацияның соңғы екі түрі жоқ, ал Қырғызстан әуе күштерінде небәрі алты тікұшақ бар. Бұл өте аз саналады.

Рейтинг әрине маңызды. Бұл кем-кетігіңді түзеп, алға жылжу қажеттігін нақты көрсететін көріністі қалыптастырады. Алайда рейтинг әскердің жағдайын нақты сипаттамайды. Рейтингті жасақтау сәтінде көптеген мемлекеттер саяси қулыққа басады. Бірі қару деңгейін азайтып көрсетсе, енді бірі ұлғайтып көрсетеді. Әскери бюджет пен әскер санына да қатысты дәл солай. Әскердің шынайы келбетін соғыс жағдайы ғана көрсете алады. Мысалы рейтингте 2 орында тұрған Ресей әскері, рейтингте 22 орында тұрған әскерді ұрыс даласында тізе бүктіре алмай, қиындықтар көруде. Бұл рейтингтің айтарлықтай маңызды еместігін көрсетеді.

Қазақстан әскері әскери бюджеттің көптігіне байланысты айтарлықтай жетістіктерге жете алады дейді мамандар. Атап айтқанда ұрыс жағдайында жаңа қару сатып алу мүмкіндігінің болуы, Қазақстан билігінің әлемнің бірқатар елдерімен қорғаныс саласында келісім жасай алуы, қазақ сарбаздарын өзге елдерге оқыту және тәжірибе алмасуға жіберу мүмкіндігінің болуы, халықаралық дәрежеде имиджінің жоғары болуы және дипломатиялық беделге ие блолу. Осы артықшылықтар Қазақстан әскерін қуатты ете түседі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Анық-қанығы

Жақиянов: Маған ашық жала жабуға кірісті...

Ғалымжан Жақиянов 3121
Адасқандар

Мобилизация: Келімсектердің сенері - «дядя Вова!»

Жайберген Болатов 2236
Айқай

Елде ұлттық идеология өте әлсіз...

Бейсенғазы Ұлықбек 1907