Сенбі, 23 Қараша 2024
1625 0 пікір 19 Қазан, 2022 сағат 13:20

Өңірлердегі кіріс көлемі 6,1 трлн теңгеге дейін артады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2023 - 2025 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобасы мақұлданды.

Аталған заң жобасы әкімшілік-аумақтық құрылымды және үш жаңа облысты қайта құру жағдайында әзірленді.

«Тәсілдердің бірінші бағыты өңірлердің дербестігін одан әрі арттыруға бағытталған. Былтыр Үкімет жергілікті бюджеттердің кірістерін болжау әдіснамасын жетілдіру бойынша бірқатар жұмыс атқарды. Парламент депутаттары мен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша өңірлердің салық әлеуеті есепке алынды. Сонымен қатар, Үкімет шағын және орта бизнестен корпоративтік табыс салығын берудің оң тәжірибесін ескере отырып, осы үш жылдық кезеңде де жергілікті бюджеттердің кіріс базасын нығайту бойынша тәжірибені жалғастырды. Бұл ретте, заң жобасында бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысының орта есеппен 25 пайызға өсуімен, сондай-ақ жекелеген түсімдерді жергілікті деңгейге 300 млрд теңге көлемінде беруге байланысты қосымша түсімдер ескерілді», - деді ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.

Оның айтуынша, болжам бойынша өңірлердің кірістері 2022 жылы 4,7 трлн теңгеден 2025 жылы 6,1 трлн теңгеге дейін немесе 30 пайызға артып, 2025 жылға өзіндік кірістер үлесінің 47 пайызға дейін өсуін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, министр Мемлекет басшысының бюджеттік жоспарлауды жеңілдету жөніндегі тапсырмасын іске асыру үшін бюджетаралық трансферттерді қысқарту бойынша жұмыс басталғанын айтты.

«Базалық қызметтердің тең қол жетімді болуын қамтамасыз етуге қатысты бюджетаралық қатынастардың негізгі қағидатын іске асыру мақсатында өңірлердің ерекшеліктерін есепке алу бойынша тәсілдер қолданылды. Бұл ретте өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жай-күйі арасындағы айырмашылықтарды дәлелдейтін және жергілікті бюджеттердің шығыстарын объективті есепке алуға мүмкіндік беретін салалық коэффициенттер жаңартылды. Бұл жоспарлы кезеңде олардың бюджеттік қамтамасыз етілуін теңестіру үшін өңірлердің ағымдағы шығындарының болжамын орта есеппен 1,1 трлн теңгеге немесе 23 пайызға арттыруға мүмкіндік берді» - деді ведомство басшысы.

Тиісті тәсілдерді ескере отырып, заң жобасында үш донор өңір – Астана және Алматы қалалары, Атырау облысы белгіленді. Олар бойынша бюджетке алынатын қаражат мына көлемдерде айқындалған:

2023 жылы – 426 млрд теңге;

2024 жылы – 465 млрд теңге;

2025 жылы – 498 млрд теңге.

«Қалған 17 өңір бойынша бюджеттік субвенциялар көлемі 2023 жылы 5 трлн теңге, 2024 жылы 5,3 трлн теңге, 2025 жылы 5,8 трлн теңге болады. Заңды уақтылы қабылдау жергілікті тұрғындарды кепілдендірілген мемлекеттік қызметтермен және әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз етуге арналған жергілікті бюджеттердің жоспарлы кезеңдегі теңгерімділігін сақтауға мүмкіндік береді», - деді Ә.Қуантыров.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435