Жұма, 22 Қараша 2024
2189 3 пікір 28 Қазан, 2022 сағат 17:26

Елжан Біртановқа қатысты сот үкімі шықты

Бүгін № 2 Сарыарқа аудандық соты экс-министр Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевтің ісі бойынша үкім шығарды.

Елжан Біртанов әуе санавиациясын жеке мақсатта пайдалану ісі бойынша ақталды. Бірақ билікті асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды.

«Біртанов Елжан мен Әбішев Олжас Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігінің 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, осы бап бойынша Біртановқа бес жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды»,—деді судья Ибрагим Әлкенов.

Ал, бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, судья Біртанов пен Әбішевтен 1,1 млрд теңге, сондай-ақ мемлекет кірісіне 20 млн теңгеден мемлекеттік бажды өндіріп алуды ұйғарды. Сонымен қатар, сот оларды мемлекеттік қызметте өмір бойы қызмет ету құқығынан айырды.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1458
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282