Сәрсенбі, 9 Сәуір 2025
1598 0 пікір 31 Қазан, 2022 сағат 12:50

Үндістанда аспалы көпір құлап, 132 адам қаза тапты

Үндістанда жаяу жүргіншілерге арналған көпір құлап, 132 адам мерт болды. Су үстіндегі аспалы көпір опырылып, өзенге батып кеткен адамдар сан жүзден асады.

Оқиға елдің батысындағы Гуджарат штатында болған. Көпір екі жыл бойы жабық тұрып, екі күн бұрын ғана қайта пайдалануға берілгенін жазады, жергілікті ақпарат құралдары.

Апат кезінде көпір үстінде 400-ге жуық адам жүрген. Үндістандағы туристік меккеннің бірі болып саналатын аспалы көпір көпшіліктің салмағын көтере алмай, құлаған. Құтқарушылардың мәлімдеуінше, опат болғандар бұдан да көп болуы мүмкін.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1679
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4436
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3418