Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3119 0 пікір 11 Ақпан, 2013 сағат 06:25

Абай Тұрсынов. Ташкент үшін талас

Осы уақытқа шейін ешкім сөз етпей, қозғаусыз жатқан төмендегі дәйек деректерде қандайда бір ұлттың, мүддесіне қайшы келердей ештеңе жоғын алдын ала еске саламыз. Және бұл жерде баяндалатын оқиғалар қасаң тарихи мәлімет пен жазба фактілерге жүгінуден алыстау. Соған карамай, аумалы-төкпелі заманда қызу айтыс-тартыстың ортасында болып, жәй-күйді көзбен көріп, куә болғандардан естіп-білгендерімді кейінгі ұрпаққа аманат ретінде айтуға құмбылмын.

Өткен ғасырдың 17 жылында қазан төңкерісі болып, кеңес өкіметі орнағаны аян. Миллиондаған адамдардың қаны төгіліп, шыбын жандарын қиған аталмыш төңкерістен кейін қуыршақ ретінде көптеген дербес республикалар өз алдарына шаңырақ көтеріп, біртұтас кеңес өкіметінің қарауына бірікті. Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстанның оңтүстік аймақтары Түркістан автономиясына топтасып, біраз жыл Ташкент қаласынан басқарылды. Анығырақ айтқанда, бұл әкімшілік орталыққа Қазақстанның оңтүстік облыстары еніп, қалған (ұлан-байтақ) бөлігі өз алдына жеке автономиялық республика делінді. Астана ретінде (кейін Ресей құрамына өткен) қазақтардың ежелгі мекендерінің бірі - Орынбор қаласы белгіленді. (Орынбор облысы қазақ жері болмаса, Орынбордың астана болуы мүмкін еместігі айтпаса да аян).

Осы уақытқа шейін ешкім сөз етпей, қозғаусыз жатқан төмендегі дәйек деректерде қандайда бір ұлттың, мүддесіне қайшы келердей ештеңе жоғын алдын ала еске саламыз. Және бұл жерде баяндалатын оқиғалар қасаң тарихи мәлімет пен жазба фактілерге жүгінуден алыстау. Соған карамай, аумалы-төкпелі заманда қызу айтыс-тартыстың ортасында болып, жәй-күйді көзбен көріп, куә болғандардан естіп-білгендерімді кейінгі ұрпаққа аманат ретінде айтуға құмбылмын.

Өткен ғасырдың 17 жылында қазан төңкерісі болып, кеңес өкіметі орнағаны аян. Миллиондаған адамдардың қаны төгіліп, шыбын жандарын қиған аталмыш төңкерістен кейін қуыршақ ретінде көптеген дербес республикалар өз алдарына шаңырақ көтеріп, біртұтас кеңес өкіметінің қарауына бірікті. Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Қазақстанның оңтүстік аймақтары Түркістан автономиясына топтасып, біраз жыл Ташкент қаласынан басқарылды. Анығырақ айтқанда, бұл әкімшілік орталыққа Қазақстанның оңтүстік облыстары еніп, қалған (ұлан-байтақ) бөлігі өз алдына жеке автономиялық республика делінді. Астана ретінде (кейін Ресей құрамына өткен) қазақтардың ежелгі мекендерінің бірі - Орынбор қаласы белгіленді. (Орынбор облысы қазақ жері болмаса, Орынбордың астана болуы мүмкін еместігі айтпаса да аян).

Түркістан өлкесінің астанасы - Ташкент қаласында қазақтардың әдеби, мәдени, оқу-ағарту салаларында ықпалы мол болды. Өлке басшыларының дені қазақтар еді (Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов, Тұрар Рысқұлов т.б.). Жоғары және орта дәрежелі оқу орындарының көбінде қазақ тілінде дәріс жүріп, газет-журналдар шығып тұрды. Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мұхтар Әуезовтей тұлғалар осында жемісті қызмет атқарды. Қысқасы, сол кездегі Ташкент қаласын қазақтың мәдени орталығы деуге толық негіз бар-тын. Оның үстіне, қаланы қоршаған айнала төңіректегі халықтың басым бөлігі қазақтар болғандықтан, Ташкент қаласы ресми түрде өзбектерге қарамайтын (олай деп ешкім ойламайтын). Рас, қаладағы өзбектер сан жағынан қазақтардан молдау еді. Алайда, бәрібір қазақ өкілдерінің иелігіндегі кәсіпорын, зауыт-фабрика, ірі сауда мекемелері аз емес-ті. Солардың ішінде Жамал Омарованың әкесі Омардың бір өзінде қаншама табыс көздері болғаны басқа болмаса да жақын туыстары бізге бес саусақтай белгілі-тін (Омар кейін қаладағы бір дүкен мен бау-бақшаға бөленген салтанатты тұрғын үйінен басқасын өз еркімен мемлекет қарауына өткізіп жіберді, бірақ оған қарамай, 1937 жылы халық жауы ретінде репрессия пышағынан аман қалған жоқ).
Арадан бес-алты жыл өтер-өтпесте Түркістан өлкесі тарап, қырғыз өз алдына, өзбек өз алдына республикаға айналып, қырғыздың астанасы - Фрунзе, өзбектің астанасы - Самарқан қаласы болды. Тәжік пен түркімен республикалары (Өзбекстанға қарамайтын) Бұқар автономиялық республикасы құрамына кірді.

Міне, осы шақта аяқастынан Ташкент қаласын өзбектердің астанасы ету жөнінде әңгіме көтеріліп, оны бүкілхалықтық референдум өткізу арқылы шешу қолға алынды.
Ташкент үшін талас-тартыс басталды. Оны қолдан шығармау үшін қазақ, өзбек, сарт (өзбек емес) - үш халықтың өкілдері шайқасты. Басы-қасында кейін РСФСР Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары болған Тұрар Рысқұлов, сондай-ақ кейін Өзбекстан Министрлер Кеңесінің төрағасы болған (ұлты қазақ) Сұлтан Сегізбаев және өзін сарт деп санайтын Акмал Икрамов тұрды. Алғашқы екі топтың басшысы қазақ пен өзбектен болса, Ташкент үшін тайталасқан сарттардың жөні мүлде басқа-тын. Орыстардың мещандары сияқты, өздерін өзбек деуге арланатын сарттар Ташкентті иеленіп, сол арқылы бүкіл Өзбекстанға билік жүргізгісі келді. Сарт атанудың үш шарты: қаланың көрнекті жерінде салиқалы мекенжайы, мол табыс әкелетін сауда дүкені немесе кәсіпорны болуы, міндетті түрде өзбек тілінде сөйлеуі еді. Осы үшеуіне ие адам ғана сарт делінді. Және олар өздерін махалла шайханаларында басқа жұртқа ақыл айтып, көсемсуге тиіспіз деп санады.

Ал дала қазақтары ауыл-ауылды аралап, ұсақ сауда-саттықпен айналысатын, тұрмысқа қажетті заттарды қымбат бағаға сатып, көп алып, аз беретін өзбектерді де сартқа балап, оларды көргенде кірпідей жиырылатын, жақтырмайтын, жалпы «сарт» деген сөз қазақтарға ұнамайтын. Олардан сақтанатын, күдік-күмәнмен қарайтын. Бір қызығы, қазақтардың ішінде де сарт атанған сабаздар болды.

Бір мысал. Анамның әжесінің туған інісі Мангелді Ташкенттің сабан базарын басқарып, қаланың атақты сартының (саудагер) қызына үйленген-ді. Ауылдастары оны «Мангелді сарт боп кетті» деп әжуалайтын. Сондықтан да барша тума-туыс онымен ат құйрығын кесіп, үйіне ешкім бармайтын, өзін де, бала-шағасын да келтірмейтін. Аштық белең алған жылдарда да одан ешкім жәрдем күтіп, қол жайып барған емес. Мангелдімен тек менің әкем Әбдірахман ғана жылы қарым-қатынас жасап, үйге келсе құшақ жая қарсы алатын. Анамның салқын қабақ көрсетуіне қарамай, екеуі оңаша бөлмеде ың-шыңсыз арақ ішіп, таң атқанша әңгіме-дүкен құратын. Әкем қазақтың ескі әдет-ғұрпына пысқырмайтын, содан ба, әлде бөтелкелес болғандықтан ба, әйтеуір, Мангелдіні бір кісідей құрметтейтін. Бір жолы ішімдікке қатты қызған Мангелді «мә, ал» деп бір уыс ақша тықпалағанда, әкемнің оны шашып жібергенін көзім көрген. Сол себепті, әкемді Мангелдінің ақшасына қызықты деп алмаймын.

Өңі жирен, сап-сары, көк көзді Мангелді ұзын бойлы, толық денелі адам еді. Үйге жиі келетін. Анам ол отырған жерге аяқ басқысы келмейтіндіктен, әкем екеуіне шай-суды мен беретінмін. Мангелді келген сайын әкем маған: «Көрдің бе, міне, Мангелді тағаң (нағашы дегені) келді. Бұл - Мангелді емес, анаңның әкесі Жүніс атаң», - дейтін. «Сарт боп жүргені уақытша нәрсе, қазақтар босқа жазғырады, түбі қазақ болған соң бітті, ешқайда кетпейді», - дейтін. Бұл сөзге мәз болатыным сонша, ынты-шынтыммен қызмет көрсетемін. Тамақтарын беріп, шайларын қайта-қайта ысытып, зыр жүгіремін.

Бір жолы Мангелді біздің үйге ұзын бойлы, аяқ-басы келісті, жасы біразға барған тұңғыш қызын ертіп келді. Қызы да әкесі сияқты, өңі де, шаф да сап-сары, көзі көк, Фрунзе қаласында Шу аңғарындағы жергілікті шикізаттан дәрі-дәрмек жасайтын комбинаттың бас инженері екен. Мұның сырын мен көп жылдар өткен соң түсіндім. «Сабан базардың қожасы» дегенді де кейін ұғындым. Салыстырып-саралап, талдау жасағанда, мұның бүгінгі нарықтық экономиканың көрінісі екеніне көзім жетті. Бір қызығы, кеңестік кезең тұсында сол Мангелді нағашының бір ұлы Өзбекстан Компартиясы орталық комитетінде байланыс және транспорт бөлімінің меңгерушісі, Байланыс министрі, КСРО Байланыс министрінің орынбасары секілді жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Өзін қазақпын дейтін. Бірақ елдегі жақын-жуық ағайын-туыстар бәрібір салқын қабақ көрсетіп, ешкіммен жақын араласқан жоқ. Сол бойы кетті. Қазір ойлаймын: ұтқан кім, ұтылған кім деп. Меніңше, Мангелді нағашым сарт болып, ештеңе бүлдірген де, біреу-міреудің ала жібін аттап, кісі ақысын жеген де емес. Бар жазығы қамсыз-мұңсыз ғұмыр кешу үшін баюдың жолын жақсы білгені, тынымсыз тыпырлағаны-ау деймін.

Сонымен, қазақтардың сол уақыттардағы ірі мәдени орталығы болған Ташкент үшін талас басталып, Тұрар Рысқұлов қазақтар, Сұлтан Сегізбаев (семейлік қазақ) өзбектер, Акмал Икрамов сарттардың көзін сөйлеп, үшеуі үш жаққа тартты. Сан жағынан басым қазақтарда Ташкентті қолдан шығармау үшін мүмкіндік мол еді. Сондықтан, олар көп алаңдамай, нақты жағдайға онша назар аудармады. Нақты жағдай былай-тын. Сұрхандария уәлаятынан Ташкент аңғарына қоныс аударған қырғыз, қазақ тайпаларының көбі өздерін өзбекпіз деп, соларға қосылды. Сарттар да өзбекке косылғысы келді. Өркөкіректеу Сұлтан Сегізбаев: «Біз сендермен ешқашан бірікпейміз», - деп кеудемсоқтық танытқанмен, сарттар құпия түрде шарт жасасып, олар да өзбекке қосылды. Сарттар: «Бұдан былай біз өзімізді ешқашан сарт демей, өзбекпіз дейміз, сарт дегенді ауызға алмаймыз», - деп ант-су ішті. Сөйтіп, өзбектер сан жағынан көбейді. Референдумда жеңіп шықты. Қазақтар мұның бәрін кеш түсініп, сан соғып қалды. Өзбекстан астанасы Ташкент деп жария-ланып, Самарқаннан жедел түрде сонда ауысты.

Ойланбастан опық жеп, қолын кеш сермеген қазақтар үшін бұл ұлттық трагедия іспетті болды: олар суармалы, құнарлы жерлерден айырылды, сауда жолдарының маңызды жүйелері қолдан шықты. Мұның бәрі оңтүстік өңірде «Алашорда» партиясының күйреуі, «халық жауларын» талқандау, 30-жылдардағы сталиндік геноцидтің бастамасы еді.

Енді осынау қапыда қалған қазақтардың басына түскен мұң-нала, өкініші мол, жүрек сыздатар ауыртпалықты сәл де болса жеңілдету ниетпен, сол күндерде Әбділдә Қажыбаевтың басынан өткен (әруақтар кешірсін) мына бір жағдайды айта кетейін.
Үнемі тауып сөйлейтін, сөзге шешен, ойы алғыр, күлдіргі, сайқымазақ Әбділдәні жұрт Әбділдә шайтан деп атайтын. Ол тіпті ортаазиялық клуб деуге болатын шайханалардағы өзбектермен сөз таластыру кезінде бас-көзге қаратпай, қашан да жеңіп шығатын. Өзбектерде ондай адамдарды «эскияшы» дейді. Ол көбінесе Абдолла Қадиримен (кейін өзбектің көрнекті жазушысы болған, «Муштум» сатиралық журналының тұңғыш редакторы) сөз сайыстыратын. Абдолла Қадиридың «Қамаудағы шаян» деген кітабын өзбек тілінде оқығанмын. Есіл азамат 1928 жылы «халық жауы» ретінде тұтқындалып, атылып кетгі.
Әбділдә Қажыбаев та қара жаяу емес, жаңа­дан ашылған қазақ театрының директоры, «Алғабас» газетінің редакторы-тын. Абдолла Қадиримен сөз жарысында екеуі алма-кезек жеңіп, бір-біріне оңайлықпен алдырмайтын. Оларды тыңдайтын қазақтар мен өзбектердің күлкіден езулері жиылмай, аңыз қылып айта жүретін.

Әне, сол Әбділдә бірде менің әкемнің туған інісі, үнемі жұптары жазылмайтын Құлтай көкем екеуі Шайхантаур көшесімен келе жатады. Үлкен бір шайхананың жанынан өте бергенде әлдекімнің: «Ей, Балтабай!» - дегенін естіп қалт тоқтайды. Балтабай дегені Әбділдә немесе қазақ дегені. Өзбектер қазақтарды атын біле тұрса да, Балтабай деп әжуалайды. Әбділдә әлгі дауыс шыққан жаққа жалт қарайды. Шайхананың алдында өзіне қарсы қарап тұрған Абдолла Қадири оған: «Ей, Балтабай, Тешебайды көрмедің бе?» - дейді. Шайханада отырғандар күтпеген жерден тұтанғалы тұрған сөз сайысына құлақ түріп, тым-тырыс бола қалады. Қазақтар да кез келген өзбекті әзіл ретінде өз атымен атамай, «Тешебай» дейді.
Әбділдә адас-аттасының әлгі сұрағына орай: «Тешебайды жаңа ғана көрдім, сенің үйіңнің есігінен ышқыр бауын байлауға шамасы келмей, асығып шығып келе жатыр екен», - деп жауап береді. Түпкі ой түсінікті (әйеліңнің жанынан шықты дегендей). Абдолла Қадири: «Ой, шешеңнің...» деп барып, іркіліп қалады. Өйткені, ол Әбділдәнің анасы өзбек екенін білетін.
Әбділдә да түсінді. Өйткені қазақ пен өзбектің әзілі қаншама өткір болғанымен, бәрібір жеңіл, зілсіз келетін. Екі жақ та «әзіл түбі - зіл» екенін, Әбділдә артық сөйлегенін іштей мойындады, ұқты, өкінді. Өзбек қанша әзілкеш болса да, әлгіндей әжуаны көтермейді, төзбейді.

Қанына карайған Әбділдәні да түсінуге болады. Қаншама байлық, мал-мүлік, бекзаттық, марапаттан айырылды, өз елім, өз жерім деп жүретін сенімнің күлі көкке ұшты. Бұл кезде жалғыз Әбділдә емес, сол төңіректегі миллионға жуық қазақтың жаны жабырқау-тын. Әлгі ауыр әзіл соларға жауап іспетті еді. Әйтсе де, Әбділдә бармақ шайнады. Анасы өзбек болса да, қазақтық қан басына шапты. Абдолла Қадириді жеңді, жерге қаратты. Шайханадағы үлкен-кішілер соған куә болды. Қазақ жеңді десті. Мұндай жеңістің Әбділдә көкеме көк тиындық құны жоқ еді. Бірақ болар іс болды. Айтылған сөз - атылған оқ.
Ох, шіркін, бұл өмірде не болмайды. Бәрі артта. Бәрі ұмытылады. Жоқ, ештеңе де ұмытылмайды, ұмытылуы тиіс емес. Онда мен бұл естелікті жазбаған болар едім. Айтыңыздаршы, бұлар да ел тарихының бір пұшпағы емес пе? Оқырман дұрыс түсінер деп сенемін. Дұрыс түсініңіздер, ағайындар.


Орысшадан аударған - Зәкір Асабаев

Адик Арманның Фейсбук парағынан алынды

ABAI.KZ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379