Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 1805 0 пікір 4 Қараша, 2025 сағат 12:19

М. Әуезовтың ғылыми кабинеті ҚР Ұлттық кітапханасында өз жұмысын жалғастыруда

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанындағы Мұхтар Әуезов ғылыми кабинетінің жабылуы туралы бірқатар БАҚ-та пайда болған ақпаратқа байланысты оның толыққанды жұмысын жалғастырып, оқырмандар мен зерттеушілерді штаттық режимде қабылдайтынын хабарлаймыз.

Мұхтар Әуезовтің ғылыми кабинеті ҚР Ұлттық кітапханасында қалыпты түрде қызмет көрсетіп, келушілерді қабылдауды жалғастырып жатыр және кітапхананың экскурсиялық маршрутына енгізілген.

Кабинеттің кітап қоры алдағы уақытта да толықтырылатын болады, сондай-ақ жазушының шығармашылығына арналған іс-шаралар тұрақты өткізіледі.

Еске сала кетейік, биылғы қазан айында «Алматы қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КМҚК-нің №4 кітапхана-филиалына Мұхтар Әуезовтің есімін беруге және онда жазушының мемориалдық кабинеті ашылуына байланысты, Мұрат Әуезовтің бірқатар жеке заттары мен кітаптары жазушының отбасынан осы филиалға берілді. Бұл қадам отбасы бастамасымен жүзеге асырылып, алматылықтар мен қала қонақтарының жазушы мұрасына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1268
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2812
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 918
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 866