ҚР-да қант импортына шектеу енгізілді
Алматы. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстанда 2010 жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімге қант импортына шектеу енгізілді. Бұл туралы сейсенбі күні ресми баспасөзде жарық көрген үкіметтің қаулысында айтылған.
Қаулыға сәйкес, қант импортының рұқсат етілген көлемі 54,4 мың тоннаны құрайды. Бұл көлем 24 компанияның арасында квоталанған. Ең үлкен квотаға екі кондитерлік фабрика - «Рахат» АҚ, «Баян-Сұлу» АҚ және «RG Brands Kazakhstan» ЖШС алды, олардың көлемдері тиісінше, 14,3, 8,2 және 6,9 мың тонна. Ең аз квотаға ие болғандар - «Бидай НАН ЛТД және Со» ЖШС, «Евразиан фудс» АҚ және «Евразиан фудс корпорейшн» АҚ, олардың көлемдері тиісінше, 68, 172 және 216 тонна.
Кедендік бақылау комитетіне «заңды тұлғалардың қантты осы қаулының қосымшасында көрсетілген көлемде әкелуін бақылау және тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі әр айдың 5-інде ауыл шаруашылық және индустрия және сауда министрліктеріне ел аумағына әкелінетін қант көлемі туралы ақпарат беру тапсырылды».
«Осы қаулының қосымшасында көрсетілген заңды тұлғалар әкелген қантты мақсатсыз пайдаланған жағдайда, ҚР үкіметіне бөлінген квотаны қайта қарау туралы ұсыныс енгізілсін», - деп атап көрсетілген үкімет қаулысында.
Қаулы 2009 жылдың 22 тамызында күшіне енеді.