Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 2589 4 пікір 5 Желтоқсан, 2022 сағат 14:34

Зәкең 20 мың қазақ отбасына тегін жер телімін үлестірді

1991 жылдан бастап ауылдардан босқан баспанасыз, жұмыссыз қазақ жастары, олардың отбасылары Алматыға қарай ағылды. Бос жатқан жерлерді басып алу да сол жылдары басталды. Сол кезде Алматының әкімі Заманбек Нұрқабілов ағамыз бос жатқан жерлерді басып алғандардың тізімін жасатты және жер басып алған қазақ жастарынан ешқандай «тіркеу» талап етпей, оларға 10 соттықтан жер телімін беру туралы шешім қабылдады.
Сол жылдары біз Алматы маңындағы «Шаңырақ-1, 2, 3, 4», «Алтын бесік», «Думан», «Таугүл» сынды ықшам аудандарының ашылуына ықпал жасадық. Менің есімде қалғаны – Зәкеңнің арқасында шамамен 20 мың отбасына жер телімдерін тегін үлестіріп, заңдастырып берілді. Сол жылдары жер сұраған бір де бір қазақ жасы жерсіз қалған жоқ. Осы арада бір баса айтатын мәселе – Заманбек Нұрқаділов ол жер телімдерін тегін үлестірді.

Оны айтасыз, Алматы қаласының орталығынан босап қалған пәтерлерді тек баспанасыз қазақ отбасыларына үлестіруге тырысты. Оған бір дәлел – Гагарин мен Жандосов көшелерінің қилысындағы жер сілкіну сынағын өткізетін 5 қабатты тұрғын үйді тұтастай баспанасыз қазақ отбасыларына бергенінің өзі көзсіз ерлікпен пара-пар еді!

Жұмаш Кенебай

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333