Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2181 0 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 14:04

Алматыда 524 сауда нысаны заңсыз жұмыс істеп тұр

Алматы әкімдігі стационарлық емес сауда нысандарын орнату мен пайдалану жөніндегі жаңа ережелерді бекітті. Бұл туралы қала басшысы Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты.

«Қалада барлығы заң аясында жұмыс істеуі керек. Бұл – өзара сыйластықтың мәселесі. Әркім өз міндетін орындауы тиіс. Біз стационарлық емес сауда нысандарын орнату және пайдалану жөніндегі жаңа ережелерді қалалық мәслихатқа ұсындық. Себебі, қалада заңдастырылмаған 524 сауда нысаны бар. Олардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін бірде-бір рұқсат қағазы жоқ», - деді Ерболат Досаев.

«Қала табысының 4-тен 3-бөлігі шағын және орта бизнестен келеді. Сондықтан барлығы заң аясында реттелуі керек. Мен бұл мәселемен жеке айналысуға дайынмын», - деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.

Abai.kz
0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1341
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2915
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 993
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 926