Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3220 0 пікір 4 Наурыз, 2013 сағат 11:16

Серік СЕЙДУМАНОВ: АЛМАТЫ 10-15 ЖЫЛДАН КЕЙІН ЕСКІ АТАУЫН ҚАЙТА АЛАТЫН ШЫҒАР

Алматы қаласы әкімінің орынба­сары болып ұзақ жылдар қызмет ат­қар­ған Серік Сейдуманов сәрсенбіде Мә­жіліс депутаты болып тағайындалды. «Алматыға Алма-Ата атауын қайтару  керек» деген әйгілі бастамасымен жұрт­ты дүрліктірген Сейдумановтың ен­ді халық қалаулысы деген дардай аты бар. Мәжіліс депутаттарына Секеңді таныстырған спикер Н.Нығматулин оның жаңа қызметіне табыс тіледі.
С.Сейдуманов болса алғашқы оты­рысты заң жобаларын көппен бірге қолдап, үнсіз өткізді. Сәрсенбідегі оты­рыстан соң тілшілермен тілдескен су жаңа депутат  «Депутат болуға ұсы­ныс­ты кім жасады? Әлде бұрынғы қыз­метіңізде мойныңызға қыруар жұмыс артылған соң Алматыдан шаршадыңыз ба?» деген сауалға: «Партия депутаттарды тізімге үміткер ретінде тіркеп, ұсынады. Мәжілісмен Мұрат Әбенов басқа жұмысқа ауысқан соң оның орнына бару туралы ұсыныс жасағанда бірден келістім. Мәжіліс отырысына алғаш рет қатысуым жұмыс істеп жүр­ген қалыптағыдай қалыпта өтті», - деп ағынан жарылды. 

Енді депутат Серік Сейдуманов Мәжілісте үнсіз жүрмей, біраз мәселені көтермек екенін де айта кетті. Өзінің айтуынша, қандай да өзекті мәселе туындаса соны міндетті түрде ескеріп отырады екен. Ал атышулы Алматы қаласын Алма-Ата деп атау туралы сауалға «Алматыға ерекше мәртебе беру туралы мәселені сіздер білесіздер. Сол туралы кезінде біз заң дайындағанымызбен  ол  өтпей  қалған болатын. Алда соны қайтадан көтерсем деген ойым бар. Алматы қала­сының қазіргі атауы қалыптасып қалған­дықтан бұрынғы атауы туралы мәселе көтеріліп жатқан жоқ, әзірге. Бірақ бұ­рын­дары орыс және ағылшын тілінде Алма-Ата деп аталған. Солай атау туралы мәселені келешекте көре жатармыз. Менің ойымша Алматы 10-15 жылдан кейін ескі атауын алатын  шығар»  деп түп­­кі ойынан әлі айнымағанын аңғартты. Кіші Палатаның табалдырығын алғаш аттаған Алматының экс-вице-мэрі талай жылдар бойы қоныстанған қала­сына деген сағынышы барын жасырған жоқ. «Алматыға деген сағыныш бар. Се­бебі Алматы біздің сүйікті қаламыз ғой. Жол­дың түсуіне байланысты жиі  барып  тұ­руға тырысамын», - дейді ол.

Ж.ҚАРЖАН

"Халық сөзі" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347